^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 12 шілде 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда қаржының бір бөлігін тұрғындардың өзі белгілейтін «Бюджетке қатысу» пилотты жобасы қолға алынады
08 сәуір 2019

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қоғамдық кеңестің отырысында келер жылдан бастап «Бюджетке қатысу» пилотты жобасын қолға алуды ұсынды, мұнда қаланың әр ауданына нақтылы сома аударылады, ал оны тұрғындардың өздері ең маңызды бағыттарға бөлетін болады.

Қазіргі кезде Алматы әкімдігі озық тәжірибелер негізінде тиімді әрі үнемді жұмсау қағидасы бойынша бюджет шығындарын оңтайландыруда. Белгілі болғандай, бұрындары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша негізсіз шығындар 5,5 млрд. теңгеге қысқарып, «Бақытты отбасы» өңірлік бағдарламаны қаржыландыруға аударылған болатын.

«Нұр Отан» партиясының фракциясымен бірге бюджет шығындарына қосымша сараптама жүргізілді, сондықтан Қоғамдық кеңестің қарауына тағы 7 миллиард теңгеден астам қаржыны қысқарту ұсынылады. Бұрын қолдауға ие болған Меңдіқұлов, Шухов көшелеріндегі және «Буденный», Мемлекеттік музей жанындағы «Журналистер» скверлерін, Жас қанат ықшам ауданындағы Маяк паркін, 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақты абаттандыру жөніндегі жобаларды кейінге қалдыру ұсынылады. Бұл жобаларды тұрғындар талқылауы тиіс деп есептеймін. Жалпы, бюджет қала тұрғындарының пікірі негізінде құрылады. Біз шағымдар мен ұсыныстарды үнемі зерттеудеміз», - деді Бауыржан Байбек.

Осылайша, кері байланыс жүйесі ретке келтірілуде. Алматы әкімдігінің барлық әлеуметтік желілерде ресми аккаунттары бар, тек Instagram парақшасына 200 мыңға жуық адам жазылған. Күн сайын 500 өтініш түсуде, олардың әрқайсысы «Open Almaty» бірыңғай жүйесіне енгізіледі, бақылауға алынып,сарапталады.

Тұрғындар өтініштері негізінде бюджеттің басым бөлігі маңызды мәселелерге бағытталған, олар: қалаға қосылған елді мекендерді абаттандыру, қоғамдық көлікті дамыту, жолдар мен желілер, мектеп пен бала бақшалар, емханалар салу. Нәтижесінде шағымдар саны 3 есе қысқарды.

Азаматтар өтініштеріне жедел жауап қайтару үшін Бірыңғай байланыс орталығы құрылуда, мұнда қаланың барлық басқармалары, аудан әкімдіктері, апатты және коммуналдық қызметтер бір нөмірге біріктірілген. «Open Almaty» мобилді қосымшасы онлайн-қызмет көрсету бойынша қаланың түрлі сервистерінің басын қосып отыр.

«Келер жылдан бастап «Бюджетке қатысу» пилотты жобасын бастауды ұсынамын, мұнда әр ауданға нақтылы сома аударылады, ал оны тұрғындардың өздері маңызды бағыттар бойынша бөлетін болады. Қала тұрғындары «Open Almaty» жүйесі арқылы өз ұсыныстарын, жобаларын ұсынады, олар жарияланып, көпшілік дауысқа салынып, үздіктері анықталады. Ұсынылған жобаларға Қоғамдық кеңес мүшелері, сарапшылар, бюджеттік комиссия бағаларын береді. Алматыда әр ауданға орта есеппен жарты миллиард теңге бөлуге болады деп есептеймін. Яғни, сегіз ауданға 4 млрд. теңге немесе қала бюджетінің 1%-ы бөлінеді», - деді Бауыржан Байбек.

Мегаполис әкімі БҰҰ-ның ұсыныстарына сәйкес дамыған елдердің бюджеті осылайша 0,5% дан 1%-ға дейінгі көлемде жасақталатынын айтты. Бұл ашықтықтың бір критерийі және азаматтардың кемелденуі. Мұндай бастама Лондонда, Римде, Берлинде, Парижде, Мәскеуде енгізілген.

«Бізге қоғамдық пікірді есту ғана емес, бюджеттік шешімдердің орындалуына жауапкершілікті күшейту әрі азаматтық бастамаларды қаржыландыру маңызды. Іске бұл тұрғыдан келу өзгенің есебінен күн көру қағидасын жойып, өз қаласына деген оң көзқарасты нығайтады. Бұлардан өзге, қала басқармалары кері байланыс арналары арқылы ірі жобаларды тұрғындармен, бизнеспен, сарапшылармен бірге талқылағандары жөн. Қоғамдық кеңес мүшелері бұл бастамада барынша белсенділік танытулары тиіс деп есептеймін», - деп қорытындылады сөзін Бауыржан Байбек.

Еске салсақ, отырыс барысында «Көкжайлау жобасын жүзеге асыруды кейінгі қалдыру және босаған қаржыны қалалық бағдармаларды орындауға жұмсау туралы шешім қабылданды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Сағынтаев: COVID-19-дың науқастарын емдеу үшін қосымша және резервтік орындар құрылады »»
11 шілде 2020 - 16:00
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Halyk Arena-дағы коронавирустық инфекциясы бар науқастарды емдейтін аурухана ретінде жұмыс істеуге дайындық барысымен танысты.   Қала әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасында қаладағы инфекциялық және провизорлық ауруханаларға қосымша орындар ұйымдастыру туралы жазды. «Қаладағы жұқпалы және провизорлық стационарлар үшін қосымша ашылуға тиіс орындардың ұйымдастыру барысымен таныстым. Halyk Arena-да 1 мың орынға арналған, соның ішінде реанимациялық 60 ор...
Алматыда бүгін кеңауқымды акция бастау алды «Өзіңді сақта! Жақындарыңды сақта! Бетперде ки!» »»
10 шілде 2020 - 22:01
Оның мақсаты — азаматтардың назарын қарапайым талаптарға аударту, сол талаптарды орындау оларды қауіпті вирусты жұқтырудан сақтайды.   Бетперде киіп, карантин талаптарын сақтай отырып, алдымен біз тек өзіміз жайлы ғана емес, сонымен бірге, өзіміздің ең жақын жандарымыз, балаларымыз бен ата-аналарымыздың да қамын ойлаймыз. Дәл осы адамдар үшін ол өте қауіпті және қатерлі болуы мүмкін. Өзіңіз бен өзіңіздің отбасыңызды қорғаңыз, вирусты тоқтатуға көмектесіңіз! Бұл қазір әрқайсымызға байланысты!...
Алматы әуежайына COVID-19 қарсы дәрілік препараттардың ірі партиясы жеткізілді »»
10 шілде 2020 - 16:30
Алматы қаласының халықаралық әуежайына дәрілік препараттары бар бірінші әуе рейсі келіп қонды.   Бүгін барлығы екі рейспен Ресейден 55 тонна медикамент жеткізіледі, жүк құрамында әлеуметтік маңызды 10-нан астам препарат атауы бойынша шамамен 3 млн қаптама, соның ішінде, дене қызуын түсіретін және COVID-19-ға қарсы басқа да дәрілік құралдар бар. Тізімде — азитромицин, цефтазидим, ибупрофен, фраксипарин, метронидазол, цефтриаксон, гепарин, нимесулид, левофлоксацин, меропенем порошок, эноксапарин ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz