^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 20 қазан 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімдігі «Көкжайлау» жобасын жүзеге асыруды кейінге қалдырды
08 сәуір 2019

Алматыда Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті, оның барысында қала әкімі Бауыржан Байбек «Көкжайлау» жобасын жүзеге асыруды кейінге қалдыруды ұсынды.

Алматы әкімі тау локацияларын, жалпы туризмді дамыту еңбекпен қамтуға, экономиканы өсіруге, экспорттық түсімді арттыруға оң ықпал ететінін, сонымен қатар қазіргі кезде электронды коммерцияны дамыту мен сауданы қысқартудың маңызды екенін атап өтті. Бүгінгі күні қалада бұл бағытты дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүруде, жаңа архитектуралық келбет пайда болуда, тартымды нысандар бой көтеруде, Алматының халықаралық аренадағы өзіндік орны қалыптасуда.

«Таулар – бәсекелестіктегі біздің басты артықшылығымыз, сондықтан біз оны ұтымды пайдалануымыз қажет. Австрия сарапшыларының бағасы бойынша, оны тиімді пайдалану үшін 7-10 жыл ішінде 1,5 млрд.доллар жұмсалса, онда экономика үшін жыл сайын 2 млрд. доллар пайда табуға болады екен. Ең маңыздысы – 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. Дегенмен, біз экономиканың, социумның, экологияның тепе-теңдігін сақтауымыз қажет, яғни қоршаған ортаға өте аз мөлшерде әсер ететін заманауи курорттарды салуға тиіспіз. Бұл істе асықпаған жөн деп есептеймін. Барлық сарапшылар пікірлерін, жаңа локациялар болашағын қарастырған жөн. Сондықтан жобаны тағы бір рет пысықтап, кейінге қалдыруды ұсынамын. Оның үстіне, жұмыс істеп тұрған курорттарды дамытудың өзі сарапшылардың пікірі бойынша кем дегенде 3-5 жылға созылады екен. Осы жылдар ішінде қажетті тәжірибені жинақтаймыз, кадрларды дайындаймыз, тұрғындардың және курорттар қонақтарының пікірлерін зерттейміз. Содан кейін ғана «Көкжайлау» тау шаңғысы курортын салуға кірісетін боламыз», - деді Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, жаңа концепция барысында қаржының шығын бөлігі оңтайландырылды, құрылыс салынатын жердің қоршаған ортаға тигізер ықпалы 14 есе, ағаштарды сүру 26 есе азайды. 100 га жер Ұлттық паркке қайтарылады. «Көкжайлаудың» жаңа концепциясында жеке коттедждерді жобалау мүлдем болмайды.

Өткен жылдың қараша айында жобаның қоршаған ортаға тигізер ықпалы жөнінде алдын-ала қоғамдық тыңдау болды. Бұл «Алматы-2020» жобасынан кейінгі қалалықтардың қатысуымен талқыланған екінші жоба. Орхусск конвенциясының барлық талаптары сақталды.

Қоғамдық тыңдау қорытындысы бойынша ашық оқуға болатын 293 парақтан тұратын хаттама жасалды. Өткен 5 ай ішінде ол сараптамадан өтті. Қорғаныс министрлігінің балансындағы ЦСКА-ның тау шаңғысы базасы қаланың коммуналды меншігіне берілетін болғандықтан «Master Concept» компаниясының консультанттары «Көкжайлау» курорты мен ЦСКА-ны біріктіруді ұсынды, ал бұл базалық станцияның локациясын өзгертеді. Жалпы, Шеберлік-жоспарда «Тау Парк» курорты мен Бутаковка шатқалын дамыту қарастырылған. Жаңа локацияларды «Көкжайлаумен» берге бірыңғай кластерге енгізу қажет. Курортқа келушілердің 70%-ын қалалықтар құрайтындықтан плато аймағында қонақ үй салынбайды.

«Таушаңғысы индустриясы дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек куорттарды қаржыландыру принципі мынадай: жол және инженерлік инфрақұрылымдар толығынан мемлекеттің есебінен салынады, коммерциялық бағыт жеке инвесторлар есебінен жүзеге асады, ал тау шаңғысы құрылымының бір бөлігі мемлекет есебінен субсидияланады. Қазіргі кезде субсидиялаудың бұл механизмі Үкіметте талқылануда. Сондықтан «Көкжайлау» және басқа курорттар тек мемлекеттік бюджет есебінен ғана емес, осы қағида бойынша қаржыландырылуы тиіс. Яғни, жобаға бюджеттен барынша аз шығын жұмсай отырып, жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырған жөн. Ал, жобаға жұмсауға жоспарланған қаржыны өзге қалалық маңызды бағдарламаларға аудару қажет», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Б. Сағынтаев Алматының Индустриалдық аймағының жобаларын қарады »»
19 қазан 2019 - 15:10
Бүгін, 19 қазанда, қала әкімі жұмыс сапары барысында қаланың Индустриялық аймағындағы жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Сондай-ақ бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көрді.   Бүгінгі таңда аймақ аумағында іске асыру үшін 39 жоба мақұлданып, онда 5200-ден астам жұмыс орны құрылады. Алты кәсіпорын пайдалануға берілді. Олардың қатарында жылыжай кешені, сондай-ақ қағаз қаптарды, оргтехникаға арналған картридждерді, өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйелерін, кабель өнімдерін, скотч пен стрейч-пленка...
Алматыда осы сенбіде Түркістан облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді »»
18 қазан 2019 - 16:13
19 қазанда «Астана» алаңында (Төле би көшесі, Абылай хан даңғылы мен Панфилов көшесінің арасы) Түркістан облысының кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.   Арыстың, Кентаудың, Түркістанның, Шымкенттің және 13 облыс ауданының тауар өндірушілері 210 тонна өнім әкеледі. Алматылықтар таңдауына 50-ден астам тауар түрлері ұсынылады. Ассортиментте: 60 тонна ет және балық өнімдері, 5 тонна сүт өнімдері, 130 тонна жеміс пен көкөніс, сонымен қатар 15 тонна ұн, жарма мен басқа да өнім түрлері...
Ертең, 19 қазанда «Медеуде» жаңа маусым ашылады
18 қазан 2019 - 16:50
Алматы әкімдігі белсенді демалысты және конькимен сырғанауды ұнататындар үшін бірқатар жаңалықтар дайындады.   Жаңа маусымда қонақтарды бірқатар едәуір өзгерістер күтуде. Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мұз айдынындағы сервистің сапасы мен деңгейіне ерекше назар аударылған. Бірінші кезекте, мұздың сапасына мән берілген. Негізгі шешім - мұз қатырғыштар саны ұлғайтылды. Бұдан былай күндізгі және кешкі дайындық жұмыстарынан өзге демалыс күндері мұзды күні бойына екі рет дайынд...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56