^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 26 мамыр 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев: Алматыда медқызметтің сапасы жоспарлы түрде артатын болады
07 қараша 2019

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев медицинаның болашақ перспективалары талқыланған IV Халықаралық «Денсаулық сақтаудағы инновация - 2019» ғылыми форумына қатысты.

 

Форум Президенттің ісбасқармасы Медициналық қызметінің 90 жылдығы аясында өтуде. Бұл күн Президенттің ісбасқармасы Орталық клиникалық ауруханасының Алматыда 1929 жылы емхана түрінде ашылуынан бастау алады.

«Бүгінгі күні ол заманауи медициналық орталық, мұнда отандық медицинаны дамытушы және озық емдеу-диагностикалық практиканы енгізуші үздік дәрігерлер-жаңашылдар қызмет етеді», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Қала әкімі «Совминка» ретінде танылған ОКА тәжірибесінің медициналық қызметтің сапасын жоспарлы түрде арттыру мақсатында Алматының барлық медмекемелеріне таратылатынын атап өтті.

«Дәрігерлердің кәсіби біліктілік деңгейі тұрақты артатын болады, олардың дұрыс жұмыс жасауы үшін біз барлық жағдайларды жасаймыз. Айта кетерлігі,таяудағы үш жыл ішінде ауруханалар мен емханалардың жабдықталу деңгейін 90%-ға дейін жеткіземіз», - деді мегаполис әкімі..

Болашақ медицинасының перспективалары талқыланған форум жұмысы екі күнге созылады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Сағынтаев алматылық мектеп түлектерін құттықтады »»
25 мамыр 2020 - 16:33
Бақытжан Сағынтаев мектеп бітірген алматылық түлектерді құттықтады. Әкім құттықтауын Facebook-тағы өзінің парақшасында жариялады.   Алматы әкімі 9299 мектеп түлегінің үлкен өмірге қанат қаққанын атап өтті. Соның ішінде 545 түлек – «Алтын белгі» иегері, 714 оқушы оқу озаты атанды. Биыл мектептерде соңғы қоңырау алғаш рет онлайн түрде соғылды. Бақытжан Сағынтаев өзінің құттықтауында мектеп директорлары мен ұстаздардың осынау естен кетпес сәттің сән-салтанатын келістіріп, сезіндіру ...
Бақытжан Сағынтаев қайтыс болған полиция қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты »»
25 мамыр 2020 - 11:42
Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өз міндеттерін орындау барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.   «Блокпоста міндеттерін атқарған және ЖКО салдарынан қаза болған полиция қызметкерлері Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқановтың отбасылары мен жақындарына қатты қайғырып көңіл айтамын», - деп жазды Twitter-де Бақытжан Сағынтаев. Қайтыс болғандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетілетін болады. ...
2020 жылдың 25 мамыры күнгі Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді дезинфекциялау кестесі »»
25 мамыр 2020 - 09:34
Алмалы ауданы бойынша: Абай – Назарбаев – Райымбек – Сейфуллин – Байтұрсынов көшелерінің шаршы аумағы   Алатау ауданы бойынша: Самғау, Алмалы, Алатау сити, Зерделі, 13 терр., 14 терр.   Әуезов ауданы бойынша: Райымбек даңғылы, Саин, Жұбанов, Қабдолов, Алтынсарин, ықш.:1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12, Сайран, Өтеген батыр к-сі, Төле би, Тастақ-1 ықш.   Бостандық ауданы бойынша: Әл-Фараби даңғылы – Назарбаев даңғылы – Абай даңғылы – Жароков көшесінің шарш...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz