^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 19 қыркүйек 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Бауыржан Байбек Әуезов ауданындағы әлеуметтік инфрақұрылымының даму барысын тексерді
07 маусым 2019

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Әуезов ауданын аралаған жұмыс сапары кезінде Таугүл-3 елді мекеніндегі «Белсенді ұзақ өмір» орталығының жұмысымен танысты және Елбасының «Туған жер» бағдарламасы бойынша Мамыр-5 ықшам ауданында жеке инвестиция есебінен салынған жаңа бала бақшада болды.

«Белсенді ұзақ өмір» қалалық бағдарлама аясында ашылған екінші Орталықта егде жандарға күн сайын медициналық-әлеуметтік, білім кешенді қызметтері көрсетіледі, психологиялық тренингтер өткізіледі, құқықтық кеңес беріледі, дұрыс тамақтану жолдары үйретіледі, қарттар емдік денешынықтырумен, иогамен, хореографиямен айналысып, ағылшын тілі және компьютерлік сауаттылық бойынша дәріс алады. Егер өткен жылы Алмалы ауданында ашылған алғашқы осындай орталықта 9 мыңнан астам адамға түрлі қызмет көрсетілсе, ал мұнда небәрі бірнеше ай ішінде ғана 4 мыңнан астам қалалықтар қамтылған.

«Қазіргі кезде Алматы тұрғындарының 12%-ы - аға ұрпақ өкілдері. Біздің міндетіміз - оларға қажетті барлық жағдайды жасау, қамқорлыққа алу, зейнетке шықса да белсенді өмір сүрулеріне, жаңа достар, жаңа ізденістер табуларына ықпал ету. Жақын арада Алатау және Бостандық аудандарында осындай орталықтар ашылады. Тағы бірі Әуезов ауданындағы Тастақ-1 елді мекенінде іске қосылады. Аға ұрпақ өкілдері белсенді әрі ұзақ өмір сүріп, балалары мен немерелерін қуанышқа бөлей берсін!», - деді Бауыржан Байбек.

Қарт адамдардың өздерін әлеуметтік жағынан жақсы сезінулері және денсаулықтарын нығайтулары үшін қаланың барлық аудандарында тегін бассейндер мен фитнес залдар ұйымдастырылған, 50-ден астам әлеуметтік клубтар ашылған. Жаңа мекеменің қолжетімді болуы үшін қала әкімі 104-ші бағытты ұзартуды тапсырды.







Дәл осы күні Бауыржан Байбек «Туған жер» бағдарламасы бойынша «BI Group» компаниясы Мамыр-5 мөлтек ауданында салған 120 орынды жаңа бала бақшаны аралап көрді.

Қала әкімдігі жер учаскесін берді, инженерлік желілерді жүргізді, ал құрылысты жүргізуші өзінің 600 миллионнан астам теңгесін жұмсап, ғимаратты салды. Жалпы, соңғы жылдар ішінде қалада 553 мемлекеттік және жеке бала бақшалар ашылды, балаларды 83% дейін қатуға мүмкіндік берді.

Айта кетерлігі, халық тығыз орналасқан осы мөлтек ауданда әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту аясында жаңа бала бақшаның шығыс жағында 1200 орынды мемлекеттік мектеп құрылысы басталды. Ал батыс жағына жаңа емхана салу үшін жер телімі бөлінді.






  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда Бүкіләлемдік QS World Wide конференциясы өтуде »»
19 қыркүйек 2019 - 14:44
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Адами мұра және жоғары технологиялар үйлесімі негізінде жетілу» атты Халықаралық QS World Wide білім форумы өтуде.   Халықаралық білім форумына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, халықаралық ұйымдардың, БҰҰ, ЮНЕСКО-ның өкілдері, әлемге танымал ғалымдар, академиялық орта көшбасшылары, әлемнің барлық континенттеріндегі 40 елдің жоғары білім саласының сарапшылары қатысып, жоғары оқу орындарының танымалдығын артт...
Алматыда «Кәсіп алаңы» мотивациялық курстары басталды »»
18 қыркүйек 2019 - 20:39
Екі аптаның ішінде курсқа шамамен 2300 адам қатысты. Жоспар бойынша аталған курс пен вебинарлар 80 000 алматылықты қамтуды көздейді.   «Кәсіп алаңы» атты бір күндік мотивациялық семинарлар мен вебинарлар барысында танымал кәсіпкерлер, салалық сарапшылар, жетекші бизнес-тренерлер дұрыс бизнес құрып, нарықта өз орнын табу сияқты жеке ұсыныстармен бөліседі. Сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы әңгімелейді. «Атамекен» ҚР ҰКП-ның қатысуымен қала әкімдігі әзі...
Алматылықтар «Бюджетке қатысу» пилотты жоба аясында 180-ге жуық өтініш берді »»
18 қыркүйек 2019 - 19:44
Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Бюджетке қатысу» пилотты жобаның аралық қорытындысы шығарылды.   «Алматы қаласының даму орталығы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Олег Сектің ақпараты бойынша, «Бюджетке қатысу» жобасына 19 тамыз бен 18 қыркүйек аралығында Алматы аудандарының аумақтарын жақсарту бойынша жалпы құны 9,2 млрд. теңге болатын 180 өтініш түскен. Жобалы ұсыныстарды қабылдау 30 қыркүйекке дейін жалғасады. 2019-2020 жылдарға арналғ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56