^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 27 мамыр 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда сел қаупі маусымы аяқталды
18 қыркүйек 2019

Алматы қаласының ТЖД мәліметі бойынша, шаһарда 7 қауіпті көлде селдің алдын-алу жұмыстары жүргізілді. Тек №1 көлден ғана 42 мың текше метр су сорып алынды, мұздақтардың ағын сулары болмағанда оны 20 рет тазарту мүмкін еді.

Еске салсақ, 2019 жылдың 14 тамызында №1 көлде бұрынғы ішкі моренді канал ағысы бойынша судың тасу қаупі байқалды. Дер кезінде жүргізілген шаралар барысында ішкі моренді каналдардың қысымы азайды, нәтижесінде Қарғалы өзеніне ірі мөлшерде су аққан жоқ, сондықтан ол «сел тасқыны» ретінде сипатталды, өйткені оның құрамында селге тән заттар (ірі тастар, ағаштар және басқалары) болған жоқ.

Кіші, Үлкен Алматы және Ақсай өзендерінің бассейндеріндегі қалған 6 көлден 4,6 млн. текше метрден астам су сорып алынды әрі бұлардағы су деңгейі 4 метрге дейін төмендеді. Қазіргі кезде барлық моренді көлдер қысқы режимге көшті, маусымдық бақылау постылары алынды.


  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Б. Сағынтаев қалалықтарға әлеуметтік қолдау көрсету шаралары туралы айтты »»
27 мамыр 2020 - 19:46
Қала әкімі Б. Сағынтаев онлайн баспасөз конференциясы барысында төтенше жағдай мен карантин кезінде әлеуметтік қолдауға мұқтаж қалалықтарға қолдау көрсету шаралары туралы айтты.   Президент Қ.-Ж. Тоқаевтың берген тапсырмасына сәйкес ТЖ енгізілуіне орай табыстарынан айрылған жандарға ең төмен көлемдегі бір айлық жалақы (42 500) ай сайын берілді, аз қамтылған адамдар санатына жататындардың коммуналдық қызметтері төленді. 440 мыңнан астам алматылық 42 500 тг көлемінде қаржылық көмек алды. ТЖ жағдай бар...
Маскалық режим және карантин шараларын сақтау туралы »»
27 мамыр 2020 - 19:02
Алматы әкімі Б. Сағынтаев БАҚ үшін болған брифингте қаланың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын тұрақтандыру шаралары және санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы айтты.   Төтенше жағдай кезінде өзін-өзі оқшаулау мен карантиндік шараларды іске асыру жұртшылықтың індетті жаппай жұқтыруына тосқауыл болды, соның арқасында қалалықтар арасында ауыр зардаптар орын алған жоқ. Індеттен сақтануға ықпал ететін маскаларды көшеде кию жұқтыру тәуекелін азайтады. Сонымен қатар, ДДҰ мәліметі бойынша адамд...
COVID-19 бойынша жаппай тестілеу жүргізу Алматыда жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді »»
27 мамыр 2020 - 19:28
Алматы әкімі Б. Сағынтаев БАҚ үшін болған брифингте санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралары және мегаполистің тыныс-тіршілігін қалпына келтіру туралы айтты.   Бақытжан Сағынтаев хабарлағандай, жаппай тестілеуден медұйымдардың, құқық қорғау органдарының, Ұлттық гвардияның, коммуналдық қызметтің қызметкерлері, тыныс алу жолдарында бұрыннан аурулары бар сырқаттар, респираторлық ауру белгілері бар науқастар өтті. Басты мақсат — індетті жұқтырудың нақтылы ошағын анықтау және эпи...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz