^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 23 шілде 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Б.Сағынтаев Алматы қаласының кәсіпкерлер қоғамдастығымен ШОБ дамытудың өзекті проблемаларын талқылады
10 шілде 2019

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен және қала бизнесмендерімен кеңес өткізді. Оның барысында шағын және орта бизнеске қолдау көрсету механизмдері мен дамыту жөнінде нақтылы және ашық әңгіме өрбіді. Базарларды модернизациялау, туристік потенциалды тиімді пайдалану, Алматының геоақпараттық картасын жетілдіру, ИТ саласы мен цифрландыруды дамыту тақырыптары кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, станционардан тыс сауда нүктелерін құру арқылы көше саудасын ынталандырудың шаралары қаралды.

Мегаполис әкімі Алматының бизнес пен экономиканың сервистік құрылымы бар жеке капитал қаласы екенін атап өтті. Экономикадағы мемлекеттің үлесі 2,4%-дан аспайды, ал шағын және орта бизнестің үлесі 39,5%-ды құрайды, бұл мұнайға тәуелді емес тұрақты экономика.

Дамудың «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы басталды, үкімет тарапынан халық тұтынатын тауарлар шығару, шикізат пен өнімдерді алғаш өңдеу қолдау табатын болады. Кәсіпкерлер 7 жыл мерзімге жылдық мөлшерлемесі 8% болатын жеңілдетілген несиелерді ала бастады. Бұған мемлекет тарапынан 600 миллиард теңге бөлінді.

Мемлекетпен арадағы іс-қимылдың барлық процедуралары жеңілдетілді. Алматыда бизнесті «қағазсыз» жүргізуге, интернет арқылы кәсіп ашуға, есеп-фактураларды толтыруға, банк операцияларын жүргізуге, салық есебін тапсыруға, құрылыс салуға рұқсат алуға, эскиз жобасын және электр желісіне қосылу үшін келісім жасауға әбден болады.

Бір терезе принципі бойынша қалада «Инвестиция үйі» ашылған, мұнда кәсіпкерлерге сервистік қолдау көрсетіледі. 2015 жылдан бастап көшелерді реконструкциялау бойынша ауқымды жұмыстар жүруде, қазір бұл жерлер туристер, тұрғындар мен бизнесмендер үшін тартымды орындарға айналған.

Кеңесте «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов сөз алып, Алматының қаржы орталығы және қаржының қолжетімділігі жағынан жетекші екенін атап өтті. Мысалы, «Дамудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша субсидия алған жобалардың жалпы санының 7 %-ы Алматыға тиесілі.

Ағымдағы істер туралы қала кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов айтып өтті.

Алматының кәсіпкерлер қоғамдастығының өкілдері түрлі салаларда қаланың бизнес-ахуалын одан әрі жетілдіру бойынша өздерінің ойларын ортаға салды, олар: «Meat Product Service» ЖШС бас директоры Бақытжан Әбдірәсілов, «Alina group» ЖШС директоры Ерлік Балфанбаев, «ЭФКО-Алматы» ЖШС директоры Нұржан Қожамұратов, IDC өңірлік директоры Андрей Беклемишев, Қазақстан кәсіпкерлері форумының атқарушы директоры Мунавара Палташева, «Tornado Plus» ЖШС директоры Игорь Проценко, «Tanmedia group» директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов және басқалары. Базарларды модернизациялау, туризмді дамыту, МЖС механизмдері, электронды сауда субьектілері үшін салық преференциясы бойынша бұрыннан бар мәселелер мен оларды шешу жолдары кеңінен сөз болды.

АНЫҚТАМА

Алматы еліміздің қаржы орталығы ретінде қаржының қолжетімділігі жағынан жетекші орында. Мысалы,«Дамудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша субсидия алған жобалардың жалпы санының 7 %-ы Алматыға тиесілі. Жалпы ШОБ саны 4,3%-ға, өңдеу өнеркәсібі көлемі 7,8%-ға, бөлшек сауда айналымы 5,3%-ға, көтерме сауда айналымы 3,5%-ға өскен. Қазіргі кезде Алматыға көтерме сауданың 46%, бөлшек сауданың 32%, еліміздің сыртқы сауда айналымының 20%, ҚР ЖІӨ 20% тиесілі.







  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


«Алматы» телеарнасының Бас директоры тағайындалды »»
23 шілде 2019 - 09:03
Кеше, 22 шілдеде «Алматы» телеарнасының ұжымы жаңа басшымен танысты. «Алматы» телеарнасының директорлар кеңесінің шешімімен «Қазақ радиолары» ЖШС бұрынғы Бас директоры Нұржан Мұхамеджанова «Алматы» телеарнасының Бас директоры қызметіне тағайындалды. Мұхамеджанова Нұржан Жалауқызы еңбек жолын Қазақ радиосында балалар мен жастарға арналған бағдарламалар редакторы қызметінен бастаған. 1991 жылы Қазақ радиосының «Шалқар» ақпараттық-сараптамалық бағд...
Алматыда инженерлік желілерді реконструкциялау қалалықтардың жайлылық деңгейін төмендетпейді »»
22 шілде 2019 - 17:49
Алматыда жылу маусымы аралығы кезеңінде жыл сайын жүргізілетін инженерлік желілерді реконструкциялау жылумен, сумен қамтуда және басқа да жүйелерде кенеттен болатын келеңсіздіктердің алдын алып, коммнуалдық қызметтің деңгейіне кері әсерін тигізбейді, қалалықтарға еш ыңғайсыздық тудырмайды деп хабарлайды қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы. «Мақсат – реконструкциялау желісіне қосылған Алматы тұрғындарының жайлылық деңгейлеріне еш нұқсан келтірмеу және оған қолжетуде. Құ...
Алматы әкімі Б.Сағынтаевтың көшелер мен аулаларды жарықтандыру бойынша берген тапсырмасы қалай орындалуда »»
22 шілде 2019 - 15:19
Әкімнің тапсырмасына сәйкес Алматының 120 көшесіне жарық берілді, жыл аяғына дейін тағы 208 көшеге жарық шамдарын орнату жоспарланған. Негізінен жарық желілері Бостандық, Жетісу, Түрксіб, Алатау аудандарындағы бұрын жарығы болмаған көшелерге тартылады. Бұл қаланың қараңғы көшелерінің 30% жарықтандыруға мүмкіндік береді. Алматыда жарығы жоқ 1073 көше бар. Қаланың шет аймақтарындағы 744 көшені жарықтандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда, жоба 2020-2021 жылдары іске асады. Мегаполисте 217 көш...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56