^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 13 шілде 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда «Кәсіп алаңы» мотивациялық курстары басталды
18 қыркүйек 2019

Екі аптаның ішінде курсқа шамамен 2300 адам қатысты. Жоспар бойынша аталған курс пен вебинарлар 80 000 алматылықты қамтуды көздейді.

 

«Кәсіп алаңы» атты бір күндік мотивациялық семинарлар мен вебинарлар барысында танымал кәсіпкерлер, салалық сарапшылар, жетекші бизнес-тренерлер дұрыс бизнес құрып, нарықта өз орнын табу сияқты жеке ұсыныстармен бөліседі. Сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы әңгімелейді. «Атамекен» ҚР ҰКП-ның қатысуымен қала әкімдігі әзірлеген «Almaty business–2025» бизнесті дамыту бойынша өңірлік бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын бұл жоба жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарға, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен көпбалалы аналарға арналған. Бір күндік курстар мен вебинарлардың қорытындысы бойынша 80 мың адам қамтылу керек. «Кәсіп алаңы» мотивациялық семинарлары мегаполистің барлық сегіз ауданында 11 қыркүйек пен 18 қазан аралығында жоғары оқу орындары, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар, қаланың әмбебап базарлары және аудандық әкімдіктер базасында өтеді. Қатысушыларды тіркеу әкімдіктерде, «Атамекен» ҚР ҰКП, Халықты жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ онлайн тәртібі арқылы жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап «Qoldaý.kz» сайтынан да вебинарлар беріле бастайды.

Семинарлар мен вебинарлардың негізгі тақырыптары - Алматы қаласының басым салалары: туризм, сауда, құрылыс, көлік, қонақ үй бизнесі, өндіріс, IT, қаржы, сақтандыру және басқа салалар. Курстар мен семинарларда салалық сарапшылар жаңа бастаған кәсіпкерлерге бизнесті жүргізудің моделін құру, бизнесті жылжыту мен дамыту бойынша кеңестер береді. Оқу жүйесі менеджмент, құқықтық қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп, маркетинг және басқа да бағыттарды қамтиды.

Қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың айтуынша, аталған семинарлар мен вебинарлар курсқа қатысушыларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етпек. Мәселен, «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы өз қызметтерін таныстырады. Ол кәсіпкерлікті дамытудағы әкімшілік кедергілерді түбегейлі азайтуға бағытталған. Осы мақсатта «Qoldaý» өз алаңында барлық қажетті қызметтерді, яғни кеңес беру, сүйемелдеу, мемлекеттік және өзге де қызметтерді ұсыну бойынша бизнеспен өзара іс-қимыл жасау әдістерін жинақтаған.

- Өткен аптада бастау алған жоба құрамында барлық жастағы жұмыссыз әрі өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, көпбалалы аналар бар барлығы 2300-ден астам адамды қамтыды. Қатысушылар еліміздің жетекші кәсіпкерлері, сарапшылары мен жетекші бизнес-жаттықтырушыларының тәжірибесін, білімін алып, кәсіпкерлік негіздері курстарынан өтті. Жоспар бойынша бір күндік семинарлар мен вебинарлар қаланың барлық аудандарын қамтымақ. Біздің «Кәсіп алаңы» бағдарламамыз кәсіби дағдыларды арттыруға арналған платформа іспеттес. Жаңа мамандықты игеріп, білім алуға, соның ішінде шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың тетіктері мен құралдары туралы білімін жетілдіретініне сенімдіміз. Биыл 80 мыңға жуық адам бір күндік мотивациялық курстар мен вебинарларға қатысады.

- Курс қорытындысы бойынша 10 мыңға жуық адам ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған арнайы курстарға, 2 мыңнан астам адам жаңа мамандықтар алу үшін қысқа мерзімді курстарға жіберіледі, - деп атап өтті С.Тұяқбаев.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Сағынтаев: COVID-19-дың науқастарын емдеу үшін қосымша және резервтік орындар құрылады »»
11 шілде 2020 - 16:00
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Halyk Arena-дағы коронавирустық инфекциясы бар науқастарды емдейтін аурухана ретінде жұмыс істеуге дайындық барысымен танысты.   Қала әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасында қаладағы инфекциялық және провизорлық ауруханаларға қосымша орындар ұйымдастыру туралы жазды. «Қаладағы жұқпалы және провизорлық стационарлар үшін қосымша ашылуға тиіс орындардың ұйымдастыру барысымен таныстым. Halyk Arena-да 1 мың орынға арналған, соның ішінде реанимациялық 60 ор...
Алматыда бүгін кеңауқымды акция бастау алды «Өзіңді сақта! Жақындарыңды сақта! Бетперде ки!» »»
10 шілде 2020 - 22:01
Оның мақсаты — азаматтардың назарын қарапайым талаптарға аударту, сол талаптарды орындау оларды қауіпті вирусты жұқтырудан сақтайды.   Бетперде киіп, карантин талаптарын сақтай отырып, алдымен біз тек өзіміз жайлы ғана емес, сонымен бірге, өзіміздің ең жақын жандарымыз, балаларымыз бен ата-аналарымыздың да қамын ойлаймыз. Дәл осы адамдар үшін ол өте қауіпті және қатерлі болуы мүмкін. Өзіңіз бен өзіңіздің отбасыңызды қорғаңыз, вирусты тоқтатуға көмектесіңіз! Бұл қазір әрқайсымызға байланысты!...
Алматы әуежайына COVID-19 қарсы дәрілік препараттардың ірі партиясы жеткізілді »»
10 шілде 2020 - 16:30
Алматы қаласының халықаралық әуежайына дәрілік препараттары бар бірінші әуе рейсі келіп қонды.   Бүгін барлығы екі рейспен Ресейден 55 тонна медикамент жеткізіледі, жүк құрамында әлеуметтік маңызды 10-нан астам препарат атауы бойынша шамамен 3 млн қаптама, соның ішінде, дене қызуын түсіретін және COVID-19-ға қарсы басқа да дәрілік құралдар бар. Тізімде — азитромицин, цефтазидим, ибупрофен, фраксипарин, метронидазол, цефтриаксон, гепарин, нимесулид, левофлоксацин, меропенем порошок, эноксапарин ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz