^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 19 қараша 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев цифрлық форматқа көшірілген мемқызмет үлесінің артқаны туралы айтты
08 қараша 2019

Алматы әкімі «Adaldyq Alany: сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам мен мемлекеттің өзара іс- қимылының жаңа форматы» республикалық форумына қатысты.

 

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев және БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек қатысқан шарада сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту бойынша іс- қимылды жетілдіру және меморгандар жұмысының ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды.

 

Қала әкімі Б. Сағынтаев құттықтау сөзінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың пәрменді шарасының бірі мемқызмет көрсетуде адамдық факторды қысқарту екенін атап өтті.

 

«Алматы цифрлық сауаттылықтың деңгейі бойынша елімізде көшбастауда, яғни 82 процентке жетті. Оның үстіне, Алматы БҰҰ-ның азаматтарға арналған онлайн - сервистерді дамыту рейтингіне енген Орта Азиядағы жалғыз қала және 25 орынды иеленген. Smart City концепциясын дамыту аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ТҮКШ, көлік, білім мен денсаулық сақтау салаларында жобалар ойдағыдай жүзеге асуда», - деді Бақытжан Сағынтаев.

 

Оның мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың өткен тоғыз айы ішінде мемқызметтің 95%-ы электронды форматта көрсетілген,барлық мемқызметтің 80% - ы автоматтандырылған. Open Almaty порталы арқылы қала тұрғындарымен тұрақты кері байланыс қамтамасыз етілген. Екі жыл ішінде 195 мыңнан астам өтініш өңделіп, олардың 71%-ы жергілікті жерде шешілген. Түскен өтініштерге талдау жүргізіледі, соның негізінде жедел шаралар қолданылады. Айта кетерлігі, қала әкімі бір айда екі рет, сонымен қатар аудан әкімдері мен басқарма басшылары күн сайын азаматтарды жеке қабылдайды. Мегаполис басшысы проблемалы учаскелерге өзі барып, сол жерде жағдаймен танысады және аудан тұрғындарымен ашық форматта кездеседі. Осылайша, «тыңдайтын мемлекет» концепциясы жүзеге асуда.

 

Форумның жұмысына аудан әкімдері, мемлекеттік және жеке мекемелердің басшылары, қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың, кәсіподақтардың, этнобірлестіктердің, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Adaldyq Alany. жобалық офистердің өңірлік басшылары қатысты.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Б. Сағынтаев: Қалалықтардың қауіпсіздігі үшін үнемдеуге болмайды »»
18 қараша 2019 - 12:36
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қатысуымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мәселелері бойынша кеңес өткізді.   Негізгі міндет – қызмет көрсетудің сервистік үлгісіне басымдық бере отырып, Алматы полициясының жұмысын қайта құру. Учаскелік инспекторлар, патрульдер қала тұрғындары мен қонақтарына олардың мәселелерін шешуге көмектесулері тиіс. «Қоғамның басты талабы – сапалы және қолжетімді медициналық қ...
Б. Сағынтаев: Біз жастарға «Алматы арманын» жүзеге асыруға көмектесеміз »»
16 қараша 2019 - 15:01
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевпен бірге «Ел үміті» дарынды жастар форумының эстафетасын қабылдады. «Ел Үміті» жобасы ел бойынша 1000 талантты, дарынды әрі іскер жастарды іріктеуге көмектеседі. Олар өз тәжірибесімен бөлісе отырып, өзінің үлгісінде құрдастарын табысқа ұмтылуға жігерлендіріп, өзіне сенуге, талантын паш етуге көмектеседі. «Сіздердің әрқайсыларыңыздың жетістіктеріңізді саралай келе, біз ел...
Алматыда мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды »»
15 қараша 2019 - 19:47
Алматыда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.   Алқалы шараға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектордың өкілдері, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері мен оңалтудың техникалық құралдарын өндірушілер қатысты. Отырысқа қатысушылар шара б...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56