^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 24 тамыз 2019
 
     
 
Жаңалықтар
«Алматы» ӘКК басшысы тағайындалды
13 тамыз 2019

Асқар Білісбеков «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

 

А. Білісбеков 1984 жылы 6 сәуірде туылған. KIMEP-те «Бизнесті басқару және бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша оқыған, University of Westminster, Westminster Business School магистрі дәрежесі бар, АҚШ-тағы IREM жылжымайтын мүлікті басқару Институтының «Жылжымайтын мүлікті басқаруды сертификаттау» курсында сырттай оқиды.

Тағылымгерден ірі компаниялардың бірінші басшысына дейінгі жолдардан өткен: «Астана Моторс» КМК, «GGC» дистрибуторлық компаниясы, «КазНТЕВ» СК, бизнестің иесі атанған (SNC журналы, ресейлік франшиза, Rock Of AI жарнама агенттігі). 2018 жылдан «Estate Management Company» АҚ-ы басқармасының төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі болған.

Жыл сайын қоғамдық негізде KIMEP-те шақырылған спикер ретінде лекциялар оқиды, кәсіби (Colliers, CREW) шараларда баяндамалар жасайды, коммерциялық жылжымайтын мүлік саласында Қазақстанның басқару Ассоциациясы мен сервистік компанияларының атқарушы директоры болып табылады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Көшелер мен аулаларды жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде »»
24 тамыз 2019 - 18:53
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қалалық полиция департаменті криминогендік жерлердің картасын әзірледі.   Соның ішінде мүлдем жарықсыз қалған жерлер де бар. ПД-нің мәліметінше аса қауіпті 148 криминогендік учаске анықталған. Бұған 83 көше мен 65 аулада жарық жүйесінің болмауы себеп. 2019 жылдың соңына дейін 83-тің 22 көшесіне жарық орнатылады. Қалған 61 мекен-жай бойынша іске асыру мерзімі 2021 жылға дейін деп көрсетілген ЖСҚ әзірлеуге өтінім берілді. Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқ...
Қала басшысы Алматыны дамыту жоспарымен бөлісті
23 тамыз 2019 - 16:55
Бүгін, 23 тамызда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесті.     Кездесу кезінде қала басшысы «Жаңа Алматы» бағдарламасы бойынша мегаполисті дамытудың жоспарларымен бөлісті: ауданда жаңа емхана салынады, полицияның тәулік бойына жұмыс жасайтын жылжымалы пункті болады, 200 жаңа автобус алынады, троллейбустар саны артады. Қала әкімі түйткіл мәселені көтерді, автобус жүргізушілері біліктілігінің төмен екенін атап өтті. Еңбекпен қамту да көкейкесті мәселе...
Жоғары білім берудің қосымша гранттары иелерінің тізімі »»
23 тамыз 2019 - 11:58
2019 жылғы тамыздың 5-10 аралығында қосымша 190 білім беру грантын тағайындау үшін құжаттар  қабылданды.   Байқауға 129 абитуриент қатысып, олардың 102-і білім гранттарын иеленді. Айта кетерлігі, ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша гранттарды Білім және ғылым министрлігі бөлген еді. Бұл гранттар көпбалалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатындар санатындағы мектеп түлектеріне ғана берілді.   Жоғары білім берудің қосымша гранттары иелерінің тізімі...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56