^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 14 қазан 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Жазушыны еске алу
05 қазан 2019

Алматыда Шерхан Мұртаза тұрған үйде ескерткіш тақта ашылды.

 

Шерхан Мұртаза – халық жазушысы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, қоғам әрі саяси қайраткер. Ол қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қоса отырып, венгр халық ертегілерін, Ганс Христиан Андерсеннің, Шыңғыс Айтматовтың, Мұстай Кәрімнің және басқа жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударды. Шерхан Мұртазаның шығармаларын мемлекет басшысы мен халық жоғары бағалады. Көзі тірісінде ол «Отан» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған.

Салтанатты шараға қатысқан Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жазушының бай әрі өміршең шығармашылық мұрасы кеңінен ашылып, тереңірек зерттелуі керектігін тілге тиек етті.
«Халқымыздың сүйікті перзенттерінің есімдері мәңгі сақталып, ұлықталуы үшін барлығын жасаймыз», – деді әкім.
Сонымен қатар айтулы шараға сенатор Нұртөре Жүсіп, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, қоғам қайраткерлері қатысты.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Көк Төбенің өрт шарпыған аймағына Назарбаев қызғалдақтары мен Сиверс алмасы отырғызылды »»
13 қазан 2019 - 16:42
Бүгін, 13 қазанда Jasyl Almaty көгалдандыру акциясы аясында Көк Төбе тауында Сиверс алмасының көшеттері мен «Қазақстан», «Нұрсұлтан Назарбаев» сорттарының қызғалдақтары отырғызылды. Көгалдандыру акциясына 500-ге жуық адам қатысса, оның 200-ге жуығы студенттер болды. Барлығы 40 мың Сиверс алма ағаштары мен «Қазақстан», «Нұрсұлтан Назарбаев» сұрыптарындағы қызғалдақтардың 500 мың данасы отырғызылды. Қалалық жасыл экономика басқармасы мамандарының айтуынша, көш...
Алматының мектептерінде төрт мыңнан астам көшет отырғызылды  »»
12 қазан 2019 - 17:59
 Бүгін, 12 қазанда шаһар басшысы Б.Сағынтаев қаладағы мектептерде өткен көгалдандыру акциясына қатысты.  Jasyl Almaty жалпықалалық акциясы аясында білім ошақтарында 4360 көшет отырғызылды. Бұл күні Бақытжан Сағынтаев Наурызбай мен Алатау аудандарына қарысты №200 және №181 мектептерінің оқушылары және мұғалімдерімен бірге болды. Аталған екі мектепте 600-ге жуық көшет отырғызылды. Жалпы қаладағы 110 мектептің жоғары сынып оқушылары, ата-аналары мен ұстаздары бірігіп, 4360 түп акация, қарағай, катал...
Алматыда А. Қошановтың 85 жылдығы аталып өтті
11 қазан 2019 - 15:51
Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласы бойынша Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР ҰҒА-ның академигі Аманжол Қошановтың туғанының 85 жылдығына және ғылыми әрі қоғамдық қызметінің 60 жылдығына арналған халықаралық симпозиум өтті.   Алқалы жиын барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров салтанат иесін 85 жылдық мерейлі жасымен құттықтады және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтау ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56