^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда әлеуметтік қызметтің Бірыңғай орталығы пайда болады
21 мамыр 2019

Алматы әкімі Бауыржан Байбек әлеуметтік қызметтің Бірыңғай орталығы орналасатын ғимаратты қарап шықты. Абай мен Достық даңғылдарының қиылысындағы нысанда күрделі жөндеуден өткен соң open-space форматында Әлеуметтік әл-ауқат және Тұрғын үй саясаты басқармалары, сонымен қатар Алматы халқын еңбекпен қамту Орталығы жайғасатын болады.

Қазіргі кезде мегаполисте түрлі әлеуметтік қызмет алатын 300 мыңнан астам адам тұрады. Олар түрлі мекемелерде көрсетілетіндіктен, халық олардың көпшілігін біле бермейді.

Бірыңғай орталықта «бір терезе» қағидасы бойынша мекенжайына қарамастан 60-тан астам әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Мысалы, мемлекеттік тұрғын қорындағы үйді жекшелендіру, түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу, протездік-ортопедиялық көмекке өтініш беру және басқалары осы жерде атқарылады.

«Мемлекет басшысы соңғы кеңестердің бірінде айтып өткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру үшін алдын-алу жұмыстарын жүргізген жөн. Тұрғын қызметтерді іздемей, қайта қызметтер оған келуі тиіс. Олар барынша ашық әрі жариялы болуы, субьективті факторға жол берілмеуі қажет. Біз осы принцип бойынша аналарға қолдау көрсететін «Бақытты отбасы» үйін, «Белсенді ұзақ өмір» атты қарттардың белсенді ұзақ өмір орталығын, Урбанистика орталығын, IT саласы мен электронды коммерцияның жетекші компаниялары орналасқан Инвестиция үйін аштық. Коммуналды мәселелер бойынша бірыңғай байланыс орталығы құрылатын болады», - деді Бауыржан Байбек.

Жоғарыда аталған басқармалар мен қызметтерді коммуналды нысанға көшіру жыл сайын 100 миллонға жуық бюджет қаржысын үнемдеуді қамтамасыз етеді.






  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады »»
09 қыркүйек 2020 - 17:02
Президентке Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайы және коронавирус індетінің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.   Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ә...
Алматы қаласының Мәдениет нысандары карантин шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде »»
08 қыркүйек 2020 - 15:59
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, карантиннің жеңілдетілуіне байланысты 1 қыркүйектен бастап қалада мұражайлар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады.   «Алматы қ. музейлер бірлестігі» КМҚК (Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар Мұражайы, Д. А. Қонаев  Мұражайы, Н. Тілендиев атындағы Мемориалдық мұражай, С. Мұқанов және  Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі ...
Иесіз электр желілерін қала балансына бергеннен кейін коммуналдық қызметтер сапалы болады: Алматыда жеке шоттарды ашу алгоритмі туралы айтылды »»
07 қыркүйек 2020 - 18:59
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында, Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Сағындықов, иесіз желілерді қала балансына беру кезінде дербес шоттарды ашу алгоритмі туралы айтып берді.   Алматы қаласының әкімшілігі қала тұрғындарының өміріне қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде сапалы коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін ауқымды жұмыс ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz