^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 21 сәуір 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда бас сәулетші тағайындалды
27 желтоқсан 2018

Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының жаңа басшысы болып Алмасхан Ахмеджанов тағайындалды.

Алматы қаласында туылған. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасында 19 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келеді, еңбек жолын бас маман ретінде бастаған. Соңғы 10 жыл бойына аталған басқарма басшысының орынбарасы болды. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің, М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация академиясының түлегі, мамандығы бойынша «Инженер-құрылысшы».

Қаланың бас сәулетшісінің алдына бірқатар міндеттер қойылды, олар «Қала адамдар үшін» концепциясы аясында халықаралық тәжірибелер мен инновациялық технологияларды қолдана отырып жұмыс тиімділігін арттыру және жайлы әрі экологиялы қала кеңістігін қалыптастыру.

Бұлардан өзге, құрылыс жобаларын жасауға барынша креативті архитекторлар мен жобалаушыларды тарту, қалада әлеуеті жоғары білімді әрі тәжірибелі кадрлар потенциалын қалыптастыру қажет. Ол үшін «АлматыБАСЖОСПАР» ҒЗИ базасында жас мамандарға қолдау көрсететін креативті идеялар Орталығы құрылатын болады.

Айта кетерлігі, бұрындары Алматы әкімі Бауыржан Байбек келер жылдың басында қаланы дамытудың шеберлік жоспарының ашық жарияланатынын айтқан еді. Қаланың әрбір тұрғыны және бизнес өкілі жобамен танысып, өз ұсынысын айта алады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «АлматыБАСЖОСПАР» даму Институты құрылды, ол негізінен «Шеберлік-жоспарын» жүзеге асырумен айналысатын болады. Енді қала стихиялы түрде дамымайды. «Адамдар инфрақұрылымға» принципі бойынша болашақта құрылыс жүргізу аймақтары айқындалады, орталықтандыру қағидасы бойынша біз барлық инфрақұрылымы бар жайлы небәрі 20 минуттық қадамда орналасқан қоғамдық нысандарды, жұмыс орындары мен мектептерді салатын боламыз. Қаланы басқаруда цифрлы технология кеңінен қолданылады. Қазірдің өзінде 20 қалалық желі жалғасқан Ситуациялық орталық алаңы құрылды. Сондай-ақ big data қолға алынды. Нақтылы уақыт кестесі бойынша көлік және жаяу жүргінші ағындарына, қоғамдық көліктің жиілігіне, балалар бақшалары мен мектептердің, қала бюджетінің жүктемесіне сараптама жүргізілуде, қала дамуының 1200 астам индикаторына мониторинг жасалуда», - деп атап өтті мегаполис басшысы.

Жайлы қала кеңістігін қалыптастыру мақсатында соңғы екі жыл ішінде Алматының тарихи орталығының үштен бірі модернизацияланды. Келер жылы «Қала адамдар үшін» принципі бойынша жаңа жаяу жүргіншілер аймақтары абаттандырылады, оның ішінде Жібек Жолы, Байсейітова, Төле би көшелері жаңарады. Қаланың жеті ауданында тротуарлары кеңейген бір көшеден реконструкцияланады, көше жиһаздары қойылады, бес парк пен сквер күрделі, ал тоғыз саябақ пен сквер ағымдағы жөндеуден өтеді.

2019 жылы алматылық аулаларды ауқымды жөндеу жұмыстары одан әрі жалғасады. Егер соңғы екі жылда 1400 аула жөнделсе, 2019 жылы тағы да 600 аула жаңарады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыдағы этноспорттың Бүкіләлемдік конфедерациясының Халықаралық форумына 30 елдің өкілдері келді »»
20 сәуір 2019 - 14:40
Алматыда өтіп жатқан «Рухани жаңғыру. Ұлттық спортты дамыту» этноспортының Бүкіләлемдік конфедерациясының екінші халықаралық форумына әлемнің 30 елінен 150-ден астам делегация қатысуда. Форумға қатысушыларды құттықтаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек 2021 жылы Қазақстанда алғаш рет спорттың ұлттық түрлерінің Бүкіләлемдік ойындарының өтетіні халқымыздың тарихын, мәдениеті мен өнерін ғана көрсетіп қоймайтынын, сонымен қатар өскелең ұрпақтың мақсат-мүддесін арттыруға оң ықпал ететінін атап өтті. &...
Алматыда үнемдеу есебінен жаңа мектептер мен бала бақшалар салынады »»
19 сәуір 2019 - 18:41
Алматыда жыл басынан бері жиналған үнемі есебінен халықтың аз қамтылған тобының әлеуметтік қажеттіліктеріне, мектептер мен бала бақшалар салуға, денсаулық сақтау мен қауіпсіздікке, сонымен қатар абаттандыруға жергілікті бюджеттен қосымша 13,8 млрд. теңге бөлінеді. Сонымен, Мемлекет басшысының көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында қосымша 2,5 млрд. теңге бөлінеді. Елбасының тапсырмасы бойынша бұрын негізсіз жобаларды қаржыландыруды оңтайла...
Алматыда Елбасының әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асырудың барысы қаралды »»
18 сәуір 2019 - 17:01
Алматыда «Nur Otan» қалалық филиалының кезектен тыс конференциясы кезінде партияның төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша «Бақытты отбасы», «Құтты мекен» және «Халыққа көмек» әлеуметтік бағадарламаларын жүзеге асырудың барысы қаралды. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жоғарыда аталған бағдарламаларды жүзеге асыру аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету үшін «Бақытты отбасы» қалалық Жол картасы жасалғанын атап өтті. Ж...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13