^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 17 ақпан 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда Jasyl Almaty кең ауқымды акциясы басталды
05 қазан 2019

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Мохнатка тауының баурайында өткен экологиялық акцияны бастап берді. Мұнда қылқан жапырақты ағаштардың көшеттері отырғызылды.

 

Өздеріңізге белгілі, 2011 жылы қатты дауылдың нәтижесінде Мохнатка тауындағы 480 гектар аумақта жүздеген мың ағаш құлаған еді. Жыл сайын мұнда табиғи ағаштар мен бұталардың көшеттері отырғызылады. Ал бүгінгі акция аясында Шренка шыршасының 50 мыңға жуық көшеті отырғызылды.

Бұл шараның маңыздылығына тоқталған Бақытжан Сағынтаев аталған акцияның қала экологиясын жақсарту мен табиғи тепе-теңдікті сақтау үшін қажет екендігін атап өтті.

«Жас шыбықтарды отырғызу арқылы біз табиғатты құрметтеуге үйренеміз. Жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, қоршаған ортаны аялауға баулимыз», – деді әкім.

Оның айтуынша, кез-келген алматылық өз ауласында немесе қалалық саябақта бір ағаш отырғызу арқылы қалаға деген сүйіспеншілігі мен құрметін көрсете алады. Бүгін акцияға 500-ден астам адам қатысты. Олардың ішінде мәдениет қайраткерлері, студенттер, еріктілер және Іле Алатауы ұлттық паркінің қызметкерлері бар. Бұған дейін қала әкімінің тапсырмасы бойынша Алматыны көгалдандыру бойынша ауқымды жоба жасалған болатын. Соған сәйкес үш жылдың ішінде миллион ағаш отырғызу жоспарланған.

Мамандардың айтуынша, қалада 2 миллионнан астам ағаш бар. Бірақ 500 мыңға жуығы апаттық немесе ауру ағаштар. Жаңа Алматыны, оның ішінде Алатау және Наурызбай аудандарындағы ықшамаудандарды көгалдандыруға ерекше назар аударылмақ.





  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


2020 жылдың 16 ақпанында Алматыдағы қарды тазалау бойынша ақпарат »»
16 ақпан 2020 - 09:31
16 ақпан күні Алматы қаласында түнгі сағат 03.00-де бастаған жаңбырдың арты қарға айналды.   Көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға, жол қиылыстары мен жолайрықтарға тайғаққа қарсы материал себілді. Сағат 09.00-дегі жағдай бойынша тайғаққа қарсы 3073 тонна материал пайдаланылды. Сағат 05.00-ден бастап қар тазалайтын көліктерден колонналар ұйымдастырылды. Олардың кедергісіз жүруі үшін жол полициясының патрульдік машиналары көмекке келді. Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік ...
Алматыда экологияны жақсарту бойынша құрамында сарапшылар мен экобелсенділері бар жұмыс тобы құрылды »»
15 ақпан 2020 - 18:23
2020 жылдың 15 ақпанында Тұрақты даму комитетінің кеңейтілген отырысында экобелсенділер мен Алматы қаласы әкімдігінің арасында өзара ашық диалог өтті.   Басқосуға Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Қожағапанов пен әкімнің орынбасарлары Е.Бабақұмаров, М.Әзірбаев, сарапшылар қауымдастығының өкілдері мен экобелсенділер, олардың ішінде А.Төлесова, А. Ерекенов, С. Мартемьянов, А. Жандосова, С. Ташимова, А. Наурызбаев қатысты. Сондай-ақ, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Алматыдағы ЖЭО басшылығ...
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің білім беру тәжірибесін қала мектептеріне тарату қажет - Е. Бабақұмаров »»
14 ақпан 2020 - 17:16
Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаровтың төрағалығымен Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.   Оған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы К. Шәмшидинова мен Қамқоршылық кеңес мүшелері: Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Л. Жылқыбаева, Алматы қаласы мәслихатының депутаты А. Нәбиев, Алматы қаласы «Физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» фили...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56