^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 2 маусым 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев: әрбір алматылықтың мүддесі үшін қауіпсіздік шаралары қабылданды
19 ақпан 2020

Есептік кездесу барысында тұрғындардың сұрақтарына жауап берген қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғадан кейін қалада қабылданған алдын алу шаралары туралы да мәлімдеді.

 

"Қордайда болған барлық нәрсе белгілі, бұл туралы айтылды. Ашық түрде талқыланып, көрсетілді. Үкімет жұмыс істеді", – деді әкім. Сондай-ақ бұл мәселе ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінде қаралғанын да атап өтті. Құқықтық бағаны құқық қорғау және сот органдары береді.

 

"Біздің қалаға қатысты айтар болсақ, орын алған оқиғалар туралы ақпарат келгенде, барлық қызметтер жұмылдырылды. Яғни, құқық қорғау органдары мен әкімдік қызметтері", - деді Б. Сағынтаев.

 

Құқыққорғау органдарының мәліметінше, әлеуметтік желілерде деструктивті сипаттағы үндеулер болған. Алматыдағы базары иелері мен директорларына қызметін уақытша тоқтата тұру ұсыныс айтылды.

 

"Базарлардың не үшін қоршалғаны туралы сұрақтар болды. Біз әлдебіреулерге қатысты құқық бұзушылық фактісінің орын алуына жол бермеуге тырыстық. Сондықтан қауіпсіздік шаралары күшейтілді, базарлардың аумағы күзетке алынды", - деді әкім.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Б. Сағынтаев алматылықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады »»
01 маусым 2020 - 15:58
Алматы әкімі өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу мен олардың мүдделерін қорғау қоғам мен мемлекеттің басты міндеттері екенін атап өтті.   Бақытжан Сағынтаев Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің аккаунтында Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауын жариялады. «Бала – отбасының бақыты, оның мызғымас тірегі. Бүгінде тәрбие мен отбасылық құндылықтарды нығайту қоғам мен мемлекеттің басты басымдығы болып табылады. Әр баланың дені сау, бақыт құшағында өсуі үшін бәрін жасаймыз», - деп жа...
Алматының теміржол вокзалдары жұмыстарын бастайды »»
01 маусым 2020 - 13:37
2020 жылдың 1 маусымынан бастап карантин шараларының бәсеңдеуіне байланысты қалааралық жол қатынастары жанданады, соның ішінде поездар жүре бастайды. Билеттерді сату 15 мамырдан қолға алынған болатын. Сондықтан Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдары жұмыстарын бастайды.   Айта кетерлігі, коронавирус пандемиясы жағдайында «Алматыэлектротранс» ЖШС санитарлық қауіпсіздіктің барлық шараларын қатаң сақтайды. - Коронавирус пандемиясы барысында теміржол вокзалдары қалай жұмыс істейтін болад...
Алматының қоғамдық көлігі 1 маусымнан бастап өзінің ежелгі режиміне көшеді »»
01 маусым 2020 - 11:00
1 маусымнан бастап қоғамдық көлік, оның ішінде метрополитен сағат 6.00-дан түнгі сағат 23.00-ге дейін жұмыс істейді. Сонымен қатар, қала маңына қатынайтын барлық бағыттар іске қосылады. Айта ктерлігі, қалада карантин одан әрі жалғасады, сондықтан қоғамдық көлікке мінетін жолаушылар маскалық  режим мен санитарлық нормаларды қатаң сақтаулары тиіс....
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz