^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 13 желтоқсан 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы тау бөктеріндегі селден қорғау іс-шараларының барысымен танысты
19 шілде 2019

Тау етегіне жасаған жұмыс сапары кезінде шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев Дулати көшесі бойындағы жол мен саябақтың жөндеу жұмыстарын пысықтап, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне кіру үшін автоматтандырылған төлем жүйесін көріп қайтты. Аталған жүйе көлеңкелі қолма-қол ақша аударымдарына тосқауыл болып, бақылау-өткізу пунктіндегі (БӨП) қызметкерлер санын азайтуды көздейді. Автоматтандырылған БӨП  мобильді қосымша арқылы төлем жүргізуге болады. Сонымен қатар, алдын-ала броньдауға да мүмкіндік бар. Туристерге «Оңай» картасын да пайдалануға болады.

Қала әкімі тау өзендері мен көлдердегі жағдайларға ерекше назар аударды. Сондай-ақ, Ақсай және Аюсай шатқалдарында селден қорғау бөгеттерінің құрылыс жоспарымен және қолданыстағы бөгеттерді жөндеу жобаларымен танысты.

Мегаполис басшысы Б.Сағынтаев Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин, Алматы қалалық ТЖД бастығы С.Әубәкіров және «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары М.Қасеновпен бірге мұздақ көлдерді аралап шықты. Жұмыс сапары кезінде селден қорғау шаралары мен мұздақ көлдерді босату бойынша бірқатар жұмыстар тексерілді.

Алматы қалалық ТЖД мамандары Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы мен Ақсай өзендері бассейндеріндегі сел қаупінің автоматтандырылған мониторингтік бағдарламасының жүзеге асырылуы жайында баяндап берді. Биыл сел ошақтарын, өзен арналары мен мореналық көлдерді, бөгеттер мен су қоймаларын бағдарламалық жүйемен қамтамасыз ететін 10 станса бой көтереді. Келесі жылы 21 станса салынады.








  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


«Алматы 2050» Стратегиясының үш киті : жаңа экономика, жаңа кеңістік пен жаңа коммуникациялар – Б. Сағынтаев »»
12 желтоқсан 2019 - 13:53
Бүгін Kazakhstan Urban Conference-2019 отырысында Алматы әкімі  Б. Сағынтаев мегаполистің дамуының түбегейлі жаңа кезеңін бастайтын «Алматы 2050» Стратегиясының қоғам мен сарапшылар талқылауынан өткен нәтижесін ұсынды.   Алматы әкімдігі ұйымдастырған Kazakhstan Urban Conference 2019 форумының пікірталас алаңында қоғамдық қауіпсіздік, қала көлігінің тиімділігі, экология, мегаполистің аумақтық дамуы, коммуналды секторды жақсарту, еңбекпен қамту және басқа да мәселелер талқылануда. &laq...
Алматы қаласында «Kazakhstan Urban Conference 2019» өткізу жөнінде »»
11 желтоқсан 2019 - 15:12
Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасы жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметі Алматы қаласы әкімдігінің алаңында Алматы қаласында «Kazakhstan Urban Conference 2019» өткізу жөнінде көшпелі баспасөз конферециясын ұйымдастырды.   Аталған баспасөз конферециясына Kazakhstan Growth Forum төрағасы Елдар Әбдіразақов, «Adam Damu» Еуразиялық гуманитарлық орталықтың» төрайымы Аида Әлжанова және Kazakhstan Urban Conference ұйымдастыру комитетінің мүшесі Арташес Г...
Б. Сағынтаев: Өмір сүру сапасын арттыру мәселелерін бірге шешетін боламыз »»
10 желтоқсан 2019 - 16:16
Алматы әкімі Б. Сағынтаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуде қарамағындағы қызметкерлерге азаматтардың ағымдағы мәселелерін жедел шешуді тапсырды.   Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен екінші рет «ашық микрофон» форматында кездесу өткізді. Алғашқысы 3 тамызда №83 гимназияда өткен болатын. Бұрындары, 1 және 28 шілде аралығындағы жұмыс сапары кезінде аудан тұрғындары өз сұрақтарын қойған еді. Ауданның ең өзекті мәселесі – ескі үйлерді сүру, қалада шам...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56