^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 21 ақпан 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматылық оқушылар мегаполистер олимпиадасында жүлдегер атанды
10 қыркүйек 2019

Мәскеуде 1-6 қыркүйек аралығында Халықаралық IV мегаполистер олипиадасы өтті. Оған 45 ірі қалалар оқушылары қатысты.

 

Мәскеу мэрі С. Собяниннің бастамасы бойынша өткен шараның қорытындысы Бауман атындағы ММТУ-нің Мәдениет сарайында шығарылды. Алматылық оқушылар үшінші командалық орынды иеленді.

Жеке есеп бойынша «БІЛІМ - Инновация» лицейінің оқушылары Мирас Нағашыбек, Дәлен Әмір– үшінші, Дінмұхамед Тұрсынбай екінші орынды жеңіп алды.«Heileybury Almaty» мектебінің оқушысы Нұртас Шынтас екінші, №165 мектеп оқушысы Александр Плотниковпен №161 мектеп оқушысы Санжар Бегдайыр үшінші орындарды иеленді.

Олимпиадаға Нью-Йорк, Берлин, Баку, Гонконг, Дели, Дюссельдорф, Иерусалим, Милан, Минск, Мәскеу, Пекин мен әлемнің басқа қалаларының оқушылары да қатысты. Олар математика, физика, химия және информатика пәндері бойынша сайысқа түсті.


  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Сағынтаев алматылықтар шағымданған әлеуметтік нысандарды аралады »»
20 ақпан 2020 - 17:08
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев есептік кездесу кезінде жұмыстарына алматылықтар шағымданған әлеуметтік қызмет орталығы мен балалардың инфекциялық ауруханасында болды. Бұл туралы қала әкімі Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында жазды.   Арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін №3 Орталықта 350 орын бар, мұнда қарт адамдар, оның ішінде қамқорлықты қажет ететін мүгедектер тұрады. Әкімнің есептік кездесуінде персоналдың жұмысы мен медициналық қызметтің сапасын тексеру бойынша шағым айтылғ...
Бақытжан Сағынтаев – Біз өзімізге жылдың соңына дейін Алматының барлық көшелерін жарықпен қамтамасыз етеміз деген биік мақсат қойдық »»
19 ақпан 2020 - 16:47
Бүгін мегаполис тұрғындарымен өткен есептік кездесуде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев көшелерді жарықтандыру жұмыстары туралы мәлімдеді.   “Өткен жылы көшелерді жаңғыртуға бөлінген қаражат есебінен 300-ден астам магистральді көшелерді жарықтандырдық. Жарықтандыру мәселелері Алатау, Наурызбай, Жетісу аудандарында көтерілді. Біз жарық жүйесі жоқ барлық көшелердің тізімін қайта қарадық. Сондай мың көше анықталды. Жаңа жылдың басына қарай олардың саны екі мыңға жетті. Аудит және түгендеу...
Б. Сағынтаев – Біз спорттағы жаңа жұлдыздардың бағын ашамыз »»
19 ақпан 2020 - 16:48
Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тұрғындармен өткен есептік кездесуінде жарысқа қатысатын балаларға қолдау көрсету шараларын кеңейту керектігін айтты. “Біз бюджет арқылы қолдау мәселелерін қарастырудамыз. Бұл бағытта тағы қосымша бағдармаларды әзірлеу керек. Егер балалар жақсы жетістіктерге жетіп жатса, біз оларды қолдауымыз керек. Сол арқылы біз Бекзат Саттарханов, Серік Сәпиев, Жақсылық Үшкемпіров сынды жаңа спорт жұлдыздарын, чемпиондарды тәрбиелейміз. Сонымен қатар, біз пәндік олимпиада...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56