^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 5 маусым 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы тағайындалды
05 сәуір 2019

Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы болып Әсет Масабаев тағайындалды.

Әсет Масабаев Алматы энергетика және байланыс институтының түлегі. Еңбек жолын «Алматы электр станциялары» компаниясында электромонтер болып бастаған, кейін түрлі энергетикалық кешендерде бас энергетик, техникалық директор қызметтерін атқарған.

Әр жылдары қаланың Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, Жетісу және Медеу аудандары әкімдерінің орынбасары болған.

Қаланың Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасында (қазір Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы) энергиямен-жылумен қамту бөлімінің маманынан ведомства басшысының орынбасарына дейін көтерілген.

Басқарма басшысының алдына қаланың болашақ дамуына ықпал ететін энергия тиімділігі мен қауіпсіз инженерлік инфрақұрылымды қалыптастыру бойынша бірқатар нақтылы міндеттер қойылды.

Фотография

Олардың ішінде энергия жинақтау мен энергия тиімділігін арттыруға, қаланы электрмен, газбен, жылумен, су тартумен және көше жарығымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін ақылды технологияларды енгізуге айрықша назар аударылды.

Бұлардан өзге, қала әкімі халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды және қаланың коммуналды кәсіпорындарының жұмыстарын барынша ашық етуді міндеттеді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


2020 жылдың 4 маусымы күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы  »»
04 маусым 2020 - 14:35
Кіреберістер мен аулалар бойынша 3 маусымға жоспарланған 7442 кіреберіс (2703 үйде) және 1348 аула аумағы 100% залалсыздандырылды. Дезинфекция жұмыстарына 433 адам, яғни 62 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 76 200 мың литр дайын ерітінді қолданылды. Осылайша 20 кезеңі аяқталды. 4 маусымдағы 21 кезең басталды. Жоспар бойынша алғашқы күні 2860 үйдің 7877 кіреберісі мен 1318 аула өңделді. Жұмысқа 444 адамы бар 64 бригада тартылды.   Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша 3 маусым күні...
Сағынтаев алматылықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады »»
04 маусым 2020 - 12:13
Алматы әкімі Б. Сағынтаев құттықтау сөздерін Twitter-дегі өзінің парақшасында жариялады.   Алматылықтарға жылы лебізін білдірген Бақытжан Сағынтаев қиындықтарды еңсере білуді және қуаныштар шуағын сезінуді тіледі. «Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Барлық қиындықты бірге еңсеріп, қуанышқа себеп көп болсын. Туған қаламыз бен Отанға деген махаббатымызды өнегелі істеріміз және қол жеткізген биік жетістіктеріміз арқылы көрсетейік», — деп жазды Алматы әкімі....
Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді, балалар және спорт алаңдарын 4 маусым күнгі дезинфекциялау кестесі »»
04 маусым 2020 - 10:53
Алмалы ауданы бойынша: Абай – Назарбаев – Райымбек – Сейфуллин – Байтұрсынов көшелерінің шаршы аумағы   Алатау ауданы бойынша: Самғау, Алмалы, Алатау сити, Зерделі, 13 терр., 14 терр.   Әуезов ауданы бойынша: Райымбек даңғылы, Саин, Жұбанов, Қабдолов, Алтынсарин, ықш.:1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12, Сайран, Өтеген батыр к-сі, Төле би, Тастақ-1 ықш.   Бостандық ауданы бойынша: Әл-Фараби даңғылы – Назарбаев даңғылы – Абай даңғылы – Жароков көшесінің шарш...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz