^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 9 желтоқсан 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматының Жасыл экономика басқармасының басшысы тағайындалды
22 ақпан 2019

Алматының Жасыл экономика басқармасының басшысы болып Ержан Сейтенов тағайындалды. Бұған дейін ол мегаполистің Жерді пайдалануды бақылау және қорғау басқармасының басшысы болған.

Басқарманың жаңа басшысының алдына қойылған басты міндеттердің бірі - қаланы қоршаған ортаны жақсарту, экономиканың түрлі секторларына тиімді «жасыл» жобаларды енгізу, су ресурстарын, жасыл қорды сақтау және ұлғайту арқылы қаланың экожүйесінің антропогенді жүктемесін азайту және басқалары.

Қала әкімі жұмысты қалдықтарды жинауды жетілдіруден, утилизациялаудан, қайта өңдеуден, жасыл экономика принциптерін ескере отырып, табиғатты қорғау шараларын барынша тиімді жоспарлаудан, халықаралық озық тәжіибені пайдаланудан, залалдандырудың барлық ошақтарын анықтаудан бастауды, мұндаі big dataны тиімді қолдануды атап өтті. Бұлардан өзге, қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін өндіріс орындарына қала сыртына шығару қажет.

Айта кетерлігі, бұрындары Алматы әкімдігінде трансформация болған еді. Қазіргі кезде барлық басқармалар мен аудандық әкімдіктердің жұмыстары қайта құрылуда, оңтайландыру процесстері жүруде, цифрлы технология мен корпоративті басқару енгізілуде, мемлекеттік қызметтің сапасы артуда. Алты басқарма қысқарып, олардың функциялары басқа құрылымдарға берілді. Бұл басқару және қосымша лаузымдарды жойып, босаған бірліктерді халықпен етене жұмыс істейтін басқармаларға беріліп, олардың құрамы күшейтілді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Б. Сағынтаев: Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет »»
09 желтоқсан 2019 - 14:52
Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асқан алғашқы шаралардың бірі – патрульдеуді күшейту және полицияның мобильді пункттері, қазір нақтылы нәтижелерге қолжетуде.   Бүгін Алматы әкімдігінің аппараттық жиынында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиімді шаралар мәселелері қаралды. Бұрындары, ағымдағы жылдың 29 шілдесінде қала әкімі Б. Сағынтаев полиция департаментіне криминогенді жағдайға сараптама жүргізуді, барынша күрделі учаскелерді анықтауды, патрульдеуді күшейту...
«Құрбан болған тұлғалар» көрмесінің ашылуы жайында »»
06 желтоқсан 2019 - 18:48
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында ҚР Мемлекеттік орталық музейінің Қазақстан тарихын зерттеу орталығы өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. Қазақстан тарихын зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Гулсара Жапақованың хабарлауынша, ағымдағы жылдың 9 желтоқсаны күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қазақ халқының Үш бәйтерегі, сталиндік зобалаңның құрбандары, артына өшпес рухани мұра қалдырған қазақтың ақиық ақыны, қоғам қайраткері – Ілияс Жансүгіров, жалынды ...
«Еститін мемлекет» осылай жұмыс істейді - Б. Сағынтаев аудандардың проблемаларын шешуде »»
06 желтоқсан 2019 - 18:50
Бүгін, 6 желтоқсанда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданының тұрғындарымен екінші рет кездесу өткізді.   «Еркін микрофон» форматындағы кездесу Кемел ықшамауданының мәдениет үйінде өтті, 23 тамызда болған кездесуде тұрғындар барынша өзекті мәселелерді көтерген еді. Мұнда 10 мыңнан астам адам тұрады. Қалаға осыдан 5 жыл бұрын қосылған «Первомайский» поселкесінде ұзақ уақыт бойына дамыған коммуналды инфрақұрылым, су мен жол болған емес. Бүгінгі күні бұл проблемалар &laqu...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56