^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 14 қазан 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда жайлы қалалық орта мен инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда
19 қыркүйек 2019

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы су ресурстарын басқару және газдандыру сызбасын жүзеге асыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Омарханов 2018 жылы қалада 228 км су құбырлары мен 207 кәріз желілерінің салынғанын және жөнделгенін айтты.

 

Нәтижесінде, 90 мың қала тұрғыны орталық су жүйесін (Қалқаман, Достық, Шаңырақ-1,2, Дархан, Байбесік, Жас Қанат, Қарасу, Алтын Бесік, Алғабас, Көкқайнар, Ұлжан-1,2, Рахат-Мәдениет, Трудовик, Таугүл-3 ықшам аудандары, З.Космодемьянская, Горновосточный, Грановский көшелері) пайдаланатын болды.

Қазіргі кезде бұл желілер пайдалануға беріледі және жоғарыда аталған елді мекендердегі үйлер орталық су желісіне қосылады. «Алматы су» МКК мен тұтынушы арасында келісім жасалған соң абоненттер орталық желі қызметін қолданатын болады.

Биылғы жылы 167 км су және 147 км кәріз құбырларын салу жоспарланған, қазірдің өзінде 8 км су және 75 км кәріз желілерінің құрылысы (Думан, Әйгерім, Жұмысшы кенті, Құрылысшы, Өжет, Шаңырақ-5, Қайрат, Қарасу, Шапағат (Заря-Востока), Көкшоқы елді мекендері мен Радуга, Қазыбаев, Боралдай, Галилей көшелері) аяқталды.

Бұлардан өзге, Алматы тұрғындарын үздіксіз сапалы сумен қамтамасыз ету үшін КУСТ-19, Западная-1, ГНТК-2, Балқаш су бөгеттері мен кәрізге арналған насосты стансаларда ( Тастак, Бекмаханов, Көкқайнар, Трудовик) жөндеу жұмыстары жүруде.

8 ықшамауданның (Құрамыс, Жайлау, Таужолы, Колхозшы, Әлмерек, Бірінші май, Алғабас, Боралдай) 40 мың тұрғынын сумен қамтамасыз ету үшін желілер салу жұмыстары басталды. Олардағы су құбырларының жалпы ұзындығы 142,8 км, кәріз желілерінікі – 106,9 км.

3 ықшамауданның (Ақжар, Каменск шатқалы, Көлсай) 18 мың тұрғынын сумен қамту үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге байқау байқау жарияланды, бұлардағы су құбырының ұзындығы 50,1 км, кәріздікі – 23,3 км.

53 мың тұрғынды қамтитын 8 ықшамаудан бойынша (Шұғыла, Қарғалы, Қарағайлы, Тастыбұлақ, Таусамалы-Каменка, Сұлусай, Бутаковка, Теректі) жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Мемсараптама оң ұсыныс берсе, жыл аяғына дейін 117,6 км су, 110,2 км кәріз желілерін тарту жоспарланған.

«Алматы Су» МКК бас директорының орынбасары – өндіріс жөніндегі директор Берік Жамбылов 2019 жылы кәсіпорын тарапынан сумен жабдықтау шараларына 2 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалғанын айтты. 11,7 км су құбырлары жөнделді, тозған 2,8 км желілер, өрт сөндіретін 142 гидранттар бірлігі, 337 жылжығыштар жаңарды.

500 км астам су құбырлары мен 300 км астам кәріз желілері, 70 км кәріз құбырлары, 22 мың құдық жуылып, тазартылды. Өрт сөндіретін 881 гидранттар, 2250 шектеулі арматуралар және 566 насосты қондырғы бірлігі, 248 жабу клапандары бірлігі жөндеуден өтті.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Көк Төбенің өрт шарпыған аймағына Назарбаев қызғалдақтары мен Сиверс алмасы отырғызылды »»
13 қазан 2019 - 16:42
Бүгін, 13 қазанда Jasyl Almaty көгалдандыру акциясы аясында Көк Төбе тауында Сиверс алмасының көшеттері мен «Қазақстан», «Нұрсұлтан Назарбаев» сорттарының қызғалдақтары отырғызылды. Көгалдандыру акциясына 500-ге жуық адам қатысса, оның 200-ге жуығы студенттер болды. Барлығы 40 мың Сиверс алма ағаштары мен «Қазақстан», «Нұрсұлтан Назарбаев» сұрыптарындағы қызғалдақтардың 500 мың данасы отырғызылды. Қалалық жасыл экономика басқармасы мамандарының айтуынша, көш...
Алматының мектептерінде төрт мыңнан астам көшет отырғызылды  »»
12 қазан 2019 - 17:59
 Бүгін, 12 қазанда шаһар басшысы Б.Сағынтаев қаладағы мектептерде өткен көгалдандыру акциясына қатысты.  Jasyl Almaty жалпықалалық акциясы аясында білім ошақтарында 4360 көшет отырғызылды. Бұл күні Бақытжан Сағынтаев Наурызбай мен Алатау аудандарына қарысты №200 және №181 мектептерінің оқушылары және мұғалімдерімен бірге болды. Аталған екі мектепте 600-ге жуық көшет отырғызылды. Жалпы қаладағы 110 мектептің жоғары сынып оқушылары, ата-аналары мен ұстаздары бірігіп, 4360 түп акация, қарағай, катал...
Алматыда А. Қошановтың 85 жылдығы аталып өтті
11 қазан 2019 - 15:51
Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласы бойынша Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР ҰҒА-ның академигі Аманжол Қошановтың туғанының 85 жылдығына және ғылыми әрі қоғамдық қызметінің 60 жылдығына арналған халықаралық симпозиум өтті.   Алқалы жиын барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров салтанат иесін 85 жылдық мерейлі жасымен құттықтады және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтау ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56