^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 20 қыркүйек 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев: Алматы 5 млн адам үшін толыққанды метроөңір болуы тиіс
19 қыркүйек 2019

Бұл туралы Алматы әкімі Б. Сағынтаев оңтүстік астананың 25 жылға дейінгі болашағын болжаған Kazakhstan Growth Forum 2019 хабарлады.

 

Оның сөзінше, Алматы – еліміздің негізгі қақпасы ғана емес. Оңтүстік астана – барша Оңтүстік Азия өңірінің жаһандық интеграциясының драйвері және болашақта Жаңа Жібек Жолының іскерлік және мәдени астанасы. Өйткені Алматыда ірі сауда-логистикалық хаб, жаңа Жібек Жолының дәл ортасындағы коммуникациясы торабы болудың барлық мүмкіндіктері бар.

Бәсекеге қабілетті болу үшін біз алдыңғы қатарлы қалалардың жоғары стандарттарына сай болуымыз керек. Алматы заманауи ұсыныстарға дайын болуы және ауқымды міндеттерді шешуі тиіс.

«Біздің қаламыздың мақсаты мен стандарттарын дамыту – 5 млн халқы бар метроөңірдің алғашқы жаһандық интеграторы және өңірлік хабына айналуға негізделген. Кез-келген заманауи мегаполис ретінде Алматы өмір сүруге жайлы, бизнес үшін перспективалы, коммуникация үшін қолайлы болуы тиіс. Мұнда қаланың дамуына үлес қосуға ынталы жанның «Алматылық арманы» орындалуы қажет», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады »»
09 қыркүйек 2020 - 17:02
Президентке Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайы және коронавирус індетінің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.   Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ә...
Алматы қаласының Мәдениет нысандары карантин шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде »»
08 қыркүйек 2020 - 15:59
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, карантиннің жеңілдетілуіне байланысты 1 қыркүйектен бастап қалада мұражайлар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады.   «Алматы қ. музейлер бірлестігі» КМҚК (Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар Мұражайы, Д. А. Қонаев  Мұражайы, Н. Тілендиев атындағы Мемориалдық мұражай, С. Мұқанов және  Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі ...
Иесіз электр желілерін қала балансына бергеннен кейін коммуналдық қызметтер сапалы болады: Алматыда жеке шоттарды ашу алгоритмі туралы айтылды »»
07 қыркүйек 2020 - 18:59
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында, Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Сағындықов, иесіз желілерді қала балансына беру кезінде дербес шоттарды ашу алгоритмі туралы айтып берді.   Алматы қаласының әкімшілігі қала тұрғындарының өміріне қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде сапалы коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін ауқымды жұмыс ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz