^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 19 қаңтар 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі Жаңа Зеландия Елшісімен кездесті
31 қазан 2018

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Жаңа Зеландия Елшісі Ян Хиллмен кездесті. Кездесу барысында тараптар сауда-кономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Дипломатиялық миссия басшысы ЕАЭС, ҚХР мен Орта Азия нарығына жол ашып отырған қаланың көлік-логистикалық әлеуетін жоғары бағалады. Ол өзінің сөзінде географиялық қашықтыққа қарамастан тараптардың өзара ынтымақтастықты қалыптастыруға мүмкіндіктердің зор екенін атап өтті.

Қазіргі кезде Алматыда заманауи «ақылды» технологияларды енгізуге, «жасыл» экономика инновациясын дамытуға ерекше мән берілген. Өз кезегінде Жаңа Зеландия елдегі энергияның 85 пайызын қамтитын энергия көздерінің технологиясын белсенді түрде алға жылжытуда.

Бұлардан өзге,стартап-компаниялардың қолдауы арқасында Жаңа Зеландия жаңа технологияларды шығарудың үшінші ірі экспорттық статьясына айналған әрі Бүкіләлемдік «Doing Business» банкінің рейтингі бойынша бизнесті жеңіл жүргізудің көшбасшысы, ал Қазақстан мұнда 36 орынды иеленген.

«Алматы - сұлу және ерекше қала, туризмді дамытудағы мүмкіндігі жоғары. Қала орталығынан таушаңғысы курортына небәрі 20-30 минутта жетуге болатыны таңданарлық. Мен туризмге маманданған жаңазеландиялық компаниялардың мұндағы ашық әлеуеттерге қызығатынына сенімдімін. Жаңа Зеландия жоғары технологиялы IT-қызметтерді сыртқа шығарады, бұл салада біз өзара жемісті байланысты жүзеге асыра аламыз», - деп атап өтті Ян Хилл.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда газбен жүретін 200 жаңа автобус сатып алынады »»
18 қаңтар 2019 - 13:32
Мұндай хабарландыру мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған. Техникалық сипатына орай, автобустардың сыйымдылығы үлкен, едендері төмен, кондиционерлермен, видео бақылау камераларымен, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандустармен жабдықталуы және Евро-5 экологиялық стандартына сай болуы тиіс. Жалпы, қалада көлікті реформалау аясында 2018 жылы түрлі бағыттар бойынша 479 жаңа автобустар жүре бастады.BRT желісіндегі аялдамаларда алғашқы электронды таблолар пайда болды, оларда қоғамдық көліктің нөмірі, б...
Алматыда төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Есентай өзенінің арналары бекітілуде »»
15 қаңтар 2019 - 15:54
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Әл-Фараби даңғылының оңтүстігіне қарай орналасқан Есентай өзенінің арналарын бекіту жұмыстарының қарқынын тексерді. Өйткені, жазда өзен жағалауындағы тротуарларды, спорт алаңдарын абаттандыру және жарық желілерін жүргізу басталады. 4000 ағаш отырғызу жоспарланған. Қазіргі кезде ұзындығы 1,8 км болатын аумаққа тірек қабырғаларын орнату, өзен түбіне темірбетон төсеу және техникалық жолдарды абаттандыру жұмыстарының 65% орындалды. Атқарылған шаралар учаскеде ...
Алматыда полицияның алғашқы фронт-офистері ашылды »»
11 қаңтар 2019 - 14:43
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қылмыстық-түзету мекемелері мен аудандық полиция басқармалары жанынан ашылған сервистік бағыттағы алғашқы фронт-офистерді аралап көрді. Сонымен, Красногорск көшесіндегі қылмыстық-түзету мекемесі жанында алғашқы фронт-офис пайда болды. Бұрындары жазаланушыға келген туыстары мен адвокаттар аталған мекеме алдында сағаттар бойы күтіп тұратын әрі дәретханаға бара алмайтын, күту залы мен жүк сақтау камералары болмайтын. Енді бірыңғай өткізу пункті болып табылаты...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13