^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 27 наурыз 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы мектептерінің директорларына ақша жинауға тиым салынғаны ескертілді
02 қараша 2018

Алматы әкімдігінде мектеп директорларымен кеңес өтті, онда білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Кездесуді ашқан Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев Мемлекет басшысының білім жүйесіне айрықша назар аударатынын, бұл мәселенің халыққа Жолдауында айқын көрініс тапқанын атап өтті. Білім саласын қаржыландыру жыл өткен сайын арта түсуде. Алматыда тек соңғы 5 жыл ішінде ғана білім саласын қаржыландыру 27 млрд. теңгеге өскен.

Алматыда мектеп жасына дейінгі және жалпы орта білім берудің сапасын күшейту мақсатында жыл аяғына дейін білім жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және PIZA, SAT, AST сынды халықаралық стандарттарға көшуде бірыңғай кәсіби талаптар енгізуге қатысты шаралар жоспары бекітіледі. Мемлекет басшысы тапсырмаларын орындау аясында елді мекендерді дамыту жоспарлары мектеп салу сызбаларымен үндеседі, соның арқасында жеке инвестициялар есебінен мектеп құрылыстарының қарқыны артатын болады.

Дегенмен, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің директоры Данияр Таумұрат өзінің сөзінде білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды белсенді түрде жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

«Қазірдің өзінде жұртшылық мектепті жөндеу, тазалау немесе басқа да шараларға ақша жинау фактілерінің орын алатыны туралы хабарлап жатады. Біз мұндай істерге ата-аналар шығынданбаулары тиіс деген сенімдеміз, өйткені барлық қажеттіліктер үшін бюджеттен жеткілікті қаржы бөлінеді. Сыбайластыққа қарсы күрестің ұтымды жолы – цифрландыру, мұнда мемлекеттік қызмет көрсету процессінде шешім қабылдау үшін адами фактор жойылады. Білім басқармасы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруда, өткен жылдан бастап «Алматы мектеп» бағдарламасы жұмыс істей бастады, биылғы жылы бала бақшаларға кезекке қою бағдарламасы қолға алынады», - деді Данияр Таумұрат.

Ол мектептерде ақша жинауға қатысты ақпараттардың барынша тексерілетінін, егер ондай келеңсіздіктер расталатын болса тиісті құқықтық баға берілетінін айтты. Ақша жинау фактілеріне кінәлі жандарға қатаң шаралар қолданылады, тіпті сыбайластыққа қарсы күрес заңнамасына сай қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

«Педагогтардың басты міндеті – балаларды оқыту мен тәрбиелеу. Қазіргі кезде ата-аналардан оқу орындарын жөндеуге, түрлі заттар алуға қатысты ақша жинауға еш негіз жоқ. Өкініштісі, кейбіреулер өздерінің мемлекеттік секторда қызмет ететінін ұмытып кететін сияқты. Мемлекеттік білім мекемелеріне тиесілінің барлығы – мемлекеттің меншігі, яғни салық төлеушілердікі», - деді қаланың Білім басқармасының басшысы Гүлнар Қожабергенова.

Ол өзінің сөзінде жыл сайын Білім басқармасы ақша жинауға жол бермеу мақсатында әр мектепке «Білім мекемелерінде ақша жинауға тиым салынғаны туралы» хат жіберілетінін, оны орындау қаладағы білім ұйымдарының бірінші басшыларына жүктелетінін айтты. Тек 2018 жылы 7 мектеп директорлары қызметтерінен босатылған.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматылық жастар астана атауын өзгертуге қолдау білдіруде »»
25 наурыз 2019 - 10:04
Алматыда Республика Сарайы алдында «Сәлем, Нұр-Сұлтан! Өсе бер, өркендей бер, Нұр-Сұлтан!» атты мыңдаған адамдық концерт өтті, бұл шараға астана атауын өзгертуге қолдау білдірген жастар қатысты, олардың арасында спортшылар Қанат Ислам, Ислам Байрамуков, отандық эстрада жұлдыздары Кәмшат Жолдыбаева, Кентал, Луина, Ринго, Азия, Бақай топтары және басқалары болды. Өз сөздерінде алматылық жастар Елбасының тарихи рөлін атап өтіп, еліміздің Тұңғыш Президенті, көшбасшысы, идеялық жетекшісі, архитекто...
Алматыда мыңдаған қалалықтар мен мегаполис қонақтары Наурыз мейрамын мерекелеуде »»
22 наурыз 2019 - 17:33
Алматыда Наурыз мейрамын мерекелеу кең ауқымда өтуде. Қаланың барлық сегіз аудандарында мерекелік шаралар қанат жайған, «Астана» алаңы, Жібек жолы мен Панфилов көшелері, Almaty Arena, Halyk Arena, «Сұңқар» шаңғы трамплині кешені, «Атакент» алдындағы алаң және басқалары халық көп жиналатын мерекелік тартылыс орындарына айналған. Қала тұрғындары мен қонақтарын шуақты мерекемен құттықтаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурыздың Қазақстанда достықты, өзара құрмет пен келісі...
Алматының Орталық саябағына Батырхан Шүкеновтың мүсіні қойылады »»
21 наурыз 2019 - 19:48
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде жаңарған Орталық мәдениет және демалыс саябағын аралап көрді. Бұрындары жаңа фонтандар, балалар мен спорт алаңдарын салуға басқарушы компания «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1,6 млрд. теңге жеке қаржыны инвестициялаған еді. Орталық саябақ директоры Владимир Калинин өзінің сөзінде жарық діңгектерінің, асфальтты төсеніштердің, тротуарлар плиткалаларының жаңарғанын, заманауи навигацияның орнатылғанын айтты. Бұрын көлік тұрағы болған саябақты...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13