^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2020
 
     
 
Жаңалықтар
«Алматы-Ұзынағаш» теміржол бағыты күніне екі рет қатынайтын болады
21 мамыр 2019

Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Алматы-Ұзынағаш» бағыты бойынша жүретін жылжымалы составты қарап шықты. Жолаушы легінің артуына байланысты қала басшылығы қосымша субсидиялау есебінен осы бағыттағы вагондар саны мен қатынау жиілігін көбейту жөнінде шешім қабылдады.

Аралық стансалар «Боралдай», «Аксеңгір», «Шамалған» және «Жангелді» елді мекендерінде орналасқан. Қала маңына қатынайтын бағытта күніне 900-ге жуық адам болады, дегенмен жаз кезінде азаюы мүмкін, сондықтан 25 тамыздан бастап бағытты күшейту жоспарланған. Егер бұрын аталған бағыт бойынша ары-бері 6 вагон қатынаса, енді 25 тамыздан бастап бағытқа 9 вагон қызмет көрсетеді және екі айналма рейс жасайды. Вагондар кондиционер желісімен, санузел жүйесімен, телевизормен жабдықталған.

Мегаполис әкімі қалаға күніне 275 мың автомобильдің кіретінін, оның көлік инфрақұрылымы мен экологияға кері әсері ететінін атап өтті. Осы теміржол бағытын ғана субсидиялау көлік легін 10 мың автомобильге қысқартуға мүмкіндік береді екен.

«Кейбір желі қолданушылары талап еткендей, қалаға келетін жеке көлікті қыспаққа алу - дұрыс емес. Біріншіден, бәріміз бір елдің азаматтарымыз. Екіншіден, қозғалыстың балама түрін құру қажет. Қала маңына жақын орналасқан аудандар тұрғындарының басым көпшілігі Алматының еңбек нарығымен тікелей байланысты. Сондықтан біздің басты міндетіміз – сапалы қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету. Әрине, алматылықтар бұл бағытты пайдаланбайды, алайда экологияны жақсарту, кептелісті болдырмау мақсатында біз бұл жұмысты күшейтеміз. Қала маңындағы тасымал Алматының көлік жүйесінің құрамдас бөлігіне айналуы тиіс. Бұдан барлығымыз ұтамыз, бірінші кезекте алматылықтар», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, Алматыдағы көлік реформасы аясында қаланың автобус паркі 80%-дан астамға жаңарды, еліміздегі алғашқы BRT желісі іске қосылды, каршэринг қызметі енгізілді, метроның жаңа екі бекетінің құрылысы жалғасуда, LRT жобасы жүзеге асуда.

Бұрын «ҚТЖ» АҚ «Алматы-1» және «Алматы-2» теміржол вокзалдарын қала балансына беру туралы шешім қабылдаған еді. Бұл әкімдікке нысандарға тиесілі реконструкция жүргізуге ғана емес, сонымен қатар оларды мегаполистің көлік инфрақұрылымының бір бөлігі ретінде дамытуға мүмкіндік береді.

Жергілікті бюджет есебінен 2018 жылы екі теміржол вокзалдарының алаңдары жаңарды. Қоғамдық көлік әлеуеті үшін вокзалдар алды қайта бөлінді, қауіпсіздік бөлігімен бірге жаяу жүргіншілердің өтпелі жолдары абаттандырылды және видеобақылау камералары орнатылды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады »»
09 қыркүйек 2020 - 17:02
Президентке Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайы және коронавирус індетінің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.   Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ә...
Алматы қаласының Мәдениет нысандары карантин шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде »»
08 қыркүйек 2020 - 15:59
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, карантиннің жеңілдетілуіне байланысты 1 қыркүйектен бастап қалада мұражайлар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады.   «Алматы қ. музейлер бірлестігі» КМҚК (Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар Мұражайы, Д. А. Қонаев  Мұражайы, Н. Тілендиев атындағы Мемориалдық мұражай, С. Мұқанов және  Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі ...
Иесіз электр желілерін қала балансына бергеннен кейін коммуналдық қызметтер сапалы болады: Алматыда жеке шоттарды ашу алгоритмі туралы айтылды »»
07 қыркүйек 2020 - 18:59
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында, Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Сағындықов, иесіз желілерді қала балансына беру кезінде дербес шоттарды ашу алгоритмі туралы айтып берді.   Алматы қаласының әкімшілігі қала тұрғындарының өміріне қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде сапалы коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін ауқымды жұмыс ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz