^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 21 қыркүйек 2020
 
     
 
Жаңалықтар
ПИК-тің орнына МИБ
12 ақпан 2020

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) және қарапайым серіктестік (ҚС) сияқты тұрғын үй шаруашылығын жүргізудің жаңа формасының жұмысын түсіндірді.

 

Еске салсақ, 2020 жылдың 7 қаңтарында «ҚР-дың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерінің кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді. Соған сәйкес көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа форматы пайда болды. Басқа сөзбен айтқанда, үйреншікті ПИК-тердің орнына мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) және қарапайым серіктестік (ҚС) жұмыс істейтін болады.

«Кондоминиум нысанын басқару органдарының қызметін реттеу мақсатында «бір үй – бір бірлестік – бір шот» қағидаты бойынша мүлік иелерінің бірлестігі коммерциялық емес ұйымының жаңа формасы құрылды. Ол әрбір үйді басқаруда жеке әдіс қолдануды көздейді. Сондай-ақ тұрғындарға ақша түсімін және олардың жұмсалуын мониторингілеу мүмкіндігімен өз үйін ұстауға қаражат жинауға мүмкіндік береді», – деді Мейіржан Отыншиев.

Егер бұрын ПИК, КТ, ПИТК, ЖШС және т.б. басқару органдары бірнеше үйлерді басқарып, барлық үйге бір шот ұстаса, енді бұл ұйымдар үй Кеңесімен алмасады. Үш меншік иесінен тұратын кеңес әр ай сайын тұрғындар алдында есеп беретін болады.

Мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) — заңды тұлға. Оны басқаратын төраға

меншік иелері қатарынан бір жылға сайланады. Бұл ретте, штатта аула сыпырушылар, электриктер, сантехниктер сияқты қызметкерлер болмайды. Бұлардың қызметін шарт бойынша сервистік қызмет көрсететін ұйымдар орындайды.

Қарапайым серіктестік (ПТ) – заңды тұлға болмай-ақ барлық меншік иелерімен тікелей бірлесіп басқару, яғни меншік иелері жарналарды ақшалай немесе еңбек салымы арқылы енгізеді.

«Бұл ретте меншік иелері өз құрамынан барлық меншік иелері берген қарапайым жазбаша сенімхат негізінде сенімді тұлғаны анықтай алады», – деп толықтырды тұрғын үй саясаты Басқармасы басшысының орынбасары.

Жаңа басқару нысанына өте отырып меншік иелері өзіне тиесілі пәтер ауыртпалығын көтереді, тұрғын емес үй-жайдың, сондай-ақ кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне жауапкершілікті өз мойнына алады. Осыған байланысты МИБ төрағасы қарапайым серіктестіктің сенім білдірген адамы екінші деңгейдегі банктерде ағымдағы және жинақ шоттарын ашады.

Осылайша Алматыда 900 ПИК-тің орнына 8,4 мыңнан астам басқару органдары пайда болады. Сонымен қатар, меншік иелері бір жылдың ішінде үй Кеңесін сайлау және кондоминиум нысанын басқару формасын таңдау үшін жиналыс өткізуі тиіс.

Қолданыстағы ПИК, КТ, ПИТК 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы. Сонымен қатар бір мезгілде басқарушы немесе сервистік компанияларға тарату немесе қайта ұйымдастыру рәсімін жүргізе алады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады »»
09 қыркүйек 2020 - 17:02
Президентке Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайы және коронавирус індетінің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.   Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ә...
Алматы қаласының Мәдениет нысандары карантин шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде »»
08 қыркүйек 2020 - 15:59
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, карантиннің жеңілдетілуіне байланысты 1 қыркүйектен бастап қалада мұражайлар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады.   «Алматы қ. музейлер бірлестігі» КМҚК (Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар Мұражайы, Д. А. Қонаев  Мұражайы, Н. Тілендиев атындағы Мемориалдық мұражай, С. Мұқанов және  Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі ...
Иесіз электр желілерін қала балансына бергеннен кейін коммуналдық қызметтер сапалы болады: Алматыда жеке шоттарды ашу алгоритмі туралы айтылды »»
07 қыркүйек 2020 - 18:59
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында, Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Сағындықов, иесіз желілерді қала балансына беру кезінде дербес шоттарды ашу алгоритмі туралы айтып берді.   Алматы қаласының әкімшілігі қала тұрғындарының өміріне қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде сапалы коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін ауқымды жұмыс ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz