^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 19 қараша 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Қала әкімі Б. Сағынтаев «Егемен Қазақстан» газетінің ұжымын мерейтоймен құттықтады
08 қараша 2019

Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында өтті. Мұнда 1919 жылдан бастап газеттің даму экспозициясы ұсынылды.

 

Еліміздің бас газетінің ұжымын құттықтаған Бақытжан Сағынтаев «Егемен Қазақстанның» тарихы «Ұшқын» газетінің бірінші нөмірінен бастау алатынын атап өтті.


«Бүгін газеттің 29 696 нөмірі жарық көрді. Әрбір нөмірде Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуының қиын жолы сипатталады. Кезінде бұл басылымды Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ғабит Мүсірепов, Қасым Шәріпов, Сапар Байжанов, Балғабек Қыдырбекұлы, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев сынды тұлғалар басқарып еді. Олар газеттің әр нөміріне қайталанбас қолтаңбасын қалдыра білді. Бұл тұлғаларды Отанға деген махаббат пен оқырманға деген құрмет біріктірді», – деп атап өтті шаһар басшысы.


Қала әкімі «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторларының бірі болған Нұрлан Оразалин мен газеттің қазіргі басшысы Дархан Қыдырәліні Алматының дамуына қосқан үлесі «Енбегі үшін» үшін деген төсбелгімен марапаттады. Газеттің бірқатар ардагерлері мен журналистері Алматы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Бұл күні салтанатты түрде «Егемен Қазақстан» газетінің мемориалдық тақтасының ашылуы өтті. Онда 1987 жылдан 1999 жылға дейін Гоголь және Зенков көшелерінің қиылысында газеттің редакциясы орналасқан. Ескерткіш тақтаның ашылуына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қатысып, басылымның ғасырлық тарихындағы Алматының рөлін атап өтті.


«1929 жылы газет ұжымы Қызылордадан біздің қалаға көшті. Сондықтан Алматыдағы мемориалдық тақтаның ашылуы-тарихи заңдылық пен біздің азаматтық парызымыз», – деді Ержан Бабақұмаров.


Сондай-ақ, шараға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, журналист-ардагер Сарбас Ақтаев, қазақ баспасөзінің ардагері Жақып Мамадияр, жазушылар, зиялы қауым өкілдері мен танымал журналистер қатысты. Бұған дейін Алматыда «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығын мерекелеу аясында бірқатар салтанатты іс-шаралар өтті. Соның ішінде жазушы Әбіш Кекілбаев атындағы көшенің ашылуы, сондай-ақ, жазушы Шерхан Мұртаза тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды.






  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Б. Сағынтаев: Қалалықтардың қауіпсіздігі үшін үнемдеуге болмайды »»
18 қараша 2019 - 12:36
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қатысуымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мәселелері бойынша кеңес өткізді.   Негізгі міндет – қызмет көрсетудің сервистік үлгісіне басымдық бере отырып, Алматы полициясының жұмысын қайта құру. Учаскелік инспекторлар, патрульдер қала тұрғындары мен қонақтарына олардың мәселелерін шешуге көмектесулері тиіс. «Қоғамның басты талабы – сапалы және қолжетімді медициналық қ...
Б. Сағынтаев: Біз жастарға «Алматы арманын» жүзеге асыруға көмектесеміз »»
16 қараша 2019 - 15:01
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевпен бірге «Ел үміті» дарынды жастар форумының эстафетасын қабылдады. «Ел Үміті» жобасы ел бойынша 1000 талантты, дарынды әрі іскер жастарды іріктеуге көмектеседі. Олар өз тәжірибесімен бөлісе отырып, өзінің үлгісінде құрдастарын табысқа ұмтылуға жігерлендіріп, өзіне сенуге, талантын паш етуге көмектеседі. «Сіздердің әрқайсыларыңыздың жетістіктеріңізді саралай келе, біз ел...
Алматыда мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды »»
15 қараша 2019 - 19:47
Алматыда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.   Алқалы шараға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектордың өкілдері, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері мен оңалтудың техникалық құралдарын өндірушілер қатысты. Отырысқа қатысушылар шара б...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56