^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 20 қыркүйек 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда тағы бір мамандандырылған ХҚКО ашылды
10 қыркүйек 2019

Алтыншы мамандандырылған ХҚКО Жетісу ауданындағы Ақсуат көшесі, 118 мекенжайы бойынша орналасқан «Нұрсат» базарында жұмысын бастады.

 

Оның ашылу рәсіміне Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов, «Азаматтар үшін үкімет» Мемкорпорациясы басқармасының төрайымы Әсемгүл Балташева, Олимпиада ойындарының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров қатысты.

ХҚКО мына қызметтер көрсетіледі:

- көлікті мемлекеттік тіркеуге алу;

- көлікті мемлекеттік тіркеуден шығару;

- мерзімін біткенде, тегін өзгерткенде, жоғалтқанда көлік жүргізу куәлігін беру.

Мұнда күн сайын 1 000–1 200 жуық адамдарға қызмет көрсетіледі.

Құжаттар дүйсенбі мен сенбі күндері аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қабылданады. Дайын құжаттар кешкі сағат 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз беріледі.

Дәл осы күні Алматы облысының Қарасай ауданында да мамандандырылған ХҚКО ашылды. «Азаматтар үшін үкімет» Мемкорпорациясы басқармасының төрайымы Әсемгүл Балташева хабарлағандай, автомобилистерге қызмет көрсететін жаңа бөлімдердің орналасқан жерлері текке таңдалған жоқ.

«Біз сараптама жүргізіп, көлік тіркеудің негізгі транзиттері Қапшағай мен Қарасай ауданының маңы екенін анықтадық. Сондықтан алтыншы мамандандырылған ХҚКО Алматы қаласы мен Алматы облысының шекарасы түйіскен жерде және Қарасай ауданының Кемертоған селосында ашуды жөн көрдік. Біздің болжамымыз бойынша жаңа мамандандырылған ХҚКО Алматыдағы негізгі №1 ХҚКО-ның жүктемесін на 30%-ға азайтуға мүмкіндік береді»-, деді Ә. Балташева.



  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады »»
09 қыркүйек 2020 - 17:02
Президентке Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайы және коронавирус індетінің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.   Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ә...
Алматы қаласының Мәдениет нысандары карантин шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде »»
08 қыркүйек 2020 - 15:59
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, карантиннің жеңілдетілуіне байланысты 1 қыркүйектен бастап қалада мұражайлар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады.   «Алматы қ. музейлер бірлестігі» КМҚК (Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар Мұражайы, Д. А. Қонаев  Мұражайы, Н. Тілендиев атындағы Мемориалдық мұражай, С. Мұқанов және  Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі ...
Иесіз электр желілерін қала балансына бергеннен кейін коммуналдық қызметтер сапалы болады: Алматыда жеке шоттарды ашу алгоритмі туралы айтылды »»
07 қыркүйек 2020 - 18:59
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында, Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Сағындықов, иесіз желілерді қала балансына беру кезінде дербес шоттарды ашу алгоритмі туралы айтып берді.   Алматы қаласының әкімшілігі қала тұрғындарының өміріне қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде сапалы коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін ауқымды жұмыс ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz