^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 27 мамыр 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі АҚШ Елшісімен кездесті
11 сәуір 2019

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Елшісі Уильям Мозермен кездесті. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

АҚШ Қазақстанның жетекші серіктестерінің бірі болып табылады. Алматы қаласында жылу коммуникация, қаржы, сауда және басқа салаларда американдық капиталмен 172 кәсіпорын жұмыс істейді. Алматы мен АҚШ арасындағы тауар айналымы өткен жылдың 11 айы ішінде бұрнағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11%-ға өскен немесе 470 миллионнан астам АҚШ долларын құраған.

«Кейде мен өзімді алматылық ретінде сезінемін, өйткені осында 1996 жылдан үш жыл қатарынан тұрдым. Ол уақыт мен және отбасым үшін ғажап кезеңдер болды, балаларым осы қалада өсті. Қазіргі кезде Алматы қаласы бұрынғыдан да нұрланып кетіпті, динамика сезіледі, ауқымды жобалар жүзеге асуда. Мені адамдар көңілді қыдырып жүрген жаяу жүргіншілердің Панфилов көшесі қатты қызықтырды. Жүргінші аймақтарының, балалар алаңдарының саны артыпты, бұл көңіл қуантады. Қаланы адамдар игілігіне айналдыру үшін атқарылып жатқан оң істер көрініп тұр», - деді АҚШ Елшісі.

Кездесу кезінде Уильям Мозер Алматының АҚШ-тың Бас консулдығы орналасқан Орта Азиядағы жалғыз қала екенін атап өтті.

«Біз қалаға стратегиялық мән береміз және Бас консулдық үшін жаңа нысан салуды жоспарлаудамыз, бұл ұзақ мерзімді әріптестік байланысты дамытуға оң ықпал етеді. Меніңше инвесторларды және Қазақстанда еңбек етуге ниет білдіруші түрлі американдық компанияларды қызықтырады де ойлаймын», - деп қорытындылады сөзін дипломаттық миссия басшысы.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Б. Сағынтаев қалалықтарға әлеуметтік қолдау көрсету шаралары туралы айтты »»
27 мамыр 2020 - 19:46
Қала әкімі Б. Сағынтаев онлайн баспасөз конференциясы барысында төтенше жағдай мен карантин кезінде әлеуметтік қолдауға мұқтаж қалалықтарға қолдау көрсету шаралары туралы айтты.   Президент Қ.-Ж. Тоқаевтың берген тапсырмасына сәйкес ТЖ енгізілуіне орай табыстарынан айрылған жандарға ең төмен көлемдегі бір айлық жалақы (42 500) ай сайын берілді, аз қамтылған адамдар санатына жататындардың коммуналдық қызметтері төленді. 440 мыңнан астам алматылық 42 500 тг көлемінде қаржылық көмек алды. ТЖ жағдай бар...
Маскалық режим және карантин шараларын сақтау туралы »»
27 мамыр 2020 - 19:02
Алматы әкімі Б. Сағынтаев БАҚ үшін болған брифингте қаланың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын тұрақтандыру шаралары және санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы айтты.   Төтенше жағдай кезінде өзін-өзі оқшаулау мен карантиндік шараларды іске асыру жұртшылықтың індетті жаппай жұқтыруына тосқауыл болды, соның арқасында қалалықтар арасында ауыр зардаптар орын алған жоқ. Індеттен сақтануға ықпал ететін маскаларды көшеде кию жұқтыру тәуекелін азайтады. Сонымен қатар, ДДҰ мәліметі бойынша адамд...
COVID-19 бойынша жаппай тестілеу жүргізу Алматыда жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді »»
27 мамыр 2020 - 19:28
Алматы әкімі Б. Сағынтаев БАҚ үшін болған брифингте санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралары және мегаполистің тыныс-тіршілігін қалпына келтіру туралы айтты.   Бақытжан Сағынтаев хабарлағандай, жаппай тестілеуден медұйымдардың, құқық қорғау органдарының, Ұлттық гвардияның, коммуналдық қызметтің қызметкерлері, тыныс алу жолдарында бұрыннан аурулары бар сырқаттар, респираторлық ауру белгілері бар науқастар өтті. Басты мақсат — індетті жұқтырудың нақтылы ошағын анықтау және эпи...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz