^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 14 қазан 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімідігі мен халықаралық IFC қаржы корпорациясы ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа уағдаласты
22 ақпан 2019

Алматы әкімі Бауыржан Байбек халықаралық IFC қаржы корпорациясының Латын Америкасы, Еуропа және Орта Азия бойынша вице-президенті Джорджина Бейкермен кездесті. Кездесу барысында тараптар қала инфрақұрылымын модернизциялау мен мегаполиске халықаралық несиелік рейтинг беру жөнінде халықаралық IFC қаржы корпорациясының кеңесші қызметін көрсетуі туралы келісімге қол қойды.

Мегаполис басышысы IFC қаржы корпорациясының мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағида және қаланың инвестициялық көрсеткіштері бойынша нақтылы көрініс жасауда үлкен халықаралық тәжірибеге ие екенін атап өтті.

«Алматыда ұзақ мерзімді шетелдік инвестицияны қажет ететін ірі инфрақұрылымдық жобалар қолға алынуда. Мысалы, солардың бірі LRT құрылысы, яғни заманауи трамвайды жүргізу. МЖӘ жобаларында IFC сараптамасы жобаның инвестицилық тартымдылығын арттыру қажеттігін көрсетті», - деді Бауыржан Байбек.

Өз кезегінде Джорджина Бейкер ынтымақтастық келісіміне қол қою ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестіктің басы болып табылатынын әрі Алматының Орта Азяидағы жетекші мегаполис екеніне тың серпін беретінін айтты.

Бүкіләлемдік банк тобына енетін IFC жеке секторды қолдайтын ірі жаһандық даму институты болып табылады. Қазақстандағы IFC стратегиясы инфрақұрылымды жақсартуға, диверсификация мен экономиканың бәсекелестігін қолдауға, қаржы секторын және ШОБ дамытуға бағытталған. Бұлардан өзге IFC мелекеттік органдарға, корпорацияларға МЖӘ механизмінің пәрменділігін күшейтуге қатысты консультациялық қызмет көрсетеді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Көк Төбенің өрт шарпыған аймағына Назарбаев қызғалдақтары мен Сиверс алмасы отырғызылды »»
13 қазан 2019 - 16:42
Бүгін, 13 қазанда Jasyl Almaty көгалдандыру акциясы аясында Көк Төбе тауында Сиверс алмасының көшеттері мен «Қазақстан», «Нұрсұлтан Назарбаев» сорттарының қызғалдақтары отырғызылды. Көгалдандыру акциясына 500-ге жуық адам қатысса, оның 200-ге жуығы студенттер болды. Барлығы 40 мың Сиверс алма ағаштары мен «Қазақстан», «Нұрсұлтан Назарбаев» сұрыптарындағы қызғалдақтардың 500 мың данасы отырғызылды. Қалалық жасыл экономика басқармасы мамандарының айтуынша, көш...
Алматының мектептерінде төрт мыңнан астам көшет отырғызылды  »»
12 қазан 2019 - 17:59
 Бүгін, 12 қазанда шаһар басшысы Б.Сағынтаев қаладағы мектептерде өткен көгалдандыру акциясына қатысты.  Jasyl Almaty жалпықалалық акциясы аясында білім ошақтарында 4360 көшет отырғызылды. Бұл күні Бақытжан Сағынтаев Наурызбай мен Алатау аудандарына қарысты №200 және №181 мектептерінің оқушылары және мұғалімдерімен бірге болды. Аталған екі мектепте 600-ге жуық көшет отырғызылды. Жалпы қаладағы 110 мектептің жоғары сынып оқушылары, ата-аналары мен ұстаздары бірігіп, 4360 түп акация, қарағай, катал...
Алматыда А. Қошановтың 85 жылдығы аталып өтті
11 қазан 2019 - 15:51
Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласы бойынша Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР ҰҒА-ның академигі Аманжол Қошановтың туғанының 85 жылдығына және ғылыми әрі қоғамдық қызметінің 60 жылдығына арналған халықаралық симпозиум өтті.   Алқалы жиын барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров салтанат иесін 85 жылдық мерейлі жасымен құттықтады және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтау ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56