^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 17 қаңтар 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда энергия жинақтайтын жарық шамдары 200 көшеге орнатылуда
19 желтоқсан 2018

Жайлы және қауіпсіз қала кеңістігін қалыптастыру мақсатында жарық көздерін жаңарту және мегаполистің айшықты ғимараттарына архитектуралық нұрландыру жұмыстарын жүргізу одан әрі жалғасуда.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында келер жылдан бастап 1375 км сыртқы жарық желісін немесе 45 мың шамдар мен 42 мың бағаналарды жаңарту жоспарланған. Қазірдің өзінде газбен зарядталған жарық көздері жаңа диодты шамдарға ауыстырылуда, қаланың барлық аудандарында 200-ден астам көшеге сыртқы жарықтың жаңа желісі тартылады.

Тек қайта жаңарған Абай, Абылай хан және Назарбаев даңғылдарында диодты шамдары бар 700-ден астам бағана ауыстырылды. Айта кетерлігі, жарық көздері қаланың орталығында ғана емес, екінші деңгейлі көшелерінде де қолға алынған. Мысалы, Алатау ауданының - 33, Әуезов ауданының - 64, Түрксіб ауданының -39, Бостандық ауданының - 12, Наурызбай ауданының - 8, Жетісу және Медеу аудандарының әрқайсысының 32 көшелерінің жарық желілері жаңарды.

Қайта жаңарған 1400 аулаларға да жаңа жарық көздері орнатылды. Келер жылы тағы 600 аула жарықтандырылады және абаттандырылады.

Еске салсақ, жаңа диодты шамдар энергияны үнемдейді, бұларда залалды заттар жоқ, мықты әрі жарықты жақсы береді. Диспетчерлік қызметтің жұмысын жандандыру, басқару жүйелерінде сөніп қалуды болдырмау әрі бір команда бойынша қалада жарықты бір мезгілде беріп, өшіретін бағдарлама жасалды.

Қаланың айшықты ғимараттарын жарықпен нұрландыру жалғасуда. Түнгі нұрландыру арқасында Қазақ-неміс университетінің нысаны ерекше көрінетін болды.

Бұрындары бірыңғай архитектуралық стильді қалыптастыру барысында қаланың 130-дан астам ғимарттары, нысандары, ландшафтары түнгі нұрға бөленді. Олардың арасында Республика Сарайы, Тәуелсіздік Монументі, Даңқ Мемориалы, Көктөбе телемұнарасы, Абай атындағы МАТОБ, Әуезов және Лермонтов театрлары, Қастеев музейі, Ықылас атындағы халық аспаптары мұражайы, Орталық мешіт, Свято-Вознесенск кафедралды соборы, «Қазақстан» қонақ үйі бар. Барлық жобалар бюджеттен тыс қаржы есебінен жүзеге асуда.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Есентай өзенінің арналары бекітілуде »»
15 қаңтар 2019 - 15:54
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Әл-Фараби даңғылының оңтүстігіне қарай орналасқан Есентай өзенінің арналарын бекіту жұмыстарының қарқынын тексерді. Өйткені, жазда өзен жағалауындағы тротуарларды, спорт алаңдарын абаттандыру және жарық желілерін жүргізу басталады. 4000 ағаш отырғызу жоспарланған. Қазіргі кезде ұзындығы 1,8 км болатын аумаққа тірек қабырғаларын орнату, өзен түбіне темірбетон төсеу және техникалық жолдарды абаттандыру жұмыстарының 65% орындалды. Атқарылған шаралар учаскеде ...
Алматыда полицияның алғашқы фронт-офистері ашылды »»
11 қаңтар 2019 - 14:43
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қылмыстық-түзету мекемелері мен аудандық полиция басқармалары жанынан ашылған сервистік бағыттағы алғашқы фронт-офистерді аралап көрді. Сонымен, Красногорск көшесіндегі қылмыстық-түзету мекемесі жанында алғашқы фронт-офис пайда болды. Бұрындары жазаланушыға келген туыстары мен адвокаттар аталған мекеме алдында сағаттар бойы күтіп тұратын әрі дәретханаға бара алмайтын, күту залы мен жүк сақтау камералары болмайтын. Енді бірыңғай өткізу пункті болып табылаты...
Алматының бір бұрышында «Гагарин» пайда болды
27 желтоқсан 2018 - 20:14
Алматыда фирмалық орындықта отырған скафандрдағы космонавт Юрий Гагариннің бейнеленген инсталляция пайда болды. Әзілге құрылған композиция қоладан жасалған және Гагарин даңғылы мен Абай даңғылының оңтүстігіне орналасқан. Бұрындары жұмыс сапары кезінде қала әкімі Бауыржан Байбек тұрғын үй құрылысы қарқынын тексеріп жүріп, жаңадан салынып жатқан тұрғын кешендерінің ауласынан осыған ұқсас инсталляцияны көріп қалып, толыққанды бейнені жасап, оны Гагарин даңғылына орнатуды тапсырған еді. Бұл арт-объект селфи ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13