^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 17 ақпан 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев: Алматы - инвестиция үшін ашық
04 қазан 2019

Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев «Астана» Халықаралық қаржы орталығы ұйымдастырған қаржы форумына қатысты. Қала басшысы мегаполисті дамытуға инвестиция тартудың негізгі бағыттары туралы айтты.

Бақытжан Сағынтаев өзінің құттықтау сөзінде Алматыда Қазақстанның салық төлейтін ірі компанияларының үштен бірінің, 30-дан астам трансұлттық компаниялардың, банктердің бас офистерінің 86%-ның, біріккен кәсіпорындар мен ірі халықаралық ұйымдардың 43%-ның орналасқанын атап өтті. Алматы — экономикасы 36 миллиард долларды құрайтын Орта Азиядағы ең дамыған мегаполис.

«Біз алдымызға жаһандық қала болудың және өмір сүру сапасы әрі экономикалық мүмкіндіктері жағынан 100 мегаполистер қатарына ену бойынша ұзақ мерзімді міндетті қоюдамыз. Алматы — халқы қала маңындағыларды қоса есептегенде қазірдің өзінде үш миллионға жақындап қалды, ал 2030 жылға қарай бес миллионға жетуі мүмкін», - деді Б.Сағынтаев.

Ол шет аймақтарды қала стандарттарына сай дамыту жөніндегі «Жаңа Алматы» атты үш жылдық жоспарды жүзеге асыру үшін 800 млрд. теңгеге жуық бюджет қаржысы мен жеке инвестиция қажет екенін, сол арқылы қала бастамаларының орындалуын және алматылықтардың тұрмыс жағдайларын жасқартуды қамтамасыз ететін салық түсімін арттыруға болатынын айтты.

Бұдан өзге, Алматы әкімдігі «Астана» Халықаралық қаржы орталығында қызметін жүргізетін инвестициялық қормен ынтымақтастықты қалыптастыруды жоспарлауда. Б.Сағынтаев үкіметпен бірге бизнес жүргізуде әкімшілік кедергілерді азайту, тіркеу процедураларын жеңілдету бойынша шаралар пакетінің қолға алынғанын атап өтті.

«Алматыда мембюджет есебінен Индустриалды аймақта бірегей инфрақұрылым қалыптасты. Сонымен қатар «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА салық төлеу және басқалары бойынша жеңілдіктер қарастырылған», - деді қала әкімі.

Айта кетерлігі, мегаполисте бизнесті қолдаудың бірқатар консалтингтік және қаржылық шаралары жүзеге асуда. Мысалы, Qoldaý кәсіпкерлікті қолдау орталығы бизнеске бір терезе қағидасы бойынша мемқызметтер және тегін консалтингтік қызметтер көрсетеді. «Almaty Finance» компаниясы мен «Almaty» микроқаржылық ұйым шағын және орта бизнесті қолдау үшін 2%-дан 7%-ға дейін жеңілдетілген несиелер береді.

«Жалпы біз келер жылдан бастап ШОБ қаржылық қолдау көлемін үш есе ұлғайтуды жоспарлаудамыз. Ағымдағы жылы 11,5 миллиард теңгеден 30 миллиард теңгеге дейін көбейтеміз. Одан әрі біз шешім қабылдау үшін сараптама базасына сүйене отырып, оның ішінде әкімдіктің ситуациялық орталығы және Big Data негізінде қолдау шараларына түзету енгізетін боламыз», - деп атап өтті мегаполис басшысы.

Ол өзінің сөзінде әлеуетті инвесторлар үшін тауарларды өңдеу және қайта өңдеу, көлік-логистика қызметі, туризм салаларының перспективалы бағыттары екенін атап өтті. Осынау өміршең салаларда жаңа өндіріс ашуға зор ықпал ететін креативті экономикаға ерекше назар аударған жөн.


Қазақстандық қаржы форумы – тұтынушылар құқығын қорғау, АХҚО-ның бизнес үшін мүмкіндіктер мәселелерін талқылайтын алаң. Форумның мақсаты – АХҚО-да жүргізілетін инвестиция тартудың негіздері және бизнес жүргізудің шарттары туралы хабардар ету, сонымен қатар қаржы қызметінде тұтынушыларды қорғау. Алқалы шарада АХҚО сарапшылары спикер ретінде қаржы қызметін, қаржы технологиясын, жасыл және ислам облигациясын шығаруды реттеу, бағалы қағаздар нарығын инвестициялау, сонымен қатар үздіксіз кәсіби даму туралы терең мағлұмат ала алды.


  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


2020 жылдың 16 ақпанында Алматыдағы қарды тазалау бойынша ақпарат »»
16 ақпан 2020 - 09:31
16 ақпан күні Алматы қаласында түнгі сағат 03.00-де бастаған жаңбырдың арты қарға айналды.   Көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға, жол қиылыстары мен жолайрықтарға тайғаққа қарсы материал себілді. Сағат 09.00-дегі жағдай бойынша тайғаққа қарсы 3073 тонна материал пайдаланылды. Сағат 05.00-ден бастап қар тазалайтын көліктерден колонналар ұйымдастырылды. Олардың кедергісіз жүруі үшін жол полициясының патрульдік машиналары көмекке келді. Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік ...
Алматыда экологияны жақсарту бойынша құрамында сарапшылар мен экобелсенділері бар жұмыс тобы құрылды »»
15 ақпан 2020 - 18:23
2020 жылдың 15 ақпанында Тұрақты даму комитетінің кеңейтілген отырысында экобелсенділер мен Алматы қаласы әкімдігінің арасында өзара ашық диалог өтті.   Басқосуға Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Қожағапанов пен әкімнің орынбасарлары Е.Бабақұмаров, М.Әзірбаев, сарапшылар қауымдастығының өкілдері мен экобелсенділер, олардың ішінде А.Төлесова, А. Ерекенов, С. Мартемьянов, А. Жандосова, С. Ташимова, А. Наурызбаев қатысты. Сондай-ақ, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Алматыдағы ЖЭО басшылығ...
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің білім беру тәжірибесін қала мектептеріне тарату қажет - Е. Бабақұмаров »»
14 ақпан 2020 - 17:16
Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаровтың төрағалығымен Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.   Оған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы К. Шәмшидинова мен Қамқоршылық кеңес мүшелері: Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Л. Жылқыбаева, Алматы қаласы мәслихатының депутаты А. Нәбиев, Алматы қаласы «Физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» фили...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56