^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 27 мамыр 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда тағы екі бағыттың автобустары жаңарды
22 ақпан 2019

Алматыда көлікті реформалау аясында жылжымалы состав жаңарып, жаңа бағыттар ашылуда. Жұмыс сапары кезінде мегаполис әкімі Бауыржан Байбек №65 бағытты жаңарту үшін жеке тасымалдаушы сатып алған жаңа автобустарды көрді.

«Авто Алма Транс» ЖШС төмен еденді сыйымдылғы жоғары 20 автобус алыпты, олардың барлығы кондиционерлермен жабдықталған және Евро-5 экологиялық сыныбына сай. Барлық бағыттар жүргізушілері бірыңғай жаңа форма киген.

2017 жылы босаған №65 бағыттағы автобустар Думан мен Қарағайлы елді мекендеріне қатынайтын №4 бағытты жаңартуға жіберіледі.

Мегаполис әкімі жеке өзі автобус жүргізушлерінен қанша жалақы алатындықтары мен жұмыс жағдайлары туралы сұрады. Аталған автопарк жүргізушілері орташа есеппен 160 мыңнан 200 мыңға дейін жалақы алады екен әрі олардың барлығы өзге өңірлерден келгендер.

«Қала қоғамдық көлік үшін едәуір көлемде субсидия бөлуде, автобус парктері жаңаруда, бірақ көп нәрсе жүргізушілерге байланысты. Адам тасымалдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Мұндағылардың көпшілігі Шымкенттен келгендер. Текке бос отырмаңдар, жұмыстан қашпаңдар, біз сендерге қолдау білдіреміз», - деді Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, Алматыда көлік реформасы аясында 2018 жылы қала бағыттары бойынша 500 жаңа автобустар жүре бастады. Биылғы жылы қаланың автобус паркін жаңарту жалғасады. Бұдан өзге «Алматыэлектротранс» ЖШС қаржысы есебінен газбен жүретін тағы 200 жаңа автобус алынады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Б. Сағынтаев карантин режимінің сақталуын қадағалау мен экономиканы кезең-кезеңімен қалпына келтіру мәселесі жайында баспасөз конференциясын өткізеді »»
27 мамыр 2020 - 09:27
27 мамырда  сағат 15.00-де Алматы қаласы әкімі Б. Сағынтаев карантин режимінің сақталуын қадағалау мен экономиканы кезең-кезеңімен қалпына келтіру мәселесі жайлы онлайн форматта баспасөз конференциясын өткізеді....
Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді, балалар және спорт алаңдарын 27 мамыр күнгі дезинфекциялау кестесі »»
27 мамыр 2020 - 08:29
Алмалы ауданы бойынша Абай – Әуезов – Гоголь – Байзақов – Райымбек – Үлкен Алматы көшелерінің шаршы аумағы.   Алатау ауданы бойынша Саялы, Көкқайнар, Рахат, Боралдай, Әйгерім, Қарасу, Өжет.   Әуезов ауданы бойынша Мамыр-1, 2, 3, 4 ықш. ауданы; Жетісу-1, 2, 3, 4 ықш. ауданы; Ақсай-1, 1А, 2, 3, 3А, 3Б, 4, 5; Сәдуақасов көшесі.   Бостандық ауданы бойынша Орбита-1, 2, 3, 4; Науаи көшесі, Әл-Фараби даңғылы, 125-135, Торайғыров, Рысқұлбеков, Щепкин көшелері, Мира...
26 мамыр күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы »»
26 мамыр 2020 - 11:14
Кіреберістер мен аулалар бойынша 25 мамырға жоспарланған 7877 кіреберіс (2860 үйде) және 1318 аула аумағы 100% залалсыздандырылды. Дезинфекция жұмыстарына 447 адам, яғни 64 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 75750 литр дайын ерітінді қолданылды. 26 мамырдағы заласыздардырудың екінші күні жоспар бойынша 3038 үйдің 8363 кіреберісі мен 1440 аула залалсыздандырылды. Жұмысқа 447 адамы бар 64 бригада тартылды. Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша 25 мамыр күні 5123 мың шаршы метр көше, оның ішін...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz