^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 24 қазан 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев «урбанизация дағдарысын» қалай жеңуді айтты
19 қыркүйек 2019

Kazakhstan Growth Forum 2019 сөйлеген сөзінде Б. Сағынтаев Алматыда ол үшін бірқатар өзекті мәселелерді жүзеге асыру қажет екенін хабарлады.

 

Алматы еліміздің көш бастаушысы ретінде жылына 5% экономикалық өсім беруі тиіс. Өткен жылы ІШӨ физикалық көлемінің индексі небәрі 2,8% өсті – бұл халық өсімінің қарқынынан төмен (2,9%).

Маңызды міндет – еңбекпен қамту құрылымында қайшылықтарды жою, білім, денсаулық сақтау, кәсіби және ғылыми-техникалық іс-қимыл, ақпараттық технология енетін әлеуметтік экономика үлесін арттыру.

«Халықтың табысының өсуі тұру және көшу шығындарынан артық болуы тиіс. Үлкен қала шығындарды азайтудың ауқымды ықпалын ұсына алады. Мұның мәні белсенділік пен ынтымақтастық», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Ол қала экономикасын өсірудің перспективалы «нүктелерін» атады. Олар: логистика, құрылыс, қаржы мен сақтандыру, смарт индустрия, сән индустриясы, өнер, көңіл көтеру және демалу, туристік индустрия және жылжымайтын мүлік операциялары.

Алматыда технологияда, денсаулық сақтауда, халықаралық бизнесте, менеджментте, табиғи экожүйелерді басқаруда, өзге де қалаға қажет салаларда кәсіпкерлер, мамандар үшін үздік Орта Азиялық әлеуметтік лифт болуы тиіс.

«Яғни, Алматыда «Алматылық арман» («америкалық арманға» ұқсас) орындалуы тиіс. Алматыда адами капитал өз ісінің білгірлері арқылы дамып, әр өңірден дарындарды тартып, қала тұрғындары арасында бәсекеге қабілеттілікті арттыру қажет. Сонда ғана инвестициялар, компетенциялар мен инфрақұрылым біздің қаламызды дамытудың шынайы векторына айналады», - деді Б. Сағынтаев.

Алматылықтардың өмір деңгейінің сапасын арттыру үшін кешенді мәселелерді шешу қажет. Олар – экология және қоғамдық қауіпсіздік, сапалы білімнің қолжетімділігі, денсаулық сақтау, әлеуметтік сервис, ауқымды тұрғын үй құрылысы, қаланың инфрақұрылым базасын модернизациялау, абаттандыру мен жасылдандыру.

«Ең соңғысы, Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуында «Орталық – шет» желісінде базалық айырмашылықты жою», - деді Б. Сағынтаев.

Әлеуметтік жағдайда «екі Алматы» қалыптасуда. Біріншісі – жетілген, жайлы және қолайлы орталық бөлік, екіншісі – артта қалған жетілмеген шет аймақ.

«Менің позициям мынадай: мегаполистің барлық аудандарында тұрғылықты жерлеріне қарамастан, алматылықтардың өмір сүруі үшін жоғары стандартты қамтамасыз ету. Мен қаламыздың «Шетсіз қала» болуын жақтаймын. Заманауи қалалар орталықтандырылған, әр ауданның өз тартымдылығы және өсу драйвері болады. Ірі мега-қалаларда кері процесстер жүреді, яғни адамдар қала маңына қоныстана бастайды. Өйткені оларда өмір сүру деңгейі жоғары. Демек, қала инфрақұрылымын дамытуда аймақтық пен жергілікті орталықтардың дамуы ескерілуі тиіс», - деді Б. Сағынтаев.

Б. Сағынтаев «Шетсіз қала» қағидасы бойынша мегаполисті дамытудың жаңа саясаты басталғанын хабарлады.

 

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда Әбдіжәміл Нұрпейісовтың мерейтойы мерекеленуде »»
22 қазан 2019 - 19:20
Бүгін Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Халық жазушысының 95 жылдық мерейтойына орай мерекелік кеш өтті.   Салтанатты шараға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, жазушылар, аудармашылар, шығармашыл зиялы қауым мен жастар қатысты. Мемлекеттік хатшы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауларын оқып берді. Ол...
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров қала имамдарымен кездесуде қоғамдық келісім мен конфессияаралық диалогты сақтау мәселелерін талқылады »»
21 қазан 2019 - 17:53
Алматының бас имамы Е. Шоқаймен және аудандардың бас имамдарымен болған кездесу кезінде жастармен жұмыс жүргізудің ерекше маңызы және жауапкершілігі жөнінде сөз болды. Мемлекеттің орнықты дамуының негізі болып табылатын қоғамның тұрақтылығын, келісім мен өзара түсіністікті сақтауда қала мешіттері қызметкерлерінің маңызды рөл атқаратыны аталып өтті. «Қазақстанда түрлі дін өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде, біз сол үшін мақтана аламыз. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы осынау теңг...
Алматыда №92 бағыт автобустары жаңарды
21 қазан 2019 - 14:41
Қала тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша №92 бағыт 12 метрлі 20 жаңа автобустармен толықты. 100%-ға жаңарған жылжымалы состав қала көшелеріне 19 қазанда шықты.   Барлық көліктер төмен еденді, сыйымдылығы үлкен әрі қала жолаушыларын тасымалдау үшін арнайы жасалған. Автобустар табиғи газбен жүреді, кондиционер және видеобақылау орнатылған. Сыйымдылығы — 104 адам, отыратын 22 орын және қимылы шектеулі жандар үшін 3 орын бар. Бұдан өзге, №92 бағыт қала орталығына қатынау үшін Түрксіб, А...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56