^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 24 қыркүйек 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда 27 фонтандар салынды және қалпына келтірілді
24 мамыр 2019

Алматыда жайлы қалалық орта қалыптастыру мақсатында жаңа субұрқақтар салу мен «ұмыт болғандарын» қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Құрманғазы атындағы консерватория ғимараты алдындағы ең көне музыка аспабы - домбыра түрінде жасалған фонтанды көрді.

Қаладағы алғашқы субұрқақтар 1948 жылы Абай атындағы МАТОБ ғимараты жанындағы скверде пайда болған еді. Қазіргі кезде Алматы аумағында100-ге жуық фонтандар бар. Соңғы үш жыл ішінде 27 фонтан салынды және қалпына келтірілді.

Биылғы жылы Достық даңғылын Құрманғазы, Жамбыл көшелерінің қиылысында реконструкциялау барысында және Абай атындағы ҚҰПУ алдында үлкен фонтан кешенін және екі құрғақ субұрқақ салу жоспарланған. Бұлардан өзге, Бауыржан Байбек Тұңыш Президент атындағы парктегі орталық фонтанды реконструкциялау және М.Әуезов атындағы драма театры алдындағы субұрқақ конструкцияларының 50 және одан көп пайызға ескіргеніне орай қайта жасауды тапсырды.

Биылғы жылы қалалықтарды Абай даңғылындағы, Спорт және туризм академиясы алдындағы, бұрынғы Түрксіб ауруханасы алдындағы жаңа фонтандар қуанышқа бөлейді. Назарбаев даңғылы бойындағы ҚТЖ ғимараты алдындағы бұрынғы көлік тұрағының орнында жаңа фонтан пайда болды. Оларға жақын маңға бірнеше құрғақ субұрқақтар салынды.

Ұлттық кітапхана мен Байсейітов көшесінің арасына фонтан салынды. Лермонтов атындағы академиялық орыс драма театры алдындағы бос тұрған субұрқақ жөнделді.

Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында бірнеше жаңа фонтандар пайда болды. Абылай хан даңғылы бойындағы Шевченко мен Қарасай көшелерінің қиылысындағы ескі субұрқақтар реконструкцияланды. Бұлардан өзге, Алматы-2 теміржол вокзалы алдында құрғақ субұрқақ іске қосылды.

Жаяу жүргінші кеңістігін қалыптастыру кезінде Панфилов, Жібек жолы көшелері мен «Астана» алаңында жеті фонтан салынды. Қайта жасалған Орталық саябақтың шығыс жағына жазғы сахна жанында алма ағашы бейнеленген жаңа фонтан пайда болды. Мұнда 10 жыл бойы бос тұрған ескі субұрқақ жөндеуден өтті.

Айта кетерлігі, 2015 жылы қалалықтардың талқылауынан соң қабылданған «Алматы-2020» бағдарламасы аясында мегаполисте тарихи орталықтың 60%, 600 көше мен 1400 ескі аулалар жөнделді. Көше жарығының үштен бірі диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылды, 300 км арық және 2000 км инженерлік желілер ауыстырылды. Қаланың барлық өтпелі жолдары жаңарды.

Биылғы жылы қаланың барлық көпқабатты үйлерінің 50 пайызын қамтитын тағы 600 ауланы жөндеу жоспарланған. 120-дан астам көшеде орташа жөндеу басталды. Бұлардан өзге қаланың 14 ықшам аудандарында 456 көше салынуда. Қаланың шет аймақтарындағы бірқатар парктер, скверлер мен жүргінші аймақтары абаттандырылады. Қала кеңістігінің қауіпсіздігі үшін 120-дан астам көшеге жаңа LED шамдары орнатылады.












  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда алғашқы қалалық SmartCity Challenge хакатон өтеді »»
23 қыркүйек 2019 - 14:03
Алматыны дамыту орталығы қала әкімдігінің қолдауымен Almaty SmartCity Challenge хакатон - қалалық жарыс өткізеді.   Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте «Алматыны дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Олег Сек аталған шараның белгілі бір сала бойынша жаңа идеяның туындауына және тура сол ортада оны жүзеге асыруды ынталандыруға ықпал ететінін хабарлады. Хакатон форматының басты ерекшелігі - біліктілігі мен мамандығы түрлі жандардың басын қоса отырып, менто...
Алматының Цифрландыру басқармасының басшысы тағайындалды »»
23 қыркүйек 2019 - 14:12
Қала әкімінің өкімімен Алматының Цифрландыру басқармасының басшысы болып Баян Қоңырбаев тағайындылды.   Б. Қоңырбаев 1986 жылы 27 тамызда туылған. 2008 жылы Алматының Энергетика және байланыс университетін бітірген. Ол – Цинхуа университеті (Қытай), Швейцарияның бизнес академиясы (Швейцария), Массачусетc технология институты (АҚШ) сынды шетелдік жоғары оқу орындарының түлегі. Еңбек жолын 2009 жылы «Сұңқар» медициналық компаниясының Қытайдағы өкілі болып бастаған. Әр жылдары ҚХР, АҚ...
Алмалы ауданының тұрғындары не нәрсеге жиі шағымданады »»
23 қыркүйек 2019 - 13:08
Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының динамикасы және тұрғындар өтініштерін шешу шаралары туралы айтты.   Аудан әкімі аудан тұрғындарынан түскен сұрақтар мен өтініштерді шешуге ерекше назар аударылатынын хабарлады. Мысалы, Алматы әкімнің әлеуметтік желілеріне Алмалы ауданының тұрғындарынан 2078 өтініш түскен. Олардың 2043-і орындалды, 35-і жұмыс үстінде. Сұрақтардың басым көпшілігі коммуналды шаруашылы...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56