^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 24 қыркүйек 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда теміржол шпалдарын шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды
17 мамыр 2019

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Түрксіб ауданына жұмыс сапары кезінде Алматы көпір конструкциялары зауытындағы теміржол шпалдарын шығаратын жаңа өндіріс орнының ашылуына қатысты. Кәсіпорын 1,8 млрд. теңгені инвестициялаған, 100-ден аса жаңа жұмыс орны құрылған.

Жүрдек пойыздардың сағатына 300 километрге дейінгі жылдамдықпен жүруіне мүмкіндік беретін теміржол шпалдарын шығару үшін немістің Vollert технологиясы қолданылады. Өндірістің жобалық қуаты - жылына жарты миллион шпал.

«АЗМК» ЖШС бас директоры Шухрад Шардиновтың айтуынша, шпал шығару өндірісінің артықшылығы өнімнің термоылғалдану кестесін нақтылы бақылайтын автоматты бағдарламамен қамтамасыз етілуі. Бұдан өзге, автоматтандыру шпал жасау уақытын екі есе қысқартып, өнімділікті екі есе, ал өндіріс алаңдарын төрт есе арттырды.

«Бүгінгі күні қаладағы 1,5 мың өндіріс орындары мен АЗМК сала флагмандары. Мұнда 500-ден аса адам еңбек етеді, шынайы еңбек әулеттері қалыптасқан. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша елімізде көлік инфрақұрылымы қарқынды дамуда, сондықтан кәсіпорын өнімдері барынша қажет болады. Елбасы айтқандай, барлығы еңбек адамы үшін жасалуда, жұмысшы мамандығы қашанда құрметті», - деп атап өтті Бауыржан Байбек зауыт ұжымымен жүздесу барысында.

Айта кетерлігі, қазіргі кезде мегаполисте бизнестің Жол картасы 2020 және Жібек жолы қалалық бағдарламасы арқылы отандық кәсіпорындарға қолдау көрсету аясы барынша арта түсуде. Инвестициялық аухал жақсаруда. Биылғы жылдың тек үш айы ішінде ғана шетелдік инвестициялар 21,4%-ке артып, 111,1 млрд. теңгені құрады.

Алатау ауданындағы Индустриалды аймақта құны 144 млрд. теңге болатын 39 жоба жүзеге асуда. Жапондық, гонконгтік, неміс және қытайлық, ресейлік капиталдардың қатысуымен 5 зауыт ашылды. Олардың ішінде жылына қуаты 550 мың тонна тұрмыстық қатқыл қалдықтарды сұрыптайтын кешен, электроавтобустардың үшінші буынын жасап шығаратын зауыт және басқалары бар.

Биылғы жылы инвестиция көлемі шамамен 36,7 млрд. теңге болатын тағы 4 кәсіпорынды, оның ішінде болат құбырларын шығаратын «Asia Steel Pipe» ірі қазақстандық-қытайлық зауытты іске қосу жоспарланған. Қуаты жылына 30 мың көлік шығаратын Hyundai автомобиль зауытының құрылысы басталды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда алғашқы қалалық SmartCity Challenge хакатон өтеді »»
23 қыркүйек 2019 - 14:03
Алматыны дамыту орталығы қала әкімдігінің қолдауымен Almaty SmartCity Challenge хакатон - қалалық жарыс өткізеді.   Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте «Алматыны дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Олег Сек аталған шараның белгілі бір сала бойынша жаңа идеяның туындауына және тура сол ортада оны жүзеге асыруды ынталандыруға ықпал ететінін хабарлады. Хакатон форматының басты ерекшелігі - біліктілігі мен мамандығы түрлі жандардың басын қоса отырып, менто...
Алматының Цифрландыру басқармасының басшысы тағайындалды »»
23 қыркүйек 2019 - 14:12
Қала әкімінің өкімімен Алматының Цифрландыру басқармасының басшысы болып Баян Қоңырбаев тағайындылды.   Б. Қоңырбаев 1986 жылы 27 тамызда туылған. 2008 жылы Алматының Энергетика және байланыс университетін бітірген. Ол – Цинхуа университеті (Қытай), Швейцарияның бизнес академиясы (Швейцария), Массачусетc технология институты (АҚШ) сынды шетелдік жоғары оқу орындарының түлегі. Еңбек жолын 2009 жылы «Сұңқар» медициналық компаниясының Қытайдағы өкілі болып бастаған. Әр жылдары ҚХР, АҚ...
Алмалы ауданының тұрғындары не нәрсеге жиі шағымданады »»
23 қыркүйек 2019 - 13:08
Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының динамикасы және тұрғындар өтініштерін шешу шаралары туралы айтты.   Аудан әкімі аудан тұрғындарынан түскен сұрақтар мен өтініштерді шешуге ерекше назар аударылатынын хабарлады. Мысалы, Алматы әкімнің әлеуметтік желілеріне Алмалы ауданының тұрғындарынан 2078 өтініш түскен. Олардың 2043-і орындалды, 35-і жұмыс үстінде. Сұрақтардың басым көпшілігі коммуналды шаруашылы...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56