^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 3 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда «Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» эстафетасы басталды
07 ақпан 2020

28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында бастау алған акция Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орайластырылған.

Эстафета кезінде бүкіл ел аумағы бойынша Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфилов атындағы сегізінші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының жауынгерлік туының көшірмесі жүргізіліп өтпек. ІІМ-ның ұйытқы болуымен ұйымдастырылған акция 5 мамыр күні аяқталады. Осы уақыт ішінде соғыс ардагерлері құттықталып, бас-аяғы 600-ге жуық іс-шара өткізіледі.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі өзінің Instagram ресми парақшасында акцияның маңыздылығын атап өтті. «Жыл сайын ардагерлердің қатары сиреп барады. Бізге бейбіт өмір сыйлаған жандардың ерлігін келешек ұрпақ естен шығармаулары керек», – деп жазды

Б.Сағынтаев. Сондай-ақ ол Ұлттық гвардия әскери қызметшілерінің Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллинмен бірге Панфилов дивизиясының бір ротасында қызмет еткен ардагер Қайырлы Жонқабаев тұратын үйдің ауласында өткен парадтық марштың әсерлі болғанын атап өтті.

Акция аясында гвардияшылар Алматының барлық аудандарындағы ардагерлердің үйлеріне барып қайтты.

 




  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


«Алматылықтар үйінде»: Алматы тұрғындарының өзін-өзі оқшаулау деңгейі 5 балдық көрсеткіш бойынша 4,4 балды құрады »»
01 сәуір 2020 - 16:21
Алматыда «Сергек» жүйесі мен оның берген мәліметтерін қолдана отырып, көшелердегі көлік кептелісінің қорытындысымен бірге алматылықтардың өзін-өзі оқшаулау деңгейі анықталуда.   2020 жылдың 11 наурызынан бастап Алматы жолдарындағы көліктер саны 80 пайызға дейін азайған болатын. Ол «Сергек» жүйесіндегі карантинге дейінгі қалыпты жұмыс күні мен төтенше жағдай енгізіліп, карантин басталғандағы қалалық трафиктің деректерін салыстыру арқылы анықталған. Тұрақтандырылған «5&r...
Ақпараттық хабарлама
31 наурыз 2020 - 17:14
Карантин кезінде уақытша жабылуға жатпайтын Алматы қаласының ұйымдары мен кәсіпорындары үшін рұқсат етілген салалар мен қызмет түрлерінің тізіміне толықтырулар енгізілді. 2020 жылдың 31 наурызы мен 6 сәуір аралығында карантин кезеңінде жұмыс істейтін қызметкерлер үшін анықтама үлгілері анықталды.   Алматыда карантин шараларын күшейту туралы...
Қаладағы нысандарды өңдеу үшін дезинфекциялық құралдарды қолдану бойынша ақпарат  »»
31 наурыз 2020 - 14:14
Қоқыс салатын жәшіктер, орындықтар, қоғамдық көлік аялдамаларын, жерасты және жерүсті өткелдерін дезинфекциялау үшін күн сайын 60-тан астам жұмысшы жұмылдырылуда. Төтенше жағдай кезінде 600 текше метр (600 000 литр) ерітінді (300 таблеткадан 200 құты) қолданылды.   Қоқыс шығаратын ұйымдар контейнерлік алаңдар мен контейнерлерді дезинфекциялауға 43 000 литр дезинфекция ерітіндісін пайдаланды. Ол үшін 85 адам жұмылдырылды. Автобустарды дезинфекциялауға 130 литрден астам ерітінді пайдаланылып, 100-ге ж...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56