^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 20 шілде 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда полицияның алғашқы фронт-офистері ашылды
11 қаңтар 2019

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қылмыстық-түзету мекемелері мен аудандық полиция басқармалары жанынан ашылған сервистік бағыттағы алғашқы фронт-офистерді аралап көрді.

Сонымен, Красногорск көшесіндегі қылмыстық-түзету мекемесі жанында алғашқы фронт-офис пайда болды. Бұрындары жазаланушыға келген туыстары мен адвокаттар аталған мекеме алдында сағаттар бойы күтіп тұратын әрі дәретханаға бара алмайтын, күту залы мен жүк сақтау камералары болмайтын. Енді бірыңғай өткізу пункті болып табылатын фронт-офистердің ашылуы арқасында күту уақыты 2-3 сағаттан 20 минутқа дейін қысқарды және тыйым салынған заттарды алып өту мүмкіндігі барынша азайды.

«Қазіргі кезде біз Алматы аумағында инфрақұрылымдық жағдай жасауға күш салудамыз. Мемлекет басшысы айтқандай, есеп беру, ашықтық және сервистік бағыт болғаны жөн. Біз жергілікті атқарушы орган ретінде қаржы іздестірудеміз, прокуратура және полициямен бірге цифрландыру бойынша жұмыс істеп, адами фактор мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алудамыз. Мұнда жазасын өтеп жатқандарға дұрыс жағдайлар жасалуы тиіс. Олармен жақындары мен адвокаттар кездесуге келгенде барлығы ыңғайлы болғаны жөн. Енді келушілер далада көп күтіп тұрмайды, өйткені электронды кезек бар. Мекемеге дейін келетін үш автобус бағыттары ұзартылды, ал көктемде айнала абаттандырылатын болады», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Түрксіб ауданындағы тәулік бойына жұмыс жасайтын алғашқы фронт-офисті де көрді. Мемлекет басшысының бұқарамен жұмыс істеудің жаңа заманауи форматтарын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша қаланың барлық аудандары полицияларының жанынан фронт- офистер ашу үшін жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөлінді.

Полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев өзінің сөзінде жаңадан ашылған фронт-офистер азаматтар үшін өте ыңға йлы екенін, олардың бұрынғыдай көшеде ұзақ тұрмайтынын, бірнеше тексеру пункттері мен кабинеттерден өтпейтінін айтты. Өтініштерді және басқа да құжаттарды қабылдау үшін небәрі 15-20 минут кетеді әрі мұнда процессуалды прокурор тұрақты болады.

Дәл осы күні Бауыржан Байбек «Жетісу-Семиречье» сауда үйі базасында ашылған автомобилистердің арнайы ХҚКО-ның жаңа бесінші бөлімшесін тексерді. Соңғы жылдары Алматының арнайы ХҚКО жүктемелерінің 5 есе артуына орай бұрындары қала әкімдігі Жетісу және Наурызбай аудандарында қосымша бөлімшелер ашу туралы шешім қабылдаған еді.

Айта кетерлігі, осыған дейін Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қоғамдық кеңестің отырысы барысында қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жеті бағытын атап өткен болатын. Олар - полицияны материалдық-техникалық жабдықтау, цифрландыру, қоғамдық кеңістіктің қауіпсіздігі, «көлеңкелі экономикамен» күрес, төтенше жағдайлардың алдын алу, жол қауіпсіздігі, қылмыстың болдырмаудың пәрменді шаралары.






  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы тау бөктеріндегі селден қорғау іс-шараларының барысымен танысты »»
19 шілде 2019 - 19:19
Тау етегіне жасаған жұмыс сапары кезінде шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев Дулати көшесі бойындағы жол мен саябақтың жөндеу жұмыстарын пысықтап, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне кіру үшін автоматтандырылған төлем жүйесін көріп қайтты. Аталған жүйе көлеңкелі қолма-қол ақша аударымдарына тосқауыл болып, бақылау-өткізу пунктіндегі (БӨП) қызметкерлер санын азайтуды көздейді. Автоматтандырылған БӨП  мобильді қосымша арқылы төлем жүргізуге болады. Сонымен қатар, алдын-ала броньдауға да мүмкіндік б...
Бақытжан Сағынтаев «Атамекен» ҰКП басшыларымен және бизнес өкілдерімен ШОБ дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді »»
18 шілде 2019 - 20:52
Кездесуге «Атамекен» ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Дана Жүнісова, «Атамекен» ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев, «Атамекен» ҰКП сауда департаментінің директоры Нұрлыбек Мұканов, Алматы кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов, кәсіпкерлер форумының атқарушы директоры Мунавара Палташева қатысты. ШОБ жұмысына оң өзгерістер енгізу, инвестицияны арттыру, сервисті экономикада тұрақты жұмыс орындарын құру бойы...
Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Tesla компаниясының өкілдерімен кездесті »»
18 шілде 2019 - 14:47
Кездесу барысында Алматыда сервистік орталық, Tesla Motors шоурумын ашу және электр автомобильдерін зарядтау стансалары инфрақұрылымдарын салу мәселелері талқыланды. Айта кетерлігі, қалалықтардың мобилділігін арттыру мақсатында мегаполистің көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша бірқатар шаралар жүзеге асады. Қабылданған шешімдер жолдардың өткізу қабілетін, көлік қозғалысы қауіпсіздігін және қалада экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал ететін болады. Қазіргі кезде Алматыда электр автомобильдерінің 107 бір...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56