^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 16 маусым 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда маусым айында газбен жүретін 200 жаңа автобус жолға шығады
12 сәуір 2019

Алматыда көлікті реформалау аясында жылжымалы составты жаңарту және қаланың бағыт жүйесін ұлғайту жалғасуда. Маусым айында қала көшелеріне газбен жүретін төмен еденді 200 автобус шығатын болады. Барлығы биылғы жылы 460-тан астам жаңа автобус алу жоспарланған.

Сыйымдылығы үлкен жаңа автобустар кондиционерлермен, пандустармен және видеобақылау камералары жүйелерімен қамтылған. Жаңа жылжымалы состав көлікті күту уақытын және бағыттардағы кептеліс сағаттарын қысқартуға ммүмкіндік береді.

Айта кетерлігі, қазірдің өзінде «Алматыэлектротранс» ЖШС орнатқан камералар арқылы жүргізушілер бақылауға алынған. Барлық тәртіп бұзушылық тәртіптік кеңесте қаралады.

Ең бастысы, жолақысын қолма-қол төлемінсіз, «Оңай» жүйесін енгізу арқылы қаланың автобус парктері 80%-ға жаңарды, көлеңкелі айналымдағы қаржы шығарылды.

Егер бұрындары автопарктер бюджет қаржысы есебінен жаңарса, ал қазір тасымалдаушылар өз қаржыларын инвестициялауға ммүкіндік беретін ашық нарықтық мехнаизмді ұтымды қолдануда. Жыл басынан бері қарай №65, №60, №14 тығыз бағыттар бойынша 125 жаңа автобустар жүре бастады

Жалпы, Алматыда көлік реформасы аясында екі жыл ішінде ғана қаланың автобус паркі 80%- дан астамға жаңарды, еліміздегі алғашқы BRT желісі жұмыс істей бастады, каршэринг қызметі енгізілді, метроның екі стансасының құрылысы жалғасуда және LRT қолға алынды.

Бұлардан өзге,15 сәуірден бастап қалада 120-дан астам көшені орташа жөндеу басталады, қаланың 14 ықшам ауданындағы 456 көшеге жаңа жолдар салынады. Ең бастысы, жөндеу жұмыстары қоғамдық көліктің жүру кестесі мен бағыт қозғалысына кері әсерін тиігзбейді. Кептелісті болдырмау үшін жолды толық жабу тек түн мезгілінде ғана жүргізіледі.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Бауыржан Байбек Алматы көшелерін реконструкциялау барысын тексерді »»
14 маусым 2019 - 18:52
Жұмыс сапары кезінде Бауыржан Байбек «Қала адамдар үшін» концепциясы аясында Алматының тағы бірқатар көшелерін модернизациялау жөніндегі құрылыс жұмыстарының және инженерлік коммуникацияларды реконструкциялаудың барысын тексерді. Жайлы қала кеңістігін қалыптастыру мақсатында биылғы жылы Достық даңғылы, Жібек жолы мен Байсейітова көшелерінің бойында энергия жинақтаушы тротуар шамдары, көше жиһаздары, спорт және балалар алаңдары, фонтан кешендері пайда болады. Жасылдандыру қолға алынады, ескі ағ...
Алматы әкімі «Vision Zero» аясында жолдарды реконструкциялауды тексерді »»
13 маусым 2019 - 19:52
Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Vision Zero Almaty» бойынша жолдарда өлімді азайтудың Жоспары аясында жол инфрақұрылымдарын реконструкциялауды тексерді. Биылғы жазда қаланың 140-тан астам жолдары жөнделуде, олардың 56-ы жаяу жүргіншіге бейімделген. Олар - бекет кешендерінің айналасы, кең қозғалыс бөлігінің жиектері және өтпелі жолдардың қауіпсіз аймағы. Жалпы, қала бойынша көпшілік жиі жүретін әрі апаттық деңгейі жоғары 72 проблемалы уческе анықталған, алдыңғы қатарлы мегаполистерде балама реті...
Алматыда Достық даңғылы мен Жібек жолы көшесін реконструкциялау басталады »»
12 маусым 2019 - 17:17
Алматыда Достық даңғылы мен Жібек жолы көшесінің учаскелерін реконструкциялауға қатысты автокөлік пен жаяу жүргіншілер үшін кейбір қозғалыс бөліктері жабылады. Мысалы, 13 маусымда Жібек жолы бойымен Желтоқсан көшесінен Наурызбай батыр көшесіне дейін автокөлік қозғалысы жабылады. Көшенің солтүстік жағындағы жаяу жүргінші жолы ашық. Достық даңғылы бойында тек жаяу жүргіншіге қатысты екі учаске ғана Құрманғазы көшесінің төменгі шығыс жағы мен Қабанбай батыр көшесі жабылады. Қоғамдық кеңістікті модернизациял...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13