^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 14 қазан 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматылықтар «Бюджетке қатысу» пилотты жоба аясында 180-ге жуық өтініш берді
18 қыркүйек 2019

Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Бюджетке қатысу» пилотты жобаның аралық қорытындысы шығарылды.

 

«Алматы қаласының даму орталығы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Олег Сектің ақпараты бойынша, «Бюджетке қатысу» жобасына 19 тамыз бен 18 қыркүйек аралығында Алматы аудандарының аумақтарын жақсарту бойынша жалпы құны 9,2 млрд. теңге болатын 180 өтініш түскен.

Жобалы ұсыныстарды қабылдау 30 қыркүйекке дейін жалғасады. 2019-2020 жылдарға арналған «Алматы қаласының бюджетке қатысуы» пилотты жобасын әзірлеу кезінде Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің өтініштерді қабылдау мерзімін (жобалы ұсыныстарды) 15 қыркүйектен 30 қыркүйекке ұзарту, «әлеуметтік мәні бар жобаларды» енгізу және дауыс беруді қағаз арқылы да жүргізу жөніндегі ұсыныстары ескерілді.

Бүгінгі күні жобалы ұсыныстар саны бойынша Алмалы (56), Медеу (37) және Бостандық (34) аудандары көш бастауда.

«Спорт, балалар алаңдарын аула ішінде және көпшілік пайдаланатын орындарда жасау және жөндеу» категориясы бойынша алматылықтар тарапынан 47 өтініш түсті.

Қалалықтар мына мәселелер бойынша ұсыныстарын айтты, олар: Көкжиек ықшам ауданы жанынан сквер салу, Әл-Фараби даңғылының бойына дыбыс жұтатын қоршау орнату, қала көшелеріне қоқысты бөліп салатын урналар қою, ойын алаңдарын құру, дәстүрлі әрі ұлттық зияткерлік Togyzkumalak ойынының алаңын жасау және оны үйрету, метро мен сауда орындарында алюминий және пластикалық бөтелкелерді қабылдайтын фандоматтар орнату, зағиптар мен нашар көретіндер үшін транспондерлерді қолдана отырып, дауыс шығаратын жүйелерді енгізу және көптеген басқалары. Жобаға қатысты ақпаратты budget.open-almaty.kz сайтынан алуға болады.

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Бекнұр Қисықов барлық қала тұрғындарын аталған жобаға белсенді түрде қатысуға шақырды. «Жобаға әлеуметтік мәні бар ұсыныстарды: тегін аула клубтарын, балалар мен үлкендер үшін үйірмелерді, қалаға қосылған шет аудандардан балаларды мектепке тасуды, нашар көретіндер үшін кітапхана ұйымдастыруды, жолдар мен аулаларды жөндеуді, шамдар мен бағдаршамдар орнатуды «Бюджетке қатысу» жобасына енгізбесе де болады. Өйткені, бұл категориялар аудандар әкімдіктерінің жыл сайын атқаруға тиіс жұмыстары»-, деді ол.

1–18 қазан аралығында түскен жобалық ұсыныстарды барлық аудандарда ұйымдастырылған сарапшылар комиссиялары қарайтын болады. Дауыс беру 19-29 қазан аралығында жүреді. Жобаны іске асыру үшін Алматы тұрғындарынан 10-нан астам дауыс жиналуы тиіс. Қаланың бір тұрғыны үш жобалы ұсынысқа дауыс бере алады.

«Дауыс беру аяқталған соң аудандық әкімдіктер мен Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері жобалы ұсыныстарды қолға алады және қаланың Стратегия және бюджет басқармасына бюджеттік өтініш түсіреді, ал біз өз кезегімізде бұл жобаларды келер жылы жүзеге асыру үшін қаржы бөлеміз», - деп атап өтті Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы басшысының орынбасары Жанар Жазылтаева.

Бұрын хабарланғанындай, жобалы ұсыныстар budget.open-almaty.kz порталы арқылы қабылданады. Ол үшін өтініш қағазы (жобалы ұсыныстың атауы, сипаты және нысанның мекенжайы көрсетілуі тиіс) толтырылады, эскиз бен жобалы ұсыныс сметасын міндетті түрде бірге тіркеу қажет. Бір жобаның жалпы құны 100 млн теңгеден артпауы тиіс.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Көк Төбенің өрт шарпыған аймағына Назарбаев қызғалдақтары мен Сиверс алмасы отырғызылды »»
13 қазан 2019 - 16:42
Бүгін, 13 қазанда Jasyl Almaty көгалдандыру акциясы аясында Көк Төбе тауында Сиверс алмасының көшеттері мен «Қазақстан», «Нұрсұлтан Назарбаев» сорттарының қызғалдақтары отырғызылды. Көгалдандыру акциясына 500-ге жуық адам қатысса, оның 200-ге жуығы студенттер болды. Барлығы 40 мың Сиверс алма ағаштары мен «Қазақстан», «Нұрсұлтан Назарбаев» сұрыптарындағы қызғалдақтардың 500 мың данасы отырғызылды. Қалалық жасыл экономика басқармасы мамандарының айтуынша, көш...
Алматының мектептерінде төрт мыңнан астам көшет отырғызылды  »»
12 қазан 2019 - 17:59
 Бүгін, 12 қазанда шаһар басшысы Б.Сағынтаев қаладағы мектептерде өткен көгалдандыру акциясына қатысты.  Jasyl Almaty жалпықалалық акциясы аясында білім ошақтарында 4360 көшет отырғызылды. Бұл күні Бақытжан Сағынтаев Наурызбай мен Алатау аудандарына қарысты №200 және №181 мектептерінің оқушылары және мұғалімдерімен бірге болды. Аталған екі мектепте 600-ге жуық көшет отырғызылды. Жалпы қаладағы 110 мектептің жоғары сынып оқушылары, ата-аналары мен ұстаздары бірігіп, 4360 түп акация, қарағай, катал...
Алматыда А. Қошановтың 85 жылдығы аталып өтті
11 қазан 2019 - 15:51
Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласы бойынша Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР ҰҒА-ның академигі Аманжол Қошановтың туғанының 85 жылдығына және ғылыми әрі қоғамдық қызметінің 60 жылдығына арналған халықаралық симпозиум өтті.   Алқалы жиын барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров салтанат иесін 85 жылдық мерейлі жасымен құттықтады және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтау ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56