^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 20 ақпан 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің білім беру тәжірибесін қала мектептеріне тарату қажет - Е. Бабақұмаров
14 ақпан 2020

Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаровтың төрағалығымен Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.

 

Оған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы К. Шәмшидинова мен Қамқоршылық кеңес мүшелері: Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Л. Жылқыбаева, Алматы қаласы мәслихатының депутаты А. Нәбиев, Алматы қаласы «Физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының директоры Ж. Сүлейменова, AlmaU университетінің негізін қалаушы және президенті А. Қожахметов, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының директоры Р. Кенжеханұлы және т. б. қатысты.

Отырыс барысында мектептің 2019 жыл бойынша даму қорытындысы шығарылды, сондай-ақ білім беру қызметтерінің сапасын одан әрі арттыру, материалдық-техникалық базаны жаңғырту жөніндегі жоспарлар қаралды. Бүгінгі таңда НЗМ Алматы филиалының оқушылары республикалық және халықаралық олимпиадаларға белсенді қатысады: 600-ге жуық оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, 358-і ғылыми жарыстар мен конкурстарда жеңіске жетті.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім беру тәжірибесін қалалық мектептерге тарату және барлық оқушылар үшін НЗМ технологияларының қолжетімділігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды. 23 жетекші мектеп НЗМ жүйесі бойынша сабақ беруге көшті. Алматы әкімдігінің бастамасымен 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап пилоттық жоба аясында НЗМ стандарттары қаланың 8 шалғайдағы мектептерінде енгізілуде.№7, №195, №186, №193, №184 мектептерде семинарлар, мастер-кластар, ашық сабақтар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, дарынды оқушыларды қолдаудың жаңа шараларын енгізу, сондай-ақ білім беру қызметіне, әсіресе физика-математикалық, инженерлік бағыттар бойынша және химия, робототехника, бағдарламалау саласында жаңа IT шешімдерін енгізу перспективалары талқыланды. Бұл шаралар оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және еңбек нарығының өзгермелі талаптарына дайындауға мүмкіндік береді.

Талқылау қорытындысы бойынша әкімнің орынбасары, Алматы қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қамқоршылық кеңесінің төрағасы Е. Бабақұмаров ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаев атындағы мектептерде ұлттық білім беру сапасын арттыру үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Қала әкімдігі өз кезегінде білім беру инфрақұрылымының сапасын одан әрі жақсарту бойынша қажетті қолдау шараларын көрсетеді.

Сонымен қатар, Қамқоршылық кеңес мүшелері мектептің кабинеттік қоры мен ғылыми базасының жұмысын тексеріп, зертханалар, физика, химия, робототехника кабинеттері, оқу телестудиясы, оранжерея, кітапханаларды көріп шықты.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Бақытжан Сағынтаев – Біз өзімізге жылдың соңына дейін Алматының барлық көшелерін жарықпен қамтамасыз етеміз деген биік мақсат қойдық »»
19 ақпан 2020 - 16:47
Бүгін мегаполис тұрғындарымен өткен есептік кездесуде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев көшелерді жарықтандыру жұмыстары туралы мәлімдеді.   “Өткен жылы көшелерді жаңғыртуға бөлінген қаражат есебінен 300-ден астам магистральді көшелерді жарықтандырдық. Жарықтандыру мәселелері Алатау, Наурызбай, Жетісу аудандарында көтерілді. Біз жарық жүйесі жоқ барлық көшелердің тізімін қайта қарадық. Сондай мың көше анықталды. Жаңа жылдың басына қарай олардың саны екі мыңға жетті. Аудит және түгендеу...
Б. Сағынтаев – Біз спорттағы жаңа жұлдыздардың бағын ашамыз »»
19 ақпан 2020 - 16:48
Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тұрғындармен өткен есептік кездесуінде жарысқа қатысатын балаларға қолдау көрсету шараларын кеңейту керектігін айтты. “Біз бюджет арқылы қолдау мәселелерін қарастырудамыз. Бұл бағытта тағы қосымша бағдармаларды әзірлеу керек. Егер балалар жақсы жетістіктерге жетіп жатса, біз оларды қолдауымыз керек. Сол арқылы біз Бекзат Саттарханов, Серік Сәпиев, Жақсылық Үшкемпіров сынды жаңа спорт жұлдыздарын, чемпиондарды тәрбиелейміз. Сонымен қатар, біз пәндік олимпиада...
Кәсіпкерлер аз қамтылған алматылықтардың газға қосылуына көмектеседі »»
19 ақпан 2020 - 16:54
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тұрғындармен болған есептік кездесуінде бизнес-қауымдастықтың өкілі Сергей Спицын Медеу ауданындағы 50 отбасына газ қосып беруді қаржыландыруға дайын екендігін айтып, бастама көтерді.   "Мен Алматы кәсіпкерлер қауымдастығының атын келдім. Қаланың кез-келген тұрғыны сияқты біздің экология мені де қатты алаңдатады. Жылыту маусымы басталған кезде менің балаларым ауырады. Сондықтан мен Медеу ауданындағы 50 отбасына өз есебімнен газ қосып беруге дайынмын", &ndas...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56