^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 19 қараша 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Денсаулық айлығы аясында 5 мыңнан астам алматылық медициналық тексеруден өтті
09 қараша 2019

Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша 1 желтоқсанға дейін денсаулық айлығы өтуде.

 

Айлық басталғалы бері, 29 қазаннан бастап медиктердің көшпелі бригадалары орталықтан шалғай жатқан 23 елді-мекенде болды. Бұл ретте 5 мыңнан астам қала тұрғыны түрлі мәселелер бойынша тегін медициналық кеңес алып, тексеруден өтті.

Денсаулық айлығы аясында емделушілер эндокринолог, кардиолог, жалпы практика дәрігері, офтальмолог, гинеколог және басқа да бейінді дәрігерлерден тегін кеңес алады. Флюорографиялық тексеру, артериялық қысымды, көз түбін өлшеу, ЭКГ диагностикасы, АИТВ-инфекциясын анықтауға экспресс-тестілеу, қандағы холестерин мен қанттың деңгейін анықтау жүргізіледі.

Профилактикалық тексеру барысында қан қысымы жоғары, қандағы қант деңгейі, холестерин деңгейі жоғары пациенттер анықталды. Олардың барлығы учаскелік дәрігерге қаралуға жіберілді.

Сонымен қатар, айлық шеңберінде медицина қызметкерлері халық арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, скринингтік тексеруден өту, халықты тіркеу тіркелімі арқылы бекіту және мобильдік қосымшаны белгілеу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Денсаулық айлығының мақсаты – қала тұрғындарына қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. Әсіресе, бұл шалғай жатқан аудандарға қатысты. Сондай-ақ, акция мегаполис тұрғындарының өз денсаулығына немқұрайлы қарамауға үндейді.





  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Б. Сағынтаев: Қалалықтардың қауіпсіздігі үшін үнемдеуге болмайды »»
18 қараша 2019 - 12:36
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қатысуымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мәселелері бойынша кеңес өткізді.   Негізгі міндет – қызмет көрсетудің сервистік үлгісіне басымдық бере отырып, Алматы полициясының жұмысын қайта құру. Учаскелік инспекторлар, патрульдер қала тұрғындары мен қонақтарына олардың мәселелерін шешуге көмектесулері тиіс. «Қоғамның басты талабы – сапалы және қолжетімді медициналық қ...
Б. Сағынтаев: Біз жастарға «Алматы арманын» жүзеге асыруға көмектесеміз »»
16 қараша 2019 - 15:01
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевпен бірге «Ел үміті» дарынды жастар форумының эстафетасын қабылдады. «Ел Үміті» жобасы ел бойынша 1000 талантты, дарынды әрі іскер жастарды іріктеуге көмектеседі. Олар өз тәжірибесімен бөлісе отырып, өзінің үлгісінде құрдастарын табысқа ұмтылуға жігерлендіріп, өзіне сенуге, талантын паш етуге көмектеседі. «Сіздердің әрқайсыларыңыздың жетістіктеріңізді саралай келе, біз ел...
Алматыда мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды »»
15 қараша 2019 - 19:47
Алматыда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.   Алқалы шараға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектордың өкілдері, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері мен оңалтудың техникалық құралдарын өндірушілер қатысты. Отырысқа қатысушылар шара б...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56