^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 27 маусым 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда биылғы жылы 120-дан астам көше жөнделеді
07 ақпан 2019

Биылғы жылы Алматыда 120-дан астам көше жөнделеді. Бұлардан өзге қаланың алты ықшам ауданда ұзындығы 50 шақырымнан асатын жаңа жолдар салынады.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының (Қалалық мобилділік басқармасы болып өзгереді) ақпараты бойынша мегаполисте жаяу жүргіншілер үшін жаңа тротуарлар салынады және BRT желісі бойынша Жандосов көшесін реконструкциялау аяқталады.

Абай даңғылы мен Сайын көшесін үңгілеу жалғасады, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында, сонымен қатар Рысқұлов даңғылы, Құлжа тракті мен Емцов көшесінің бойында жолайрықтары салынады. «Әуежай» айналымы аталып кеткен Бухтырма көшесі мен Құлжа трактінің қиылысында жаңа жолайрығын салу жоспарланған.

Қала әкімі жұмыстарды барынша сапалы және қысқа мерзімде аяқтауды және қала тұрғындарына барынша жағдай жасауды тапсырды. Тротуарлар мен арық желілерін абаттандыруға, қолданылмайтын конструкцияларды алып тастауға, жасылдандыруға ерекше назар аударылады. Әр объектіде мердігер компания директорымен, техникалық бақылау жасайтын ұйыммен байланыс нөмірі және жұмыстың аяқталу мерзімі жазылған паспорт орнатылады.

Айта кетерлігі, бұрындары Алматыда 524 көше жөнделген еді, оның ішінде BRT желісі бойынша Мұстафин, Сүлейменов, Тимирязев көшелері қайта жаңарды. Назарбаев даңғылынан Жансүгіров көшесіне дейін теміржол эстакадасы арқылы, сонымен қатар Хмельницкий көшесі, Сүйінбай даңғылынан Жас қанат ықшам ауданында дейін үңгілеу жұмыстары атқарылды.

КӨШЕЛЕР ТІЗІМІН МЫНА ЖЕРДЕН КӨРЕ АЛАСЫЗДАР

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда автобустар санын 4 есе арттыру жоспарлануда »»
25 маусым 2019 - 16:35
Алматы әкімі Бауыржан Байбек автобус техникасының, аксессуарлар мен қызмет көрсетудің «BUSWORLD Central Asia 2019» халықаралық көрмесінің ашылуына қатысты. Көрме өзінің жартығасырлық тарихында алғаш рет Орталық Азияда өтуде. Қала әкімі өзінің сөзінде көлік реформасын жүргізіп отырған Алматы үшін «өз уақытын» экспорттық айналымда тексерудің және халықаралық тәжірбие жинақтаудың өте маңызды екенін айтты. «Халықтың мобилділігі - үлкен қалаларда өмір сүрудің басты критерийі. Қаз...
Алматыда Шәмші Қалдаяқов пен Балуан Шолаққа ескерткіш орнатылады »»
19 маусым 2019 - 14:32
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Шәмші Қалдаяқов пен Балуан Шолаққа болашақта орнатылатын ескерткіштердің эскиздерімен танысты. Барлық жобаларды комиссия ашық конкурсқа түскен 50-ге жуық өтінімнің арасынан таңдап алды. Мысалы, Шәмші Қалдаяқовтың қола ескерткіші жыл аяғына дейін Республика Сарайы мен Қазақстан қонақүйі арасындағы скверге қойылады. Ал, қазақтың аты аңызға айналған палуанының скульптурасы Абай даңғылы бойындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының алдына орнатылады. Қазақ фольклоры кейіпкерлері...
Алматыда жастар үшін тағы бір коворкинг-орталық ашылды »»
19 маусым 2019 - 13:46
Елбасының Жастар жылын жариялауы аясында Алматыда «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының базасында еліміздегі алғашқы «Jas Otan» коворкинг-орталығы ашылды. Open Space қағидасы бойынша жаңа жастар орталығы бірнеше аймақтарға бөлінген, олар: IT station, 1000 әдебиетті кітапханасы бар Reading platform, семинарлар, тренингтер өтетін Meeting room және басқалары. Осының барлығына қаладағы белгілі меценаттар Әміржан Нәбиевтің, Вячеслав Банщиковтың және Қайыржан Мимикеновтың қолдауы арқасы...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13