^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 21 қыркүйек 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда Волонтерлар үйі ашылады
11 ақпан 2020

Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың волонтерлар ұйымдарының өкілдерімен кездесу кезінде айтты.

 

20-дан астам волонтерлар ұйымдарының өкілдері қатысқан кездесудің басты мақсаты – Мемлекет басшысы Волонтер жылы деп жариялаған биылғы жылы атқарылатын жұмыстардың жоспары бойынша «сағатты салыстыру».

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев атап өткендей, ізгі ниетті қалалықтар өмір сүрудің барлық салаларында белсенді және қала қауымдастығының ажырамас бөлігіне айналған.

Кездесу кезінде айтылған ұсыныстар – мейірімділіктің қалалық шеруін, экологиялық жүгіруді ұйымдастыру, қаланы жасылдандыруға қатысу, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету және оқушылардың заңнамалық сауаттылығы бойынша сабақтар өткізу. Аз қамтылғандарға, жалғыз басты қарт адамдарға және ерекше қажеттілікті талап ететін балаларға көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, волонтерлар донорлықты қолдайды әрі алғашқы медициналық көмек көрсетудің негіздерін үйретеді. Қалдықтарды жеке жинау, хайуанаттарды қорғау мен сақтау мәселелері де маңызды.

Қала әкімі Б. Сағынтаев волонтерлық жобалардың барлығының қолдау табатындығын айтты.

«Волонтерлық қозғалыс салиқалы әлеуметтік-жауапты іске айналуда. Сондықтан волонтерлар топтарын дайындау, бірыңғай ақпараттық базаны құру маңызды. Күш-жігеріміз бен ресурстарды біріктіре отырып, біз бұл міндеттердің барлығын шешеміз. Осы мақсат үшін волонтерлар мен қоғамның өзара іс-қимылының тиімді алаңына айналатын Волонтерлар үйін ашамыз», - деп қорытындылады сөзін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Кездесуде «Қазақстан волонтерлар лигасы» ҚҚ-ның төрайымы Айсұлу Ерниязова, «Мейірімділер клубы» жобасының үйлестірушісі Динара Асанова, Lider.kz ҚҚ-ның үйлестірушісі Дильмира Блац, «Қуаныш сыйлаймыздың» үйлестірушісі Кира Ударцева және басқалары өз ұсыныстарымен бөлісті.





  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады »»
09 қыркүйек 2020 - 17:02
Президентке Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайы және коронавирус індетінің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.   Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ә...
Алматы қаласының Мәдениет нысандары карантин шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде »»
08 қыркүйек 2020 - 15:59
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, карантиннің жеңілдетілуіне байланысты 1 қыркүйектен бастап қалада мұражайлар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады.   «Алматы қ. музейлер бірлестігі» КМҚК (Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар Мұражайы, Д. А. Қонаев  Мұражайы, Н. Тілендиев атындағы Мемориалдық мұражай, С. Мұқанов және  Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі ...
Иесіз электр желілерін қала балансына бергеннен кейін коммуналдық қызметтер сапалы болады: Алматыда жеке шоттарды ашу алгоритмі туралы айтылды »»
07 қыркүйек 2020 - 18:59
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында, Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Сағындықов, иесіз желілерді қала балансына беру кезінде дербес шоттарды ашу алгоритмі туралы айтып берді.   Алматы қаласының әкімшілігі қала тұрғындарының өміріне қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде сапалы коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін ауқымды жұмыс ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz