^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 31 наурыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Кәсіпкерлер аз қамтылған алматылықтардың газға қосылуына көмектеседі
19 ақпан 2020

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тұрғындармен болған есептік кездесуінде бизнес-қауымдастықтың өкілі Сергей Спицын Медеу ауданындағы 50 отбасына газ қосып беруді қаржыландыруға дайын екендігін айтып, бастама көтерді.

 

"Мен Алматы кәсіпкерлер қауымдастығының атын келдім. Қаланың кез-келген тұрғыны сияқты біздің экология мені де қатты алаңдатады. Жылыту маусымы басталған кезде менің балаларым ауырады. Сондықтан мен Медеу ауданындағы 50 отбасына өз есебімнен газ қосып беруге дайынмын", – деді ол.

 

Сонымен қатар, ол басқа кәсіпкерлер мен қалалық ұйымдарды оның бастамасын қолдауға және бұрын газға қосылмаған үйлерді газдандыруға көмектесуге шақырды.

 

"Мен кәсіпкер достарымды және қаладағы барлық компанияларды менің осы челленджімді қолдаса екен деп ойлаймын. Әсіресе, Думан ықшамауданындағы отбасылардың 300 мың теңгеге газға қосылуға шамалары жетпейді. Біздер, кәсіпкерлер үшін бұл түк емес. Ал олардың бүкіл отбасының табысы 300 мың теңге. Бұл отбасылар осы ақшаны бірнеше жыл қайтаратын болады. Егер барлық кәсіпкерлер қолдау көрсетсе, біз қаламызды тезірек тазалаймыз", – деп толықтырды сөзін ол.

Айта кету керек, Алматыда 2019 жылдың екінші жартыжылдығында 3 мыңнан астам жеке үй газға қосылды. Ағымдағы жылы аз қамтылған 210 отбасына тегін газ жүргізіледі. Бүгінге 150-ге жуық отбасы қосылды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Ақпараттық хабарлама
31 наурыз 2020 - 17:14
Карантин кезінде уақытша жабылуға жатпайтын Алматы қаласының ұйымдары мен кәсіпорындары үшін рұқсат етілген салалар мен қызмет түрлерінің тізіміне толықтырулар енгізілді. 2020 жылдың 31 наурызы мен 6 сәуір аралығында карантин кезеңінде жұмыс істейтін қызметкерлер үшін анықтама үлгілері анықталды.   Алматыда карантин шараларын күшейту туралы...
Қаладағы нысандарды өңдеу үшін дезинфекциялық құралдарды қолдану бойынша ақпарат  »»
31 наурыз 2020 - 14:14
Қоқыс салатын жәшіктер, орындықтар, қоғамдық көлік аялдамаларын, жерасты және жерүсті өткелдерін дезинфекциялау үшін күн сайын 60-тан астам жұмысшы жұмылдырылуда. Төтенше жағдай кезінде 600 текше метр (600 000 литр) ерітінді (300 таблеткадан 200 құты) қолданылды.   Қоқыс шығаратын ұйымдар контейнерлік алаңдар мен контейнерлерді дезинфекциялауға 43 000 литр дезинфекция ерітіндісін пайдаланды. Ол үшін 85 адам жұмылдырылды. Автобустарды дезинфекциялауға 130 литрден астам ерітінді пайдаланылып, 100-ге ж...
Алматыда карантин кезеңінде қызметіне рұқсат етілген кәсіпорындар үшін ақпараттық хабарлама »»
31 наурыз 2020 - 13:36
2020 жылдың 30 наурызы мен 5 сәуірі аралығында Алматыда барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылады.   Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті компаниялар ғана жұмысын жалғастырады. Ары-қарай оқу үшін және қандай салалар өз жұмысын жалғастыратыны туралы мына сілтемелерден қарау керек. Егер сіздің компанияңыз рұқсат етілген салаларға кірсе, онда сізге мына төменде берілген үлгілерді толтыру қажет: №1 үлгі (кәсіпорындар бойынша): https://forms.gle/PfjLFPK4DgyBnQt27 №2 үл...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56