^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 19 қаңтар 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Көктөбедегі өртті сөндіру туралы брифинг
12 тамыз 2019

Бүгін, 12 тамызда Алматының баспасөз-орталығында өткен брифингте қаланың ТЖД-нің басшысы Көктөбе телемұнарасына жақын маңда болған өртке қатысты түсініктеме берді.

 

Серік Әубәкіров өзінің сөзінде ойдым жерлер мен беткейлердің қиындық тудырғанын айтты. Алғашқы өрт сағат 19.58-де өшірілді, ал арада 20 минут өткен соң екінші өрт туралы хабар жеткен.

«Біз іске бірден кіріспедік, оның үстіне қараңғы түсе бастады, авиацияны шақыра алмайтынымызды түсіндік, сондықтан үшінші өршіп тұрған деңгейге гарнизонды қатыстырдық. Қала әкімі үлкен қолдау көрсетті, қаланың азаматтық қорғанысының барлық күштерін жұмылдырды», -деді С. Әубәкіров.

Екінші өрт болған жерде адам мүрдесі табылды, полиция оның кім екенін және жағдайдың қалай болғандығын анықтауда.

«Екі өрт те жеке секторға қауіп төндірді, дегенмен адам шығыны және эвакуация болған жоқ», - деп түсіндірді ТЖД-нің басшысы.

Оқиға орнында болған Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев барлық күштер мен техниканы жұмылдыруды тапсырды. Өртті сөндіруге ТЖД-нің жеке құрамының 1500 қызметкері, полиция Департаменті, Алматының коммуналдық және инженерлік қызметі, сонымен қатар арнайы техниканың 70 бірлігі, оның ішінде 28 су тасымалдаушы көлік қатысты.

Еске салсақ, алғашқы өрт 11 тамызда сағат 14:28 Көктөбе телемұнарасына жақын маңда болған, қурай өртенген. Өртті сөндіруге Алматының Құтқару қызметінің МИ-8 және ҚР ІІМ КА-32 тікұшақтары қатысқан, олар жалпы көлемі 36 текшеметр болатын суды 12 рет жоғарыдан төккен. Өрт сағат 20.00 жуық шамасында жойылды.

Кешкі сағат 20.00-де Алматы ТЖД-нің 101 пультіне Көктөбенің төменгі баурайындағы Диваев көшесі бойында екінші өрттің орын алғандығы туралы хабар түскен, өрт ауқымы болжам бойынша 10 га.

Алматының ТЖД барлық жеке құрамы үшінші нөмір бойынша іске кіріскен, оқиға орнында Департамент басшылығы болған. Сағат 22:47 оңтүстік-батыс, шығыс және солтүстік-шығыс жақтары бойынша жалын сөндірілген, жеке секторға өтпеген. Өрт сағат 00.02-де толық жойылған.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Сағынтаев Президенттік жастар кадрлар резервінен аудандар әкімдерін тағайындады »»
17 қаңтар 2020 - 19:27
Алматының Алатау және Түрксіб аудандарының жаңа әкімдері тағайындалды   Алматы әкімінің өкімімен, Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Алатау және Түрксіб аудандарының әкімдері болып Азамат Қалдыбеков және Бақытжан Ақжаров тағайындалды. Аудандардың жаңа әкімдерін таныстырған Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев олардың Президенттік жастар кадрлары резервінің өкілдері екенін атап көрсетті. «Мемлекет басшысының дарынды жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік лифт ...
Алматы әкімінің бастамасымен мегаполисте таяу арадағы 3 жыл ішінде миллионға жуық ағаш отырғызылады »»
17 қаңтар 2020 - 18:49
Алматы қаласы әкімдігінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан Сейтенов «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аясында жасыл қорды дамыту перспективалары туралы айтты.   Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы 28 желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қол қойды. Алматы әкімдігі 28 жаңа құзірет...
«Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер жасыл қорды дамыту мүмкіндіктерін кеңейтеді »»
17 қаңтар 2020 - 12:54
Алматы қаласы әкімдігінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан Сейтенов «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аясында жасыл қорды дамыту перспективалары туралы айтты.   Сондай-ақ баспасөз конференциясына «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Батыр Әлімжанов пен Қазақстанның көгалдандыру қауымдастығының президенті Татьяна Антоненко қатысты. Естеріңізге сала кетейік...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56