^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 20 ақпан 2020
 
     
 
Жаңалықтар
2019 жылы Алматыда үш мыңға жуық отбасы баспаналы болды
12 ақпан 2020

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев мәлімдеді.

 

М.Отыншиевтің айтуынша, бүгінгі таңда 25,5 мың алматылық тұрғын үй алу кезегінде тұр. Оның ішінде 10 мыңға жуығы бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері болса, 11,8 мыңнан астамы халықтың әлеуметтік осал топтарының санатына жатады.

«2019 жылы тұрғын үйге мұқтаж 2913 жанға пәтер бөлінді. Айта кету керек, пәтерлердің 64%-ы «Нұрлы жер» бағдарламасымен, яғни баспанасы жоқ азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы аясында берілді», – деді Мейіржан Отыншиев. Айтуынша, соның ішінде жұмыс істейтін жастарға жалға беруге 1050 пәтер берілді. Ағымдағы жылы да бұл үрдіс жалғасын табады.

Республикалық «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 121 көпбалалы отбасы, 96 толық емес отбасы және 29 мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасын қамтыған 246 қарыз берілді.

Сондай-ақ, өткен жылы 284 көпбалалы отбасы қалалық «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификатына ие болып, баспанаға қол жеткізді.

Бүгінде көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және бизнес-процестерді оңтайландыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты болдырмау және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй кезегінде тұрғандарды есепке алудың Республикалық бірыңғай ұлттық жүйесі құрылды.

Осы жүйеге сәйкес, кезек толығымен электрондық үкімет (e-gov) порталына ауыстырылды. ЭЦҚ-сы бар адамдар кезегін күн сайын қарап, кезек қозғалысының динамикасын көріп отыра алады.

Бұған қоса тұрғын үйді бөлу жөніндегі тұрақты комиссия жұмыс істейді. Оның құрамына азаматтық қоғам, Қоғамдық кеңес, БАҚ өкілдері кіреді.

Брифингті қорытындылаған Мейіржан Отыншиев бүгінде тұрғын үй алуға кезекке тұрған мезеттен бастап пәтер берілгенге дейінгі мерзімнің ақпараттандырылуы толығымен аяқталғанын хабарлады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Бақытжан Сағынтаев – Біз өзімізге жылдың соңына дейін Алматының барлық көшелерін жарықпен қамтамасыз етеміз деген биік мақсат қойдық »»
19 ақпан 2020 - 16:47
Бүгін мегаполис тұрғындарымен өткен есептік кездесуде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев көшелерді жарықтандыру жұмыстары туралы мәлімдеді.   “Өткен жылы көшелерді жаңғыртуға бөлінген қаражат есебінен 300-ден астам магистральді көшелерді жарықтандырдық. Жарықтандыру мәселелері Алатау, Наурызбай, Жетісу аудандарында көтерілді. Біз жарық жүйесі жоқ барлық көшелердің тізімін қайта қарадық. Сондай мың көше анықталды. Жаңа жылдың басына қарай олардың саны екі мыңға жетті. Аудит және түгендеу...
Б. Сағынтаев – Біз спорттағы жаңа жұлдыздардың бағын ашамыз »»
19 ақпан 2020 - 16:48
Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тұрғындармен өткен есептік кездесуінде жарысқа қатысатын балаларға қолдау көрсету шараларын кеңейту керектігін айтты. “Біз бюджет арқылы қолдау мәселелерін қарастырудамыз. Бұл бағытта тағы қосымша бағдармаларды әзірлеу керек. Егер балалар жақсы жетістіктерге жетіп жатса, біз оларды қолдауымыз керек. Сол арқылы біз Бекзат Саттарханов, Серік Сәпиев, Жақсылық Үшкемпіров сынды жаңа спорт жұлдыздарын, чемпиондарды тәрбиелейміз. Сонымен қатар, біз пәндік олимпиада...
Кәсіпкерлер аз қамтылған алматылықтардың газға қосылуына көмектеседі »»
19 ақпан 2020 - 16:54
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тұрғындармен болған есептік кездесуінде бизнес-қауымдастықтың өкілі Сергей Спицын Медеу ауданындағы 50 отбасына газ қосып беруді қаржыландыруға дайын екендігін айтып, бастама көтерді.   "Мен Алматы кәсіпкерлер қауымдастығының атын келдім. Қаланың кез-келген тұрғыны сияқты біздің экология мені де қатты алаңдатады. Жылыту маусымы басталған кезде менің балаларым ауырады. Сондықтан мен Медеу ауданындағы 50 отбасына өз есебімнен газ қосып беруге дайынмын", &ndas...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56