^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 6 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Төтенше жағдай режимін бұзғандарды жауапкершілікке тарту туралы ақпараттық хабарлама
25 наурыз 2020

Алматы қаласында төтенше жағдай және карантин жарияланған сәттен бастап төтенше жағдай режимін бұзудың 99 фактісі анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев мәлімдеді.

 

Қазіргі кезде осы факті бойынша ұсталған тұқлғалар ҚР ӘҚБК 476 бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. «Оның ішінде 55 адам қамауға алынып, 43 адамға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 1 тұлғаға ескерту берілді», - деді Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев.

Заңды тұлғаларға байланысты айтатын болсақ, 10 кәсіпкерлік нысан иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен. Мысалы, «ARAI Cash» ЖШС директоры Абубакир С. Н. және «Восход» сауда үйінің басшысы қызметке рұқсат бергені және т. б. үшін 5 тәулікке қамауға алынған. Сонымен бірге «Мечта маркет» ЖШС директоры Алимов Т. 10 тәулікке қамалыпты.

– Егер кәсіпкер карантин режимін бірінші рет бұзатын болса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал егер ол нысан тағы да әрі қарай жұмысын жалғастыра беретін болса, онда әкімшілік қамауға алынады. Сондай-ақ, ол нысанда адамдар вирус жұқтыратын болса, онда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Мұндай жағдайда 2000 АЕК айыппұл салынып немесе 10 жылға бас бостандығынан айырылады, – деді Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда тұрғын үй қорын дезинфекциялау қарқынды жүргізілуде »»
06 сәуір 2020 - 10:19
Аптасына екі рет көппәтерлі тұрғын үйлерің әр кіреберісі мен аула аумақтары залалсыздандырылады.   Айта кету керек, төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабтың шешімімен 25 наурыздан барлық жердегі тұрғын үй қорын дезинфекциялауды арнайы компаниялар жүргізе бастады. Қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасында атап өткендей, бұл жұмысқа тартылған барлық мердігерлік ұйымдардың тиісті біліктілігі бар, штаттық құрамы жеткілікті және толығымен жабдықталған. Бұл құралдар вирустың қоздырғыштарына, ж...
Қала әкімдігі жұмыссыз режимнің 13 сәуірге дейін ұзартылғанын еске салады »»
05 сәуір 2020 - 21:15
5 сәуірге дейін ұйымдардың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім кейінге шегерілді. Енді қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етпейтін барлық кәсіпорындар мен ұйымдар үшін жұмыссыз режим 13 сәуірге дейін ұзартылды.   Мұндай шешімді ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия қабылдады. Бұл режим адамдар мен жеке көліктің қала ішінде қажеттіліксіз жүріп-тұруына тыйым салуды көздейді. Азық-түлік пен дәрі-дәрмекті алуға тұрғылықты жерге жақын орналасқан дү...
Б. Сағынтаев жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысын бастауға пәрмен берді »»
04 сәуір 2020 - 17:34
Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 280 орынға жоспарланған, провизорлық госпитальдың құрылысы басталған алаңға барып, ондағы жұмыстармен танысты.   Госпиталь салу туралы шешімді коронавирус инфекциясына қарсы күрес мақсатында құрылған ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету туралы Мемлекеттік комиссия қабылдаған болатын. Тез салынатын блокты құрылыс жабдықтарымен бой көтеретін нысан 280 орынға арналған, оның ішінде 28-і интенсивті терапия бөлімшесіне тиесілі. Құры...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56