^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 17 қаңтар 2019
 
     
 
Жаңалықтар
«Алматы-1» және «Алматы-2» теміржол вокзалдары қаланың коммуналды меншігіне берілетін болады
21 желтоқсан 2018

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың Алматыға жұмыс сапары кезінде мегаполис әкімі Бауыржан Байбек осылай деді.

Ол өзінің сөзінде мұндай шара қала әкімдігіне вокзалдарға реконструкция жүргізуге, тұрақты өсіп келе жатқан жолаушылар ағынын кеңінен қамтуға әрі теміржол вокзалдарын қаланың көлік құрылымының бір бөлігі ретінде дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Алматы-1" теміржолын жаңартуды 2019 жылы, ал "Алматы-2" теміржолын реконструкциялауды 2020 жылы бастау жоспарланған.

Қала кеңістігін модернизациялау барысында жергілікті бюджет есебінен биылғы жылдың өзінде екі вокзал алдындағы алаңдар реконструцияланды, жасыл желек отырғызылып, тротуар плиткалары төселді. Екі вокзал алдындағы алаңдар қоғамдық көлікті ескере отырып, қайта жасақталды, қауіпсіз өтпелі жолдар абаттандырылды, жасыл желек көлемі артты және видеобақылау камералары қойылды.

Айта кетерлігі, бұрындары қаланың коммуналды меншігіне Алматының бірқатар маңызды нысандары қайтарылған болатын.

«Атакент» жанындағы алаңды қысқарту барысында асфальт төселген маңай азайды, түрлі құрылыстар сүріліп, газондар мен ағаштар отырғызылды. Жаяу жүргішілердің қаупсіздігін қамтамасыз ету үшін стихиялы тұрақтар жойылып, бұл аумаққа кіруге тиым салынды.

Жақында мемлекет меншігіне қайтарылатын жер телімінде ашық аспан астындағы сақ мәдениеті музейі ашылатын болады. Мегаполис әкімдігі мен екінші деңгейлі бір банк арасында Розыбакиев-Штраус-Есқараев-Радостовец көшелірі бойындағы 2,7 гектар аумақты қайтару жөніндегі келісімге қол жетті.

Бұрындары «Южный» паркінің солтүстік жағындағы құрылыс салу үшін бөлінген жер телімі де қала қайтарылған еді, қазір мұнда аудан тұрғындарының ұсынысы ескеріле отырып саябақ аумағын реконструкциялау жүруде.

Табиғи ескерткіш болып табылатын «Баум бағы» қаланың коммуналды меншігіне берілген соң инвентаризация жүргізілді және жеке тұлғалар мен автосалондар иелері басып алған 2,5 га жер телімі қайтарылды. Абаттандыру мақсатында бірінші кезекте навигациялық тақтайшалар ілініп, полиция пункттері жұмыс істей бастады. Паркте флора аумағын кеңейту қолға алынды.

Өз кезегінде Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында еліміздегі алғашқы туристік хаб пайда болды. Қазіргі кезде мұнда «Visit Almaty» ақпараттық орталығы ашылған. Ғимарат маңы жиі емес туристік бағыттарды ұйымдастырудың бірыңғай орнына айналған.




  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Есентай өзенінің арналары бекітілуде »»
15 қаңтар 2019 - 15:54
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Әл-Фараби даңғылының оңтүстігіне қарай орналасқан Есентай өзенінің арналарын бекіту жұмыстарының қарқынын тексерді. Өйткені, жазда өзен жағалауындағы тротуарларды, спорт алаңдарын абаттандыру және жарық желілерін жүргізу басталады. 4000 ағаш отырғызу жоспарланған. Қазіргі кезде ұзындығы 1,8 км болатын аумаққа тірек қабырғаларын орнату, өзен түбіне темірбетон төсеу және техникалық жолдарды абаттандыру жұмыстарының 65% орындалды. Атқарылған шаралар учаскеде ...
Алматыда полицияның алғашқы фронт-офистері ашылды »»
11 қаңтар 2019 - 14:43
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қылмыстық-түзету мекемелері мен аудандық полиция басқармалары жанынан ашылған сервистік бағыттағы алғашқы фронт-офистерді аралап көрді. Сонымен, Красногорск көшесіндегі қылмыстық-түзету мекемесі жанында алғашқы фронт-офис пайда болды. Бұрындары жазаланушыға келген туыстары мен адвокаттар аталған мекеме алдында сағаттар бойы күтіп тұратын әрі дәретханаға бара алмайтын, күту залы мен жүк сақтау камералары болмайтын. Енді бірыңғай өткізу пункті болып табылаты...
Алматының бір бұрышында «Гагарин» пайда болды
27 желтоқсан 2018 - 20:14
Алматыда фирмалық орындықта отырған скафандрдағы космонавт Юрий Гагариннің бейнеленген инсталляция пайда болды. Әзілге құрылған композиция қоладан жасалған және Гагарин даңғылы мен Абай даңғылының оңтүстігіне орналасқан. Бұрындары жұмыс сапары кезінде қала әкімі Бауыржан Байбек тұрғын үй құрылысы қарқынын тексеріп жүріп, жаңадан салынып жатқан тұрғын кешендерінің ауласынан осыған ұқсас инсталляцияны көріп қалып, толыққанды бейнені жасап, оны Гагарин даңғылына орнатуды тапсырған еді. Бұл арт-объект селфи ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13