^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 13 шілде 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев – Біз спорттағы жаңа жұлдыздардың бағын ашамыз
19 ақпан 2020

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тұрғындармен өткен есептік кездесуінде жарысқа қатысатын балаларға қолдау көрсету шараларын кеңейту керектігін айтты.

“Біз бюджет арқылы қолдау мәселелерін қарастырудамыз. Бұл бағытта тағы қосымша бағдармаларды әзірлеу керек. Егер балалар жақсы жетістіктерге жетіп жатса, біз оларды қолдауымыз керек. Сол арқылы біз Бекзат Саттарханов, Серік Сәпиев, Жақсылық Үшкемпіров сынды жаңа спорт жұлдыздарын, чемпиондарды тәрбиелейміз. Сонымен қатар, біз пәндік олимпиадаларға қатысып жүрген оқушыларды да қолдауымыз керек”, – деді қала әкімі.

Алматыда 15 мыңнан астам кәсіби спортшылар және спортпен тұрақты шұғылданатын 570 мыңдай белсенді бар. Халықтың дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануын қамтамасыз етуді кеңейту үшін кешенді шаралар қабылдануда. Осы мақсатта қалада 2218 спорт ғимараты бар. Соның ішінде 981-і білім беру ұйымдарына тиесілі немесе дене шынықтыру-спорттық мақсаттағы нысандар болып табылады. 2019 жылы барлығы 373 мыңнан астам адамды қамтыған 3 285 іс-шара өтті. Сонымен қатар, 8 спорт клубы ашылып, 14 теннис орталығының құрылысы басталды. Оны 2021 жылы іске қосу жоспарлануда.

«Алматы – 2050 стратегиясына» сәйкес қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен 6 дене шынықтыру және сауықтыру кешендері жобаланды. Спорт нысандарының қадамдық қолжетімділігін арттыру мақсатында Жетісу ауданының “Айнабұлақ” пен “Кемел” ықшамаудандарында, Түрксіб ауданындағы “Жас Қанат” ықшамауданында – 1, Наурызбай ауданындағы “Зерделі” мен “Ақбұлақ” ықшамаудандарында – 2 спорт кешендерін салу көзделуде.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Сағынтаев: COVID-19-дың науқастарын емдеу үшін қосымша және резервтік орындар құрылады »»
11 шілде 2020 - 16:00
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Halyk Arena-дағы коронавирустық инфекциясы бар науқастарды емдейтін аурухана ретінде жұмыс істеуге дайындық барысымен танысты.   Қала әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасында қаладағы инфекциялық және провизорлық ауруханаларға қосымша орындар ұйымдастыру туралы жазды. «Қаладағы жұқпалы және провизорлық стационарлар үшін қосымша ашылуға тиіс орындардың ұйымдастыру барысымен таныстым. Halyk Arena-да 1 мың орынға арналған, соның ішінде реанимациялық 60 ор...
Алматыда бүгін кеңауқымды акция бастау алды «Өзіңді сақта! Жақындарыңды сақта! Бетперде ки!» »»
10 шілде 2020 - 22:01
Оның мақсаты — азаматтардың назарын қарапайым талаптарға аударту, сол талаптарды орындау оларды қауіпті вирусты жұқтырудан сақтайды.   Бетперде киіп, карантин талаптарын сақтай отырып, алдымен біз тек өзіміз жайлы ғана емес, сонымен бірге, өзіміздің ең жақын жандарымыз, балаларымыз бен ата-аналарымыздың да қамын ойлаймыз. Дәл осы адамдар үшін ол өте қауіпті және қатерлі болуы мүмкін. Өзіңіз бен өзіңіздің отбасыңызды қорғаңыз, вирусты тоқтатуға көмектесіңіз! Бұл қазір әрқайсымызға байланысты!...
Алматы әуежайына COVID-19 қарсы дәрілік препараттардың ірі партиясы жеткізілді »»
10 шілде 2020 - 16:30
Алматы қаласының халықаралық әуежайына дәрілік препараттары бар бірінші әуе рейсі келіп қонды.   Бүгін барлығы екі рейспен Ресейден 55 тонна медикамент жеткізіледі, жүк құрамында әлеуметтік маңызды 10-нан астам препарат атауы бойынша шамамен 3 млн қаптама, соның ішінде, дене қызуын түсіретін және COVID-19-ға қарсы басқа да дәрілік құралдар бар. Тізімде — азитромицин, цефтазидим, ибупрофен, фраксипарин, метронидазол, цефтриаксон, гепарин, нимесулид, левофлоксацин, меропенем порошок, эноксапарин ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz