^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 19 мамыр 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматының Алатау ауданындағы 440-тан астам көшелерді салу мен жөндеуге 7 млрд. теңге бөлінеді
07 наурыз 2019

Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Нұр Отан» партиясы қалалық бюросының жиынында қалада, сонымен қатар мегаполистің шет аймақтарында абаттандыру, жолдарды салу мен жөндеу жұмыстарын барынша қарқынды жүргізуді тапсырды.

Соңғы 10 жыл ішінде қалаға қосылған Алатау ауданын дамытуға билік 434 млрд. теңге бөлді. Соның арқасында мұнда 12 мектеп, 5 емхана, 16 мемлекеттік және 151 жеке бала бақшалар, «Ақбұлақ», «Алғабас-6», «Саялы» ықшам аудандары, бірқатар спорт және мәдени кешендер, оның ішінде «Алматы Арена», «Алатау» дәстүрлі өнер театры бой көтерді. Инфрақұрылымды дамыту үшін 223 км электр, 276 км газ желілері, 688 км су, 453 км кәріз трубалары тартылды. 93 км жол және үш жолайрықтары салынды.

Бауыржан Байбек мұнда асфальтталған жолдың толық салынбағанына назар аударды. Соның салдарынан соңғы айда 110 шағым түскен. Кейбір ықшам аудандарда инженерлік желілерді жүргізген мердігерлердің жауапсыздығынан төзгісіз жағдайлар қалыптасқан.

«Маған Алатау ауданының тұрғындарынан шағым жиі түседі. Адамдарды қинамай, жағдайды түзету қажет. Осыған орай, 12 ықшам ауданда жол салу үшін республикалық бюджеттен жоспарланған 3 млрд. теңгеге қоса Стратегия және бюджеттік жоспарлау басқармасына бірқатар жобаларды оңтайландырып, жергілікті бюджеттен тағы 4 млрд. теңге бөлуді тапсырамын. Аудан әкімі тиісті басқармалармен бірге жұмыстың сапасы үшін жеке жауап бересіз. Мен жиі барып, атқарған жұмыстарыңды тексеріп тұрамын», - деді Бауыржан Байбек.

Осылайша, Алатау ауданындағы «Ақбұлақ», «Қарасу», «Ұлжан-2», «Алғабас-АЗТМ», «Әйгерім-1», «Әйгерім-2», «Ұлжан-1», «Шаңырақ-1», «Шаңырақ-2», «Томирис», «Дархан-Байбесік», «Көк Қайнар» ықшам аудандарындағы 440-тан астам көшеге ұзындығы 120 км болатын жолдар салынады және жөнделеді.

Айта кетерлігі, жақында Бауыржан Байбек алдағы кезде жөнделетін жолдар мен тротуарларға қатысты жұмыс кеңесін өткізген еді. Биылғы жылы ұзындығы 111 км болатын 120-дан астам көшеге ағымдағы орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Бұлардан өзге, мегаполис басшысы ашық қалған люктар мен беті жабылмаған орларға қатысты шағымдардың жиі түсетінін, мұндай келеңсіздіктердің орталық даңғылдар мен аудандық мәні бар көшелерінде орын алғанын атап өтті.

Қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев ауа райы қолайлы болса барлық магистральді көшелерде ағымдағы жөндеу жұмыстарының 10 күн ішінде жүргізілетінін хабарлады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда теміржол шпалдарын шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды »»
17 мамыр 2019 - 20:20
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Түрксіб ауданына жұмыс сапары кезінде Алматы көпір конструкциялары зауытындағы теміржол шпалдарын шығаратын жаңа өндіріс орнының ашылуына қатысты. Кәсіпорын 1,8 млрд. теңгені инвестициялаған, 100-ден аса жаңа жұмыс орны құрылған. Жүрдек пойыздардың сағатына 300 километрге дейінгі жылдамдықпен жүруіне мүмкіндік беретін теміржол шпалдарын шығару үшін немістің Vollert технологиясы қолданылады. Өндірістің жобалық қуаты - жылына жарты миллион шпал. «АЗМК» ЖШС бас дирек...
Алматыда «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша көпбалалы отбасылар пәтер кілттерін алды »»
17 мамыр 2019 - 16:13
Алматы әкімі Бауыржан Байбек және «Тұрғынүйқұрылысжинақ» банкі басқарма төрағасының орынбасары Жанар Жұбаниязова Елбасының тапсырмасы бойынша қолға алынған «Бақытты отбасы» қалалық бағдарламасы аясында аз қамтылған көпбалалы отбасыларға пәтер кілттерін тапсырды. Салтанатты рәсім барысында Бауыржан Байбек соңғы 3 жыл ішінде тұрғын үйге зәру 9 мыңнан астам отбасылардың пәтерлі болғанын, оның ішіне «Нұрлы Жер» бағдарламасының енетінін атап өтті. Олардың тең жартысы –...
Алматыда Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті »»
09 мамыр 2019 - 14:45
Алматыда Жеңіс күні қала тұрғындары мен қонақтары 28-ші гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысы кезінде қайтыс болғандарға тағзым етті. Қала тұрғындары алдында сөйлеген сөзінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек 9 мамыр мәңгілікке Ұлы Жеңіс күні ретінде қалатынын және майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің тарихи ерлігі мен батылдығы құрметке лайық екенін атап өтті. Осынау қасиетті күні әркімнің қан кешіп опат болған, жасанған жауға тайсалмай шауы...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13