^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 6 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Сағынтаев: проблемалық мәселелерді бірге шешеміз
07 ақпан 2020

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданы әкімінің есептік кездесуіне қатысты.

 

Аудан тұрғындарын алаңдататын басты мәселелер – бұрынғысынша жолдың, коммуналдық желілердің жоқтығы, абаттандыру мен аумақты жасылдандыру. Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков тұрғындарды газбен қамтудың 96%-ды құрайтынын айтты. Өткен жылы «Мәдениет» ықшамауданы мен «Энергостроитель», «Теплоэнергетик» саябақтарына 6,8 шақырым газ құбыры тартылды. 1407 үйді газдандыру қажет, олардың 976-ы жеке үйлер, 431-і саяжайлар.

Сумен қамту және кәріз желілері 79 және 68 пайызды құрайды. «Ақбұлақ», «АЗТМ», «Алғабас» ықшамаудандарына ұзындығы 107 шақырым болатын желілер тартылуда.

Аудан электр желісімен толық қамтылған. Дегенмен, 157 шақырым желі мен трансформаторлы қосалқы станциялар сот арқылы иесіз деп танылып, оның 143 шақырымы «Алатау Жарық» компаниясының балансына берілді. Айта кетерлігі, аудан тұрғындары коммуналдық қызмет төлемін жалпықалалық тариф бойынша төлей алады.

Есептік кездесу барысында тілектер де айтылды. Мәселен, эколог Тимур Елеусізов скверлерді абаттандыру бойынша көмегін ұсынды, сонымен қатар бұзақылар жасыл желекке зақым келтіретіндіктен, видеобақылау камераларын орнату қажет екенін атап өтті.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданы тұрғындарының сұрақтарына жауап бере келіп, барлық проблемалық мәселелердің жүйелі түрде шешілетінін хабарлады. Ол үшін таяу уақытта аудандар әкімдері өз аумақтарын дамытудың үш жылдық шеберлік-жоспарларын әзірлейтін болады.

«Мұндай инфрақұрылымды жақсартатын және ауданның басқа да мәселелерін шешетін «Жол карталары» сіздердің белсенді қатысуларыңыз арқылы әзірленеді. Қала бюджеті шеберлік-жоспарларына сәйкес жасалады әрі бөлінетін болады», - деді Б. Сағынтаев. Ол әкімдіктің жұмысында тұрғындар пікірлерінің басты назарға алынатынын атап өтті.

Кездесу аяқталған соң аудан тұрғыны Жұмағазы Есжановтың өтініші бойынша Алматы әкімі асфальты, сыртқы жарығы жоқ, арық жүйесі бұзылған Доспанов пен Сұхамбаев көшелерінің бұрышына барды. Мұндағы ағаштарды кесу қажет, өйткені олардың бұтақтары электр желісі мен байланысқа зиян келтіруі мүмкін. Бақытжан Сағынтаев тиісті басқармалар басшыларына жұмыс жоспарларына сай көрсетілген кемшіліктерді жоюды тапсырды.

Айтар болсақ, өтініштерге жедел назар аудару үшін Алатау ауданында Whatsapp мессенджерінде +7 700 300 20 97 нөмірі бойынша чат ашылған.





  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда тұрғын үй қорын дезинфекциялау қарқынды жүргізілуде »»
06 сәуір 2020 - 10:19
Аптасына екі рет көппәтерлі тұрғын үйлерің әр кіреберісі мен аула аумақтары залалсыздандырылады.   Айта кету керек, төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабтың шешімімен 25 наурыздан барлық жердегі тұрғын үй қорын дезинфекциялауды арнайы компаниялар жүргізе бастады. Қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасында атап өткендей, бұл жұмысқа тартылған барлық мердігерлік ұйымдардың тиісті біліктілігі бар, штаттық құрамы жеткілікті және толығымен жабдықталған. Бұл құралдар вирустың қоздырғыштарына, ж...
Қала әкімдігі жұмыссыз режимнің 13 сәуірге дейін ұзартылғанын еске салады »»
05 сәуір 2020 - 21:15
5 сәуірге дейін ұйымдардың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім кейінге шегерілді. Енді қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етпейтін барлық кәсіпорындар мен ұйымдар үшін жұмыссыз режим 13 сәуірге дейін ұзартылды.   Мұндай шешімді ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия қабылдады. Бұл режим адамдар мен жеке көліктің қала ішінде қажеттіліксіз жүріп-тұруына тыйым салуды көздейді. Азық-түлік пен дәрі-дәрмекті алуға тұрғылықты жерге жақын орналасқан дү...
Б. Сағынтаев жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысын бастауға пәрмен берді »»
04 сәуір 2020 - 17:34
Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 280 орынға жоспарланған, провизорлық госпитальдың құрылысы басталған алаңға барып, ондағы жұмыстармен танысты.   Госпиталь салу туралы шешімді коронавирус инфекциясына қарсы күрес мақсатында құрылған ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету туралы Мемлекеттік комиссия қабылдаған болатын. Тез салынатын блокты құрылыс жабдықтарымен бой көтеретін нысан 280 орынға арналған, оның ішінде 28-і интенсивті терапия бөлімшесіне тиесілі. Құры...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56